Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мөңке көңілсіз. Үйде де, түзде де үндемейді. Қасындағы жас серігі - Рәйіске де көк теңіз үстінде жүргенде бір ауыз тіл қатпайды. Сенген кісісі Тәңірбергеннің тауығы боп, дастарханына шашқан аз ғана дәнге сатып кетті. Осыдан кейін Мөңке қасындағы ендігі қосшылары жөнінде де: «Қарындарың қаттырақ ашқан күні сендер де ана жаққа жалт беретін шығарсыңдар», - деп ойлайтын. Соны байқаған Рәйіс бір күні:

− Мөңке аға, шамасы бізге сенбейсің - ау осы. Сені ешуақытта жалғыз тастап кетпейміз ғой, - деді.

− Рахмет, шырағым. Бір ғана айтарым: басың жас, өмірің алдыңда ғой. Ант - су ішіп қайтесің. Алдымызда әлдеқандай заман бар, оған сені мен біздің көзіміз жетпейді.

− Жоқ, Мөңке аға, менің өз кеулім өзіме аян.

Бұл баяғы түйеші Жалмұраттың баласы. Тұлға - түрі, өткірлігі шешесіне тартқан. Тура айтатын тік мінез.

Әкесі үсіп өлгесін көп ұзамай қайратты ананың ақылымен балықшыларға көшіп алған-ды. «Әкең марқұмның мал бағып тапқан опасы белгілі. Ендігі жерде не көрсек те балықшылармен бірге көрейік», - деп кеңес берген-ді. Жасы он сегізге биыл толса да, қаршадайынан қара жұмыс істеп шыныққан. Албырт, қызба демесең айтқанынан қайтпайтын бір бет, өжет. Қара жұмысқа қарулы. Теңізге шықса қос ескекке отыра қап, жұлқынып есе жөнелгенде, алқабел ұзын қайың шапқан аттай зулап отырады. Мөңкемен қос болғалы қарт балықшының қолын қимылдатпайды. Мөңке соны әзілге айналдырып: «Бала, мен осы күні қамыттан шыққан кәрі ат сияқты боп барам ба, қалай?» - деп күлетін.

Бұл екеуі бүгін де теңіз үстінің есірік желіне қарамай, ұшанға салған ауларын қарап шықты; екі қары салдырап, белі талып шаршап қапты. Мөңкеге қараған ауылдың өзге жігіттері де бұл кезде үсті-бастары су-су боп жағаға шығып жатыр екен.

− Аналар балық ұстады ма екен? Біліп қайтшы! - деді қарт балықшы. Елгезек жігіт лып етіп, тез барып қайтты:

− Балық ұстай алмапты.

− Өзім де солай ойлап едім. Түнде дауыл әлемет болып еді. Ау - құралы аман ба екен?

− Екі тартым аудан айырылыпты.

− Е, бәсе... Кешегі дауыл нені шыдатсын?!. Үлкен теңізде ағыс қатты ғой.

− Өздері де салымсыз...

− Жә, табалап қайтесің?! Онан да, бала, сен бері кел. Мына азғантай балық бізге алты ай азық болмас. Асымдығыңды алып қал да, қалған балықты ана жігіттерге апарып, бірдей қып бөліп бер!

− Мақұл, - деді Рәйіс. Осы жасында талай кісі қолынан өткен Мөңке мына жігіттің пиғылы кешегі Достан да, Төлеуден де басқа екенін байқап жүр. Рәйіс аз дүниенің өзін көптей көріп, қолындағы барды басқа кісілермен бөліскісі кеп тұрады...

Бір топ атты теңіз жағалауындағы жолмен сыдыра шоқытып бұлардың дәл жанынан өтті. Сәнді киінген өңшең жас. Көңілді. Ат үсті әзілдесіп, күліп-ойнап барады.

− Мынау Тәңірберген ғой, - деді Рәйіс.

Мөңке аттылы топты салқын қабақ астынан жөнелтіп салды. Тәңірберген биыл тағы да жаз бойы теңіз жағасын торуылдап кетті. Көкжал бөріше қапыңды аңдып, жортып жүрген жүрісін жек көрді. Қасына ерген кісілердің айтқанына сенсең, осы келісінде қора - қопсы, шабатын шөп қамымен жүрген секілді.

Мөңке жұрт аузындағы сөзге сенбей, «әй, қайдам...» - деп, жүрегі жаманшылыққа ауа берді. Мынау өзі білетін Тәңірберген болса, анық ойын әзір дабыра қылмай, былайғы жұрттан бүркемелеп жасыра тұру үшін таратқан лақап боп жүрмегей. Он жігіт... Он жігіт ойынан кетпейді. Бір күн ішінде із - тұзын аңғартпай, зым-зия жоқ болды. Қайда кетті? Не тындыруға кетті? Сұм жігіт оларды тағы бір жаққа астыртын жұмыспен аттандырып жіберген жоқ па? Бұнысы қандай ылаң? Ізін білдірмейді - ау сұм!

Қарт балықшы көңілсіз. Ұрыс - керістен арылмайтын үй бүгін Құдай оңдап тыныш екен. Балкүміс көңілді. Отбасын сыпырып, балығын асып, шайын қайнатып қойыпты. Әлиза да ажарлы. Жас баланы алдына алып, ыңылдап отыр.

− Балкүміспен жақсы ғой. Анда-санда текетіресі болмаса, тілінен де, қолынан да келеді, -деді Әлиза.

− Ал қоспақ мінезі ұстаса бақырып, үстіңе құса салатыны да бар, - деп Мөңке күліп еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий