Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Е, онда құтты болсын. Қызығыңа ки, - деп Әлиза қыз көңіліне бола, әншейін жай ғана айта салды.

Айғанша ренжіп қайтты. Айнала төңірегі толған жұпыны, жүдеу жандар. Солардың арасында жалғыз өзінің оқшауланып, тап бір айт - тойға баратындай үсті-басы үлбіреп киініп алғаны қыздың өзіне де әбес көрініп еді. Кісі көзі түспейтін таса - тасамен тығылып үйге әзер жетті. Әдейі жолын тосып тұрғандай алдынан Қарақатын шыға кеп:

− Беу, адам - ай, дәу де болса, бұның әрқайсысы бір-бір қара шығар. Қыз - ау, көзіңдей көріп киейін, ертең кетеріңде маған мына көк мақпал қамзолыңды берерсің.

− Қайда кеткенде?

− Құдай-ай, бойжеткен қыздың қайда кететінін білмейсің бе?

− Не деп тұрсың сен қатын?

Қарақатын Айғаншаға енді сиқырлы жүзбен жымыңдап қарады; бұл түрі, бейне «Сайқал қыз, сырыңды жасырмай-ақ қой. Сен білгенді мен де білем. Жүрген - тұрғаныңның бәрі менің алақанымда», - деп қыздың ар жақ көңілін аңғарып тұрғандай екен. Айғанша ештеңе білмейтінін айтты. Қарақатын оған әлде де болса сенімсіздене қарап тұрды да, кенет қызды бір қолымен өзіне қарай тартып, әлденені құпиялап сыбырлап еді.

Айғанша әлдебір сұмдықтан шошығандай ыршып түсті.

− Жоқты соқпа! Бұл кіші ағамның қаладан әкеп берген базарлығы.

− Тұтақ! Соны да аға деп... Сол жаман не табыс табатын еді. Тек, әйтеуір, сенің арқаңда «өлмегенге өлі балық кездесіп», мырза жігіт қол ұшын берген де. Соның көтермелеуімен...

Айғанша бетін басып жүгіре жөнелді. Қарақатын айтып үлгірмегендерін қыз соңынан айқайлап айтып жатты. Оны бірақ Айғанша есіткен жоқ. Төлеу ау қарап кеп, төр алдында жатыр екен. Есіктен сүріне-қабына кіріп келген қарындасының түрінен шошып, тіксіне қарап, басын көтеріп алды:

− Айғаншажан, не болды, жай ма?

Айғанша үндемеді. Үстіндегі киімдерін асықпай, бір-бірлеп шешіп үйдің ортасына үйді де, ағасына бұрылды.

− Мынаны иесіне апарып бер!

− Қарағым - ау, иесі өзің ғой.

− Иесі кім екенін білесің. Сабақты жібі қалмасын. Қазір... осы қазір апарып бер!

Таяу арада келгенімде жас мырза Төлеуге: «Қысқа қарай балық аулауды қоярсың. Менде қағыр атандар бар. Қыста қалаға кіре сал, пайдасы шаш етектен», - деп кеңес беріп, бұны емексітіп кетіп еді.

− Мөңкенің үйіне кетіп бара жатқаныңды көріп едім... Құлағыңа құйып, үйретіп жіберген екен ғой.

− Менен аулақ жүріңдер!

Төлеу түк айта алмай, тыйылып қалды.

* * *

Осы күні Мөңке қажып жүр. Кәрілік пен жоқшылықтың үстіне ол қазір қасындағы қара-құрадан айырылып, алды-арты тақырланып қалды. Бұның түбіне жетпейінше Тәңірбергеннің жуық арада тоқтайтын түрі жоқ.

Сұм жігіт Теміркемен тізе қосып жіберді де, Мөңкеге қарасты кісілерді түгелдей ашық теңізге айдап шықты; ал ашық теңіздің дауылы қатты, балығы аз.

Мөңке қара басының күнкөрісіне қиналып жүрген жоқ. Қашаннан балыққа жұлдызы жанып туған сыралғы жан теңіз суын бұл арадан басқа жаққа ағызып әкетпесе, қарт Арал орнында тұрғанда күнкөріске тарықпасын біледі. Оны көбіне - көп қатты қинайтын жай басқа: кешегі күні Дос пен Төлеудің азғырғанына ермей, қасында қалған аз ғана жас жігіттер бар еді. Қарт балықшыны өлердей жақсы көреді; әлі де болса олар қандай қиындықты да Мөңкемен бірге көруге пейілді. Өздері үндемесе де, қайсыбір қазан көтермей жатқан күндері қатын, балалар күңкілдеп:

− Әне, ана ауылдың аузынан ақ май ағып отыр. Біз болсақ мынау. Мөңкемен қоскіндік боп, бауырың жабысып қалса да, араңды үз. Ендігі жерге Достың панасын сұрайың, - деп жігіттердің құлағының құртын жеп жүрген көрінеді.

Досқа қарасты жігіттер қазаннан ауысқан балықты қап - қап қып промсолға тапсырып, қолма-қол қант пен шайын алып жүр. Ішім - жем, қара азық та соларда. Мөңке ауылының іші күйсін дегендей олар қазір қақтаған балықтарын сыртқа шығарып жаутылдатып кермеге жайып қоятынды шығарды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий