Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ну, - деді ол, - не айтайын деп едің?

− Бір... болмашы нәрсе...

− Ол не?

− Ауылдан атам келіп... Қарт кісі ғой... Қасында бір-екі күн болайын деп едім...

− Жақсы сылтау табылған екен.

− Жұмыстан қашып тұрғам жоқ...

− У тебя слишком много родных. Маша, асың дайын ба?

Еламан атасы кеткесін басқа үйге ауысқысы келді. Келесі күні ол атасы жалғызсырап отырған шығар деген оймен жұмыстан ертерек қайтып еді; атасы жатқан бөлменің есігі ашық тұр екен. Іштен әйел даусы шықты. Еламан кемпір ме деп қорқып еді, жартылай ашық тұрған есікке жақындап барын сығалап қараса, Маша ас салған тарелканы Есбол қарияның алдына қойып: «Ата, ішіңіз! Ата, ішініз!» - деп қайта-қайта қиылып жатыр екен. Еламан күліп жіберді. Маша осы екі ауыз қазақшаны кеше ғана бұнан үйреніп алған-ды. Үйдегі бар төсенішті қарияның астына төсеп, жазалы түйеге мінгізгендей қоқырайтып отырғызып қойыпты.

Еламан кемпір көрсе тас- талқан боларын білді. Онсыз да елден Еламанның атасы келіп, түйесін қораға байлап, үстіндегі күпісі, тымағымен төрге шығып, жерге төсек салғызып жатып алғаннан бері діндар кемпір қызы мен баласына бұлан - талан ашуланып, шіркеуге кетіп қалған еді.

− Ата, төсегің қатты болды ма?

− Жоқ, жайлы - ақ еді. Әлгі қыз бала қоярда - қоймай, үйіндегі бар төсенішті астыма үйе берді. Енді міне, не қисая, не жантая алмай, жазылы түйеге мінгендей қоқырайып отырғаным.

Есбол қария күлкісін басқасын, қасына орындық әкеп отырған Еламанға бұрылды:

− Тілін түсінбесем де осында келгелі әлгі қыз баланың жанын ұққандай болдым. Сен өзіне «рахмет, қызым» деген сөздің алғыс екенін айтып, ұғындырып қойшы.

* * *

− Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма?

− Әй, балам - ай, әзір жер басып жүр демесең, ол байғұста не жағдай болсын?..

− Балалы болды деп есіттім ғой?

− Иә, құр қол емес, күл шашары бар.

− Дос екеуінің арасы қалай? Әлі қырбай ма?

− Қырбайың не? Айрандай ұйып отырған ауыл емес пе еді?! Тәңірберген іріткі салып, оларды да... Қазір бірінің есігін бірі ашпайды.

Еламан осыдан артық ел жайын сұрамады. Қанша ұстамды болса да, Тәңірбергеннің аты аталса ішінен тынып қалатын боп жүр. Есбол оны байқады ма, жоқ па, біраз көзін төмен салып мүлгіп отырды да:

− Балам, бері келші, - деп, Еламанды қасына таман жақындатып алды. Еламан қарт атаның осы жолы оқшауырақ шаруа жөнінде сөйлесетін жағдайын байқады, - «Ата - балаға сыншы» деуші еді. Баяғы жасырақ кезіңде басқа балаларға қарағанда сен қарашыл едің -ау. Соған қарап, өсе келе кісіге қайырымың мол бола ма деуші едім. Қаратаздың жылқысын бақтың ғой. Жылқы мінезін білетін шығарсың?

Еламан мұның арты қайда соғарын білмесе де, атасының арыдан қозғаған түрін байқап, бойын жиып отыр.

− Кең далаға кішкентай үйірін сыйғызбай, тырқыратып қуалап болатын сәурік айғыр бар да, қыдыр дарыған байдың кереге жал құтпан айғыры бар-ау. Мен де сені келешекте сол құтпан айғырдай үйіріне тыныш, ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз жан бола ма деуші едім. Сен өзің солдат болам деп бойыңдағы қасиетіңді со жақта қалдырып қайтқаннан саумысың осы? - деп Есбол қария мырс - мырс күлген бойы басын шалқая көтеріп алды да, інісіне нұры тайған кішілеу көзін сығырайтып қарады. Еламан мына езілдің ар жағында жасы үлкен қарттың әлде назы, әлде өкпесі жатқанын сезіп, анық салмағын шамалай алмаса да, әлден ыңғайсызданып қозғалақтай бастады. Бірақ сырын сақтап тұтас отыр. Есбол қария оны енді жалтартпай, қақ адал шынын айтқызғысы келді ме, қайтті, әлгі бір әзілден лезде тыйылып, өзінің дағдылы салмақты ажарына ауысты.

− Балам, сен осы Ақбаланың қайда жүргенін білесің бе? - деді қария.

Еламан мұны күтпеген екен. Ду ете қалды да, сабасына тез түсті.

− Оны... қайтем? Маған қажеті қанша?

− Иә, саған қажеті де болмас. Тіпті, әлгі сәурік айғыршыласаң Ақбаланы сауырлап талайтын жөнің бар.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий