Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Оның саған істеген ісіне орай енді сенің еселеп кек алатын ретің келіп - ақ тұр, - деп атасы осы арада сәл қабақ шытып, ренжіп қалғандай болды да, біраз отырып барып қайта сөйледі, - Рас, араларың суып, шалғай тартып кеттіңдер. Бірақ, балам - ау, ол Сүйеудей жақсының қызы емес пе еді?! Сүйеу сен үшін сол жалғызын көрмей, қара тастай қатайып алған жоқ па?! Қашанда балаға деген ата-ана көңілі белгілі еді ғой. Тірі бала түгіл өлген баланы ұмыта алмай, ата - ана көңілі қашанда үңірейіп тұрмаушы ма еді?! Қанша қатты болғанымен іштен шыққан баланы көрмей кету Сүйеуге де оңай боп жүр дейсің бе?

Еламан үндемеді. «Маған бұның несін айтады екен?» - деген ойда атасымен іштей ғана дауласып отыр.

− Ол балаңның анасы еді ғой, - деді Есбол бір осал жері осы болар деген оймен.

− Иә, бәсе! Анасы болса шала туған нәрестені алты айлығында...

− Жә! Біліксіздің білмегенін кешірмесең білгендігің кәне?! Ақбаланың тұрмыс - халі нашар деп есітем. Сүйеу де жібімей қойды. Біздей емес, ол заңғар көңілі қалған кісінің жүзін ақырет сапарында бір- ақ көреді ғой.

Еламан әлі де ішін алдырмай, сазарып отыр; Есбол қария оған барлай қарап өтті; бірақ сезімді көтереді екен деп, інісін қажай бермей, орайлы жерде ойындағы барды айтты да, тоқтады. Осыдан кейін ол тағы бір жетідей жатып, мауқын басқандай болды. Еламан арқылы қалай ішіне хабар салып жүріп елден келген қалашыларды білді де, жолға жиналды.

Жүрер алдында ол жазылы түйесін есіктің алдына шөгеріп қойып отырып:

− Балам, сен осы бізге хат жазған сайын Бедір деген досым бар деп жарияға жар салып жатушы едің ғой. Әлі доссыңдар ма?

− Доспыз...

− Кейде тып-тыныш отырған үйге үлектей күркіреп келетін сол ма?

− Сол!

− Е, дегендей, дегендей! - деп қария басын изеп, тағы бір кез ойлы кескінге ауысып, шөгіп қалды. Осылай отырып та кісі көңілін әріден топшылайтын қария інісінің әңгімеге құлықсыз тартып, шолақ қайырған бір-бір жауаптарынан көп жайды аңғарды. «Ой, әттеген-ай!.. Аралары суысып кеткен екен ғой»,

− деп түйді де, Еламанға жүзін бұрып, - Баяғы бала кезімде әкем марқұм: «Атты сыртына, адамды ішіне қарап білем», - деуші еді. Кісі сырын ұғу қиын ғой. Түріне қарап дос таңдау да қиын. О да бейне мінезін білмейтін шадыр атқа мінгендей, қай жерде тулап түсіріп кетеді деп, тақымыңды қысып алғандай шығар,

−деп мырс-мырс күлді. - Әмсе, кісі тілекпен дос болмайды, тең кісілерге достың өзі келеді. Ондай дос қайда?! Өз басым ешкіммен дос боп көргем жоқ, тең адам кездеспегендіктен емес. Оның бір пәлесі - дос кісілердің арасында да бірдейлік бола бермейді. Олардың да өз арасынан артық - кемі шығып, кемі кіші орында жүреді. Қиыны осы.

Еламан қолма-қол дерек қайтаратын әзір жауап емес еді; ол, әсіресе, осы жолы асықпады; әуелі қария сөзінің ар жақ - бер жағын пайымдап, ойша салмақтап көрді. Көп сөзі көкейге қонса да, аға ақылының кейінгі тұсына қарсы айтатын дауы бар. Түсін ашып айтпаса да, әлгі сөздің аңғарында жұмбақ түйіндей бір түйткіл қалды. Өз басы Мюлгаузин екеуінің арасындағы күн санап жіңішкеріп бара жатқан достықтың түпкі орайын басқаша түсінетін: ол бір тілі, діні басқа кісілердің қиын кезде іштей табысқан көңілі болатын.

Есбол қария соны байқап:

− Жә, балам, - деп қайта сөйледі, - досың болар, болмас, ал, бірақ; жолдас тапқаның жақсы. Сырт жерде жігіт жолдасымен сыйлы.

Еламан атасын құптап басын изеді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий