Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұл кезде Мюлгаузин мен Еламан шиедей боп жатты. Екеуі де үнсіз. Екеуі де бірін-бірі аямады. Мюлгаузин онан күшінің басым екенін білгесін, тіпті, айылын жимай, үй ортасында талтайып тұрып алды. Бұлшық ет ойнаған қып - қысқа қолын мысықша шапшаң, шалт сілтеп, қайымы келгенде ғана ұрады. Қолының басына қорғасын құйып алғандай. Көзіне қан толып, өлгенін білмей, қайта - қайта ұмтылып жүрген Еламанды кеудеден, іштен ұрады. Сырттан қарағанда әншейін, жай ғана нұқып қалған сияқты. Мюлгаузин төртпақ. Нығыз. Бұлшық ет ойнаған сом дене шойыннан құйғандай. Онан Еламанның бойы ұзын; қолы да ұзын болғанмен әлі бір рет айызын қандырып ұра алмады; онан сайын қаны қайнап, қапысын тапса ұрып жыққысы кеп жүрген-ді. Қолы кенет Мюлгаузиннің жағасына ілікті де, шап беріп алқымынан ала кетті. Темірдей саусақтар кеңірдегін жұлып алатындай қадалып, Мюлгаузин бір сәтте көзі ақшаңдап қырылдай бастады. Еламан үнсіз. Жұтқыншағын жұлып алмай тынбайтындай, қос шеңгелімен алқымынан алып сыға түсті. Қырылдап өліп бара жатқан Мюлгаузин бір кезде қатты бұлқынып, артына қарай шалқалап шегіне берді де, Еламанды дәл ауыздан қойып жіберді. Еламанның қолы жазылып кетті. Ауыр дене гүрс етіп жерге құлады.

− Кәне, кел!.. Келсейші!..- деді Мюлгаузин. Еламан аузы толы қанды түкіріп тастады. Мына найсаптың жеңгеніне місе тұтпай, бұған «өлмесең тұрма» деп ызасына тиіп тұрған түрін көрді. Онан көзін айырмай, азу тісін шықыр-шықыр қайрап, түрегеле бергенде ол енді Еламанды орнынан тұрғызбай оған өзі тап берді. Бір қолымен төбе шашын уысын толтыра ұстап алды да, тік көтеріп тұрғызып, қан - қан бетіне қойып жіберді. Еламан қарсы сілтемек болған қолын көтере алмай, тақтай еденге гүрс етіп құлап түсті. Мюлгаузин төніп тұрып:

− Төбелес балық аулау емес, - деді де, табанына нөл қаққан етігімен тақтай еденді солқылдата басып шығып кетті.

* * *

Кешегі төбелестен Еламанның үстіңгі ерні күлдіреп ісіп кетті. Көзінің алды да қанталап тұр. Сонан қорынды ма, ол жан адамға хабарласпай үн-түнсіз жүріп кеткелі жиналып жатқан үстіне Селиванов келді.

− Слушай, дорогой, - деді ол салған жерден, - мен бір жайды естіп кеп тұрмын. Маша айтты.

− Шүйінші сұрайтындай ештеңе жоқ еді ғой...

− Оның рас. Бірақ сенің кеткеніңді жөн көрмеймін.

− Әкімнің өз ісі өзіне жөн.

Еламанды көре алмай қалам деп асыққан жігіт бұнда ақ тер, көк тер боп жүгіріп келген-ді. Азырақ отырып демін басты.

− Ауылға барғанда не істейсің?

Еламан киім-кешегін жиыстыра берді. Селиванов темекісін орап отырып, оған бірер рет көз қиығын тастады.

− Еламан, менің қасыма келші.

− Айта бер!

Селиванов оның қыңырлығына күліп, басын шайқады:

− Революция бір кісінің, тіпті бір халықтың ісі емес. Сондықтан біз жергілікті халықтың сана - сезімін көтеріп, бауырымызға тарта беруге тиіс едік. Оны істемедік. Бұл қате ме? Қате!

Селиванов тұтатып алған темекіні шекпей, біраз отырды да, ақырын түрегелді. Қайта-қайта көзіне түсіп кете беретін сусылдақ шашын артына қарай сілкіп тастап, үйді кезіп жүріп кетті.

− Біздің ішіміздегі жалғыз қазақсың. Шынымды айтайын, осы төңіректің қазағын сен арқылы революцияға тартпақ едім. Жоқ, жоқ, сені жібермеймін. Мюлгаузинмен сыйыса алмасаң...

− Төбелескені, сабағаны өз алдына, ол толы кісінің көзінше қорқақсың деп арыма, намысыма тиді.

Селиванов күлді. Қолын шалбарының қалтасынан шығарып Еламанның иығына салды.

− Оны қайтесің? Ол жөнінде біздің өз пікіріміз бар. Мюлгаузинмен сыйыса алмасаң, маған кел. Орын жетеді. Бірге жатамыз.

Еламан басын шайқады.

− Шынымен - ақ кетпексің бе?

− Кетем.

− Ну и ну!..

Еламан үйде қоштаспақ болып еді, оған Селиванов көнбей сыртқа ере шықты.

− Сау бол! - деді Еламан.

− Жарайды, сау бол! Бізді ұмытпа.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий