Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Уйди! - деп қолын қағып жіберді де, басы қайқайып жөніне тарта берді. Тағы да атасы есіне түсті: шамасы, сірә, терезесі тең дос табыла бермейтіні рас шығар. Бірі артық, бірі аз-кем кемдеу болса да, олардың достығы, тегі, ақсақ кісінің аяғы тақылеттес, сау аяқтан ақсақ аяқ неғұрлым қысқа болса, соғұрлым кеміс аяққа салмақ көбірек түсіп, қаттырақ аңсайтын болар - ау. Міне, бұлардың да достығы сылти бастады. Досы соны бұған тағы да аңғартып, қыңырайып тартып барады. Сен, кәне, кеміс аяқтың қызметін атқарасың ба? Соған келісесің бе?

Еламан басын шайқады. Кездемесін бұлдаған Темірке сияқты достығын бұлдаса, амал қанша, ендігі жерде жалғыз жүріп жол табар.

Еламан «ертең, күні ертең басқа үйге шығам», - деп ширығып келе жатқан-ды. Көк дүкенге деңгейлесе бергенде осылай бетпе - бет қарсы кеп қалған әйелге көзі түсті де... түсі бұзылып кетті. Тәуекелі жетпегендей, тоқтай қалды да, қайта жүрді. Өрге қарсы жүргендей, дем арасында тынысы ауырлап, ентіккендей боп, арбалған көзін әйелден айыра алмады. Әйел де әлдебір көлденең көзді сезгендей, назарын тіктей берді де, төбеге ұрғандай тоқтай қалды. Екі беті өрт шарпығандай дуылдап тұрып бұған бір сәт, бір ғана сәт жасқанбай тура қарады. Шамасы соған жетті. Еламан оны жылап жіберетіндей керіп, бір аттап ілгері ұмтылып:

− Ақбала... - деді. Деуін десе де аянышты дауыс ар жағынан әдеттегіден гөрі ышқынып шыққанын ол кейін сезді. Соған өкініп еді. Иә, сол пәле болды. Ақбала бір сәтте бетінен қаны қашып, қатыгез әкенің Құдай болмаса, адам баласы аяғанда намысына, шамына тиетін әнебір ызақор ажарын тауып, бұ да сәтте ширығып ала қойды да, тілдесуге келтірмей жөнеле берді.

Еламан бөгемек болғандай, ілесіп ұмтыла түсті де, тоқтады. Аузындағы сөзді айта алмай, шала ашылған ернін жия алмай тұр: «Қайырылмас па екен? » - деп ойлады. Ақбаланы осы қалада тұратын тұрмысы нашар, мүсәпірлеу біреуге күйеуге шығыпты деп есіткен - ді. Өңінің жүдеулігі болмаса, бұрынғысынан өзгермепті. Үстіндегі киімі де өзгермеген. Баяғы қос етек көйлек. Сол баяғы қынама бел көк масаты қамзол. Тіпті арқасына сұлап түскен қос бұрымға дейін бәрі, бәрі түк өзгермеген. Әне, көзден алыстап ұзап барады. Тек... құяқ болған адамдай, неге, неліктен қолы да, иығының басы да қозғалмай, секиіп сіресіп қалған? Неге бұлай? Әлде әйел намысы буып, жаны ышқынып бара жатпаса не қылсын? Шынында, солай болар-ау? Мына адыра қалғыр өмірдің тепкісіне ұшырап, қорлық пен зорлықты көрсе де, кісі алдында кішіреймей, тәкаппар басын шамадан тыс тік ұстап шалқақтап бара жатқаны тегін бе? Осы бара жатқанда әлдекімге оның өзі қыр көрсетіп: «Мен әлі де бұрынғы Ақбаламын», - деген ерлік емес пе? «Жоқ, ол енді қайырылмайды», -деді Еламан.

* * *

Ақбала шынында да қайырылмады. «Жақсы істедім, - деді былай шыққасын өзіне-өзі ішінен, - жақсы істедім. Біздің арамызда түк те қалған жоқ. Бәрі біткен. Өлген». Ызалы, долы жас тамағына тіреліп, тынысы тарылып барады. Қашан бір көшені айналғанша демін алмады. Сүрінді ме, қайтті, тілерсегі дірілдеп құлап қала жаздады.

Қарсы кеп қалған кісілер бұрылып қарап, қайсыбіреулер таңданып тұрады да өтіп кетеді. Жаңа, онымен кездесердің алдында көк дүкеннен сатып алған шамның мұржасы қолында келе жатқан-ды. Оны көргенде тоқ ұрғандай, тұла бойы дір етіп, қолын ықтиярдан тыс қатты сығып жібергенде шыны шөлмек сынып кеткен-ді. Оны бірақ сезген жоқ. Тас қып түйіп алған саусақтар арасынан қан сорғалап тамып келеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий