Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала үйге қалай жеткенін білмеді. Алдынан жүгіріп шыққан балалар шошып, естиярлау екеуі кейін шегініп кетті. Тек есін білмейтін күрбелдеуі жүгіріп кеп «апалап» Ақбаланың етегіне жармасты. Онсыз да кімге ұрынарын білмей, долылық буып тұрған әйел кішкентай баланы қағып жібергісі келді де, өзін ұстап қалды. «Апалап» аяғына оралып жатқан балаға еңкейіп, жерден көтеріп алды. Алуын алса да, бірақ оны қайтерін білмей, үй ортасында ақырып тұрып қалды. Сосын қараптан-қарап сүлдері құрып, қол созымдай жердегі төсекке жете алмай, тұрған жеріне отыра кетті. «Өзі кінәлі. Бәрі өзінен. Менің де, өзінің де, баламыздың... сорлы жетімектің осы күйге ұшырағаны... бәрі, бәрі сонан! Өзінен! Өзінен!..» Құдды біреу онан кінәлі кім деп, ақ - қарасын ашып беруін сұрап жатқандай. «Сен, сен кінәлісің! Сен... Се - н - н!» Әлгінде шыны тілген қолдан қан көп аққан-ды. Сол енді сонау саусақ, қара тырнақтан бастап білегі, қолы, бүкіл иығын көтертпей шымырлап ұйып, әрі - берідесін тіпті шыдатпай, солқылдатып әкетіп бара жатқанын да елең етпей, қайта - қайта бұрынғы күйеуіне шүйлігіп: «Мұзға шықпа деп қанша жалындым, - деді ішінен, - дауыл боларын білдің. Білдің! Біле тұра айтқанды тыңдамадың. Қашанғы қыңырлығыңа бастың. Мұзға шықтың. Орысты өлтірдің. Мені аясаң, дүниеге келгелі тұрған баланың келешегін ойласаң, орысты өлтірер ме едің?.. Сен!.. Сен кінәлісің. Кінәлісің. Кінәлісің».

Ақбала құп-қу. Қаны қашқан боп-боз ерін дірілдеп, өксік қысқан көкірек көтеріліп -басылып, көзінде мөлтілдеген толы жас мөлт-мөлт омырауына тамды. Ақбала жасын сүрткелі қолын көтере берген-ді. Ертеден бері үрпиіп, бұрышта тығылып тұрған естияр екі бала:

− Апа!.. Әй-әй апа, қан! Қан, - деп жүгіріп кеп, екеуі екі жақтан шырқырап қоя берді.

Ақбала қанды енді көрді.

− Ух, құрысыншы. Итшілік өмір ғой, - деп енжар қимылмен астындағы алашаның шетін қайырып, әйнек тілген алақанын топыраққа басты да, қолымен жер тіреп отырып қалды. Әлі де ештеңе сезіп отырған жоқ. Қара көлеңкелене бастаған үйде әлгі жетім балалардың бұнан көз алмай үрпиісіп тұрғанын да байқамады.

− Жа - й... Жай отырсың ба? - деді, жақындауға бата алмай, сырт жағында тұрған біреу.

Ақбала ұзын сарының үйде бар- жоғын да байқамапты. Ақбала түрегелді. Шам жақты. Мұржасыз шамның білтесін көтеріп жатып, әлдеқалай үстіне көзі түсіп еді; ақ бәтес көйлектің етегіне жұққан сәл ғана болмашы дақты көріп, бұны бұрын неғып байқамағанына қынжылды.

Ақбала үй ішінің оны - пұны шаруасын істеп, сосын күні бойы аш отырған балаларға ас даярлады. Соның бәрінде де Әнуар қалталақтап соңынан қалмай жүр. Ақбала жүрсе жүріп, тұрса о да тоқтап, көзін жерден көтермей солбырайып тұрады. Ақбала алғашқыда көңіл бөле қоймап еді; кейін ызасына тиді.

− Не керек?

− Маған... Ма - ған баа?

− Иә, саған?

− Жай... Тек... тек... Ренжітсем, ке - кешір... - «Мына сорлыға не болған. Есі дұрыс па? »

− Ақбала... кешір...

− Кешір?

− Иә, кешір...

− Нені кешіруім керек?

− Өзің білесің ғой, он шақты күннен бері ауырып, үйдің берекетін кетіріп алдым...

− Оның несі айып, кім ауырмайды...

− Жоқ, былай... Неғып дегенім ғой... Бүгін тәуірмін. Құдай қаласа ертең жұмысқа шығам.

− Ерте тұрып кеткен жоқсың ба?

− Жоқ, қазір тәуірмін. Менің айта... айтайын дегенім...

− Иә?

− Тек ренжіме...

− Айта бер!

− Мына балаларға ана бол. Ендігі жерде екі жарты... - Ақбала көзін төмен сап, үнсіз тыңдап тұрған-ды. Әнуар сөзін аяқтағанда өзінің осы халін мысқылдағандай жабырқау жүзіне күлкі білінді. Бұл үйде қазір... тап осы қазір кету керегін, өйтпеген күнде мына сүмелек сарының тілегін қабыл алмай болмайтынын білді. Онсыз да қала ішінде өсек көбейіп, кейбір қылжақтар «некесі қиылмады демесең, түнемелікке қарай төсектері қосылып кетеді екен», - деп жүр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий