Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Қанша айтқанмен үйде кісі өзін даладағыдай емін - еркін қайдан сезсін... Үйде отбасындағылардың қас-қабағына қарайсың. Сөзің өлшеулі. Қимылың есептеулі. Біреуден қысыласың. Біреудің көңіліне қарайсың. Далада кісі өзін дарқан сезінеді ғой. Сонан шығар - ау, далаға шықса көкірек кеңіп, көңілге қай - қайдағы оралып, шерлі жүрек сарнап қоя береді. Көбіне Бел - Аранмен сөйлеседі. Теңізбен тілдеседі. Көзіне түскеннің бәріне: ұшқан құс, жүгірген аң, Бел - Аранның баурайында жайылып жүрген осы ауылдың малымен сөйлеседі; жерге түспей сонау көкте шыр - шырлаған бозторғайға, басқа да кішкентай, әлсіз пақырларды аяп, желеп - жебеп ақылын айтады. Құдай қылса қайтесің, адамдар сияқты бұлар да басы піспей, бір- бірімен ала көз, қырғи қабақ болатынын қайтерсің?.. Бұлардың да арасында тісті, тырнақтысы, жазықсыз зәбірлеушілер қанша?! Қарт ана қабы тезекке толса да үйге қайтпай, ауыл сыртындағы Қара молаға бұрылды.

Әлиза аңырап кеп, үлкен қорымның шетінде өзгелерден оқшауырақ жатқан он қабірдің басына тоқтады:

− О, боталарым, жатырсыңдар ма?

Әлиза қабын тастай салды да, мола жанына тізе бүкті. Құран оқыды. Дұғасын бағыштады. Сосын алақанымен он қабірдің топырағын бірінен кейін бірін сипап, қоқыр - соқырдан тазартты. Сосын, әр кездегідей, жел айдап әкелген шөп - шәлеңді жинап, алысыраққа апарып тастады. Балалардың басына келген сайын бұрын сыбағаларың деп піскен балық, нан әкелетін. Соның бәрін балалардың аты жазылған кісі бойы құлпытастың төбесіндегі шұқыршаққа қойып кететін. Құс, аң жесе де, өлі аруаққа сауабы тиер деп ойлайтын. Бұл жолы құр қол келгеніне өкінді. «Дәметіп қалды - ау, құлындарым», - деп ойлап, көңілі босады.

Әлиза үйге жалыны сөніп, суынып келді; алдынан ұрыс даярлап қойған Балкүміспен де жұмысы болмады. Оның бір сөзі миына кірген жоқ. Сол күннің ертеңіне Еламан келді.

Балықшылар жиналып қалды. Үйдің іші тарлық ететін болғасын Мөңкенің айтуымен жас келіншектер сыртқа төсек салды. Шай қайнады. Қазан көтерілді. Мөңке аулының қазіргі бетке шығарлары жиналып, Еламанды ортаға ала отырды.

− Сені де көретін күн бар екен ғой.

− Ал, айналайын, қалайсың, аман - сау барсың ба? Шалқардан келе жатырсың ба?

− Иә, Шалқардан шықтым.

− Сені келеді деген кімнің ойында бар? - деді Мөңке, арқа - етек кеңісін, өзім іздеп барып, дидарласып қайтам ба деп жүр едім. Келгенің жақсы болды.

Бұл кеш бір жан үйіне қайтпады. Түн ортасы ауып, таң алдындағы қалың ұйқының бір уақыты болғанша балықшылар Еламаннан өзі болып қайтқан жақтың әңгімесін сұрады.

Алғашқыдай емес, қазір Еламан тартыншақтап отырған жоқ, көңілді. Әңгімеге де ықыласты. Туған жерге келді. Дос - жаранға қауышты. Бел - Аран анау. Қараңғы түнде жотасы еміс - еміс қарауытады. Ұлы теңіз үй іргесінде ақырын солықтайды. Балықшылар ауылы да сол баяғысы. Сол баяғы жер үйлер. Әнебір тұста Ақбала екеуінің жерқазбасы болатын. Бұрынғы, бұл білетін теңіз өңірі сол қалпы. Кісілер де өзгермеген. Тоқта! Түк өзгермегені қалай? Иә, бәсе, өзгермесе, бәрі сол баяғыша қарап тұрса, кәне... кешегі Рай, Бөбек қайда? Ер көңіл батыр Кәлен... оның орнын кім толтырады? Жиын топтың арасында қалған жұрттың бәрінен иығы асып отырмас па еді? Батақтың Сарысын, Қыз Қосанды, Тарлан атты осы отырған жиынға зор даусымен айқайға басып әуелете шырқамас па еді? Жә, жә, еңсеңді көтер. Елге келіп, еңсең түсетін жөнің жоқ. Өлген өлді. Тірілерге өмір тіле. Талпын. Талап қыл.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий