Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала дір етті; көзін жаңағы нан сатушы кемпірден айырмады. «Осы кемпірдің он теңгесі емес пе екен?» Құдай оңдаған да, кемпір көпшіліктің арасына кіріп, өзі көзден, даусы құлақтан үзіліп көрінбей кетті. Ақбала он теңгені алайын деп екі рет оқталды. Екеуінде де табанын шоқ басқандай күйдіріп бара жатқан әлгі он теңгеге қолын созып апара береді де, тартып алды. Сосын ол: «Қорқатын түгі жоқ, - деді өзін қайрап.- Қолынан түсіп кеткен ақшасын кім алмайды». Мен де еңкейіп...

Арт жақтан келген біреу оның ақшаға созған қолынан ұстай алды. Ақбала селк етіп, шыңғырып жібере жаздады.

− Екіқабат емес пе едің? - деді арбаның доңғалағындай домаланған семіз татар.

− Жо... жооо...

− Онда оқасы жоқ. Әйтпесе, бала тастайтын едің. - Ақбала түсінбеді. Тек оның астарлап сөйлегенінен қорқып, Тәңіріге қайта жалбарынып: «Өзің қолда! Қолдай көр!» - деді ішінен. Татар кете қоймады. Үй ішін Орынборда қалдырып, қара басы бұнда сыбай-салтаң тұрғандықтан әйел затына, әсіресе, бетінің ажары бар жас әйелге көзі түссе құдды қызыл көрген күшігендей шұрқырап түсе қалатын-ды.

− Әнуар әфенде қайда?

− Үйде.

− Базарға бір өзің келдің бе? - Ақбала басын изеді.

− Көрдің бе, халық қандай көп?! Бұлардың көбі сенделіп босқа жүреді. Зато, бұл базар!.. Базарға ақшалы да киле, ақшасыз да килә. Өзі ештеңе алмаса да, өзгелердің алғанын көруге килә көбі. Қай заттың қарны қанша екенін білуге, кімнің қалай саудаласқанын көруге келетін бездельниктер де бар. Бұл базарда... - деп, қолымен қалтасын баса қалды. Ақбаланың жаны зәр түбіне кетті. Саудагер татар келесі сөзінде: «Бұ базарға біреу -міреуден түсіп қалған нәрсені қағып әкету үшін жүргендер де бар», - деп айтатындай, қуысты келіншек қысыла бастады. Оның аузынан осы сөз шықса болды, табанымен басып тұрған он теңгені тастай сап үйге зытқысы кеп тұрған-ды. Саудагер татар сөзін тыңдап тұрған біреу бардай, жан - жағына сақтана қарап алды да, Ақбалаға еңкейіп:

− Базарда қалтаман жуликтер де бар. Аларқы қой... қой!..- деп, қолын сілкілеп жөнеле берді.

Ақбала демін бір алды. Сол күні өзінің есі шығып, сонша қорыққанына кейін оның өзі де күлген еді.

* * *

Ақбала шошып оянды. Біреу сыртта есікті дүрсілдетіп қағып тұр екен. Жалғыз терезеге киім тұтқан үй тастай қараңғы. Ұйқылы көзі ештеңе көрмесе де, қасында жатқан үш баланың арғы жағында жатқан еркек есіне түсті:

− Әнуар... тұр! Тұр!

− А - а?

− Тұр, біреу есікті қағып тұр.

− Кім?

− Білмеймін.

− Әй, кімсің?

Есікті қайта қақты; бұл жолы және жаман есікті сындырып жіберетіндей, үсті-үстіне дүрсілдете бастады.

− Аш!.. Аш!..

Ақбала тез тұрып шам жақты. Әнуар қалталақтап есікке барды. Өлі де болса, ол «ашайын ба, жоқ па?» деген үрейлі сұрақпен Ақбалаға қарады.

− Аш! - деді Ақбала.

− Ұры емес пе?

− Құдай шебер - ай, ұры сенің неңді алады?

Әнуар есікті жарым - жартылап аша түсті де, дереу жаба қойды.

− Ойбай, құрыдық... Ұ - ры...

Ақбала ұзын сарыны иығының басымен итеріп жіберді де, жаңағы есік саңылауынан сырттағы кісіні шала - пұла көргенде шам ұстаған қолы қалтырап кеткен-ді. «Құдай-ау, өңім бе?» Өңің дегендей, бейтаныс кісі есікті қайта қақты. Ақбала қатты ұйқыдан оянғандай, жуық арада өзіне келе алмай, қасында қаралай қалтырап дір-дір етіп тұрған ұзын сарыны әлі де болса ары ысырып итеріп жіберді де, жалма-жан есікті ашып, сыртта тұрған кісіні ішке кіргізіп алды. Осы кезде сыртта айқай - сүрең ұлғайып, бірнеше кісі үй іргесін дүсірлетіп жүгіріп өтті. Ақбала бар жайды енді ұққандай. Жүгіріп барып сәулесі сығыраңдаған соқыр шамды сөндіріп, есікті ішінен бекітіп алды. Еламан шалқалап, артына қарай шегіне бере есіктің жақтауына арқасын сүйеп тұрып қалды. Ал Ақбала өз қолымен ішке кіргізіп алған кісіге назар аударып қараған да жоқ.

* * *

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий