Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Ал, батыр... сөйле! - деді қарт жұмысшы; басы - қасында болмаса да, түндегі оқиға жайынан бұ да хабардар сияқты.

− Мұнда не боп жатыр? - деді Еламан. Қарт жұмысшы оған таңдана қарады.

− Сен немене, ештеңе білмейсің бе?

− Жоқ. Не боп жатыр?

− Оңған ештеңе жоқ...

− Қалай?..

− Түнде бір кісі қолға түсіп, түрмеде қамауда жатыр. Еламан сенерін де, сенбесін де білмей, тіксініп қалды.

− Жоқ, мүмкін емес...

− Бәрі мүмкін. Сендерден бәрін күтуге болады...

− Не дейді?!. Шын айтасыз ба?

− Сенбесең, қалалық түрмеге бар.

− Бұл қалай? Қалайша...

Қарт жұмысшы енді көзі ежірейіп, Еламанға кінәлай қарады:

− Ақылдасқан артық болмайтын еді ғой. Маған неге айтпадың?

Еламан шынын айтса, Мюлгаузинді ұстап берерін білді де, үндемеді. «Тентек шалыңа сездірме», - деп, бұған қатты тыйым салған соның өзі еді.

− Жігітім, саған ренжіп қалдым. Түнде табансыздық істепсің...

− Қалай?

− Оны менен гөрі өзің жақсы білесің.

− Сіз осы не деп тұрсыз?

− Мен есіткенімді ғана айтып тұрмын. Мюлгаузин сені «Бізді тастап қашып кетті. Соған қарайлаймыз деп жүргенде бір кісіміз қолға түсті», - деп жүр.

Еламан жын ұрғандай, түсі қатты бұзылып Мюлгаузинге жетіп барды.

− Петька!..

− Ну, ты сволочь! Трус! - деді Мюлгаузин.

− Әуелі анықтап біліп ал.

− Знать не хочу. Уходи! Ну, кому говорят! - деді Мюлгаузин ақырып. Еламан қозғалмады.

− Жанжалдың керегі жоқ. Қарағым, кетейік... Кетейікші, - деп Әнуар оны жеңінен тартқылай бастады.

− Тоқтай тұр.

− Тоқтайтын түгі жоқ. Мынаның түрі жаман екен. - Еламан сүмелек сарыны итеріп жіберді.

− Сен енді кете бер, - деді де, Мюлгаузинге бұрылды. - Петька, сен... сен осы не деп тұрсың?

Жұмысшылар бір жанжалдың боларын біліп, жүгіріп кеп екеуінің арасына тұра қалды.

− Бұларың ұят! - деді Ознобин.

Еламан жұмыстан өзіне ыза боп қайтты. Бір ісіне ырза емес. Бәрінен бұрын бар дүние қолында тұрғандай ұзын сарыны соншалық бір сеніммен депоға ертіп апарған аңғалдығына ызаланды. Сүмелек сарының бара сала бәрін Ақбалаға айтатынын білді.

Кемпір көзіне түспеді. Маша ас үйде буы бұрқырап қайнап жатқан кәстрөлдің жанына орындық қойып әлдебір кітаптан бас көтермей, қызығына түсіп жатыр екен. Бұның келгенін байқамады. Бұған ілесе үйге Мюлгаузин де келді.

− Маша, қайдасың, - деді айқайлап, - тамағың дайын ба? Маша кітапты қайда тығарын білмей, алдына байлаған алжапқыштың етегімен көлегейлей қойды.

− Ac әзір... Жо - қ, кішкене күте тұр.

− Қанша?

− Жарты сағаттай...

− Жарты сағат? Күні бойы не істедің? Анау не, кітап па? Селиванов сені де бұза бастаған екен.

Мюлгаузин ай - шайға қарамай, қыздың қолынан кітапты жұлып алды. Ошақ астындағы отқа атпақ болғанда Маша: «Бұл кітапхананікі», - деп, шырылдап ағасының қолына жабысып еді, Мюлгаузин қарындасын итеріп жіберді.

− Ә, солай ма? «Селиванов кітапханасы» ма? Халықты қаруландырудың орнына кітаппен басын қатырмақ. Жаппай саяси сауатын ашпақ. Ну, я ему покажу...

Мюлгаузин тағы да лапылдап жанып жатқан отқа кітапты лақтырмақ болғанда, бұл жолы Еламан жолын кеселеп тұра қап еді.

− Былай тұр! Ну-у!..- деді Мюлгаузин.

− Петька...

− Калбит-т...

Еламан түсінген жоқ. Бірақ Мюлгаузиннің сондай жиіркенішпен тыжырынып айтқан түрінен мынау кісінің намысына тиетін ауыр сөз екенін білді. Былайғы кезде бұл Мюлгаузиннен қайбартып, бетіне тік келе бермейтін. Қазір де осы пәленің қатты бұзылған түрін көріп, жынына тигісі келмей, жалт беріп кейін шегіне беріп еді, Мюлгаузин шап беріп жағасынан ұстады да, қақ тұмсыққа қойып жіберді. Бір ұрғаннан Еламанның мұрны қанады.

− Ағажан, төбелеспе. Өтінем... Өтінем... - деді Маша шырылдап.

Бұлардың үстіне кемпір кірді. Шыр - шыр етіп жүрген қызын қолынан ұстады да, ай-шайға келтірмей өз бөлмесіне апарып есікті ішінен бекітіп алды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий