Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Бұл кім болды екен?

− Басқа кім дейсің... Төлеудің екі кераузы шығар. Қырқысатын әдеттері емес пе?

Шынында қара кемпір қайтыс болғалы күндес қатындар кішкентай нәрсеге де қағысып қала беретін. Шешелерінің ыңғайын байқаған балалар да ала көз, араз. Асқа да, асыққа да таласады.

Кенжекей көп аса баланың арасына түспейді. Бар пәле Балжаннан шығады. Өз баласын ана қатынның баласына араластырмай, «сенің жауың үйдің ішінде. Ана Өтәлі. Түбі сенің ажалың сонан болады», - деп жас сәбиді үнемі жаулыққа баулып отырады.

Ес білген сайын бәле екі баладан басталады. Уақыт өткізетін ермек таппағанда олар кейде жұмыста жүрген Айғаншаға сыртынан таласып, бірі: «Менің апам», екіншісі: «Жоқ, сенің апаң емес, менің апам», - деп өзеуреп, тәжікелесіп тұрып алатын. Өтәлі қалай жеңерін білмей қызарақтап тұрған-ды. Қаршадайынан бірімен - бірі аңдысып өскен бала аяқ астынан ақыл тауып:

− Айғанша сенің апаң емес, менің апам... Айғанша екеуіміз әжемнен тудық, - деп балапан әтештей қоқиланып шыға келді.

− Әжеңнің садағасы кет. Сен ана жаман Кенжекейден тудың, - деді ертеден бері бұлардың тәжікесіне құлағын салып отырған Балжан.

− Сен жаман Кенжекейден тудың, жаман Кенжекейден тудың. Ай-ай... ай-ай, - деп анасының сөзін қағып ала қойған бала Өтәліге жетіп барды да, сен жаман Кенжекейден тудың... Ай-ай, сен жаман Кенжекейден тудың... - деп аузы - басын қисаңдатып тұрып алды. Өтәлі інісін түйіп жіберді. Бала шар етті.

− Өлді - ау... мына арам ит сені өлтірмей тынбас, - деді Балжан.

Кенжекей баласы назырқап, мұңайып қалғанын көріп:

− Жоқты соқпа. Жас бала арамдықты қайдан білсін?!

− Бала ма?!. Ол балшыққа батқыр жеті басты пәле ғой.

− Пәлелік өз басыңнан кетпесін. Балаға тиіскені несі!

− Ой, сорлым - ай! - деп Балжан зілдене күлді де, шылбырды есіп отыра берді.

− Өзің сорлы! Еште сорың арылмасын!

− Сен, осы, қоясың ба, жоқ па?!

− Қоймағанда не істейсің?

Балжан не істейтінін ойлап алған-ды. Жылқының құйрығынан ширатқан құлаштан астам қыл шылбырды қолына ұстай түрегелді. Кенжекей де алдында отырған кішкентай қызын жерге түсіріп, орнынан тұрам дегенше болмай табан астынан тап берген Балжан көз ілеспейтін шапшаңдықпен қыл шылбырды күндесінің мойнына бұғалықтап салып жіберді де, бұрап - бұрап сүйрей жөнелді.

− Өлдім... өл - л - л...

Екі жасар қыз баланың үрейі ұшып кеткен. Анасының соңынан қалмай, тұрып - жығылып шырылдап жүр. Өтеш те:

− Өлді... өлтірді, - деп шырылдап, анадай жерде қара аттың жанында тұрған кісілерге жүгірді.

Дос та, Судыр Ахмет те, бәрі жүгірді.

− Өлтірдің ғой, жібер!.. Жібер! - деп Дос анадайдан айқайлап келеді. Балжан үнсіз. Безеріп алған. Бір дегеннен қыл шылбырмен қылғындырып алған күндесін үйді айналдыра сүйрей берді. Дос жүгіріп келген бетте Балжанды түйіп жіберді де, тізерлеп отыра қап Кенжекейдің басын сүйеді. Кенжекей аузынан ақ көбік ағып, ессіз - түссіз сұлқ жатыр. Қыл шылбыр мойын терісін қанталатып сыдырып тастапты. Ауыл-үйдің қатын - балалары у-шу боп жиналып қалды. Ішінде Қарақатын.

− Кісі өлген бе, өй, Сұбыхан Алла... Не болды? Уа, не болды? - деді Судыр Ахмет. Мән -жайға қанып алғасын, ол енді кимелеп ілгері шықты.

− Ал!... Ал, айтпады демеңдер, мына тоқал кісі өлтіреді. Ау, • ойбай-ау, оның арғы аталары кісі өлтіріп, қан ішкен көрінеді ғой.

− Қан ішсе ішкен шығар, көпірдің түрі қандай жаман.

− Заңғар - ай, көк кебеженің аузынан қара құлыпты бір алған емес - ay.

− Ау, ау... - деп Судыр Ахмет жұрттың сөзін бөліп, бастырмалай жөнелді, - сен көк кебежені айтасың... бұл заңғар өз ішінде қара құлып астында ұстайды ғой. Құрсын, дүние күйіп кетсе де, ақ домбырадай аңқылдап тұрған қатын алғанға не жетсін?!

Бір кемпір Кенжекейдің басын сүйеп, аузына су тамызды.

− Сорлы - ай!.. Соры қайнаған балам - ай!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий