Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлиза Мөңкеге: «Қой, ойбай, тыныштық керек», - деген кескінде ернін тістеп, алдына алып отырған баланың тасасынан ымдай қойды. Мөңке төр алдына қисайды. Ойынан он жігіт шықпай қойды. Ебейсін мен Қалау бастаған он жігіт... Мөңке бір рет Айғаншадан кіші ағасының қайда кеткенін сұрағысы кеп оқталса да, бірақ аузы бармады.

Күн санап күдігі қалыңдай берген, бір күні қасында жатқан бәлекейді шынтағымен түртіп:

− Балкүміс! - деді ақырын. Аяқ жетер жердің қыбыр - сыбырын басқадан бұрын осы бәлекей қатынның білетініне күмәнданбайтын. - Тәңірберген теңіз жағасына келуін жиілетіп кетті ғой? Бұнда не сыр бар?

− Соны да білмейсің бе? Көз бар ма өзіңде? Әлде сенің көзің шырыш балықтан басқаны көрмей ме?

Мөңке енді бірдеңе десе бүлдіріп алатындай қорықты да, үндемеді.

− Тәңірбергеннің жайын білмейсің бе? Ана жылы Ақбаланы аларда да Судырақты бауырына тартпады ма? Астыңа ат мінгізем деп емексітіп кеп, шаруасын бітіргесін Судыраққа өкшесін бір- ақ көрсеткені қайда?

− Оның ендігі көз тіккені кім?

− Мазамды алмашы! Сенімен сөйлессең жарым жасық құриды, - деп Балкүміс ызаланып, екеуара жамылып жатқан көрпені өзіне тартып алды. Мөңке үнсіз. Балкүміс оның жастыққа басы тисе қор ете қалатынын біліп: «Мұнда дауа жоқ, ұйықтап кетеді. Кәпірдің балықтан басқа ойы жоқ... Мен ғой сорым қайнап, осыған пенде боп жүрген», - деді ішінен. Сосын микеще шәкіртіне ыза болған ұстаздай, Мөңкені бүйірінен түйіп қалды.

− Әй, су патшасы - Сүлеймен, ұйықтап кеткен жоқсың ба?

− Жоқ, ояумын.

− Оныңа шүкір, - деп Балкүміс зілсіздеу күлді. - Есің дұрыс па, шалым - ау. Тәңірбергеннің көзі түскендей бұл ауылда Айғаншадан басқа кім бар? Екі ауылдың айы да, күні де сол емес пе?

− Қой әрі! Біреудің жалғыз қарындасы... Баланы кірлеме.

− Кірлеп, мен оның бетіне күйе жағыппын ба? Жалғыз болса қайтеді? Жалғыздікі бітеу бола ма екен?

− Әй, найсап, қой енді!

− Мен неге қоям? Не деп қоям? Тыныш жатқан кісіні ұйқысынан оятып алады да, қой -қой деп кіжіңдегені несі. Жалғыздың талайын көргенбіз. Жалғызынан қалай жабысқанын білмей қалатын.

− Туһ, саған дауа болмас.

Мөңке басын көрпемен бүркеп алды.

Балкүміс осыдан қашан көзі ұйқыға кеткенше сөйлеп жатты. Мөңке ояу; Бәлекейдің сөзінде жан бар: Алдаберген мен Тәңірбергеннің жігіттері биыл жаз бойы жағадан пішен шапты; пішеншілердің соңы жағадан көтеріліп болған жоқ. Көк құрақты құлатып салғасын, олар Қарамоланың сыртындағы қалың жантақты шауып жатыр.

Тәңірберген оларға жолаған жоқ. Қасындағы қосшы - қолаңымен жағаға шатыр тігіп, ойын - сауықтатып жатқанда, кеше қаладан керуен кеп, мырзаның жағадағы қыстауына ағаш, тасты үйіп тастады. Шебер ұсталар қала үлгісімен асты - үстін тақтайлап үй салмақ. Үй біткенше басы-қасында болмақ. Екі әйелінің екі үйі тұрғанда үшінші үйді қайтеді.? Жөн сұраған кісіге жас мырза шешіле қоймапты. «Үй көптік ете ме, Жасанжан да оқуын бітіріп, елге келіп жатыр ғой», - деп екіұштылау жауап беріпті.

Бәлекей қатынның жаңағы сөзі бұлар білмейтін біраз сырдың бетін ашты. Айғаншаның анада үлбіреп киінгені де тегін емес. «Апыр-ай, сонда Ақбаланың орнына Айғаншаны кіргізіп алмақ па? Мына үйді сол үшін салады - ау, шамасы!»

Түнімен ой қажытқан қарт балықшы таң алдында көзі ілініп бара жатыр екен. Көрші ауыл жақтан шыққан әлдебір ашынған әйел даусынан шошып оянды. Іле-шала Әлиза мен Балкүміс те оянып, сыртқа жүгіре - жүгіре шықты. Ай қызарып батыпты. Таң алдындағы түн талмаусырап, айсыз аспанның алыс көкжиегі құланиектене бастаған екен. Бұлардың ауылы жым-жырт, тыныш. Тек іргелес отырған Дос аулында бір бөлек әбігер тап болған. Таң алдындағы тыныштықтың шырқы бұзылып, үлкен ауылдың жандары қатты әбігерде. У-шу. Азан-қазан.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий