Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Өткен қыста келіп, бір айдай жатып кетті. Сорлы бала қашан кете-кеткенше Райды есіне алып, көз жасы омырауын жуды да отырды. Құрысыншы, қайсыбірін айтайын. Рай екеуінің бір- біріне ықыласы басқа еді ғой, - деді де, Әлиза түрегелді. Кешкі астың қамына кірісіп, сырттан бір құшақ отын әкелді. Ошаққа от жақты. Қазанға су құйды. Сосын қалған шаруаны тастап, Еламанның қасына кеп отырды. Еламан келгелі айтып тауыса алмаған тағы әңгімесі бар сияқты. Соны байқағасын Еламан қолындағы домбыраны іргеге сүйей салды да, кәрі анаға бет бұрды.

− Сен білмейтін не сыр бар? Қанша бала тусам да, қолым қатаймады. Менің бауырымды суалтып, жердің астын қуантып жатыр, - деп көзіне жас алды. - Құдай мені тақырлады. Қызғалдақтарымды кеудемнен үзіп әкетті. Сосын қайтейін... Бұл байғұс та көз ашқалы су кешіп қара борбай боп жүрген жалғыз шал ғой, тұяқсыз өтпесін деп... мына бір бәлекейді алып беріп едім...

− Дұрыс істегенсің.

− Ай, шырағым - ай, қайбір жетіскеннен істеді дейсің. Менікі Құдай алдында көңіл таза болсын деген далбаса да, әншейін. Ақылымнан алжасып жүрген кезім емес пе, кісісін тақпаппын. Қос уыс оттың басы күнде ұрыс болғасын берекет қайдан болсын?..

Еламан үндемей, жер шұқып отыр.

− Бұл күндері менің қыз ұзатып, келін түсіретін кезім еді. Қандай қарақтарым еді. Қара жер түгіл кісіге көріп беруге қиюшы ма едім?! - деп шерлі ана әр кездегідей көкірегі қарс айрыла күрсінді де, - мен бейбақ ене бола алмас па едім, - деп көз жасын бір сықты. Бірақ ол Еламан күткендей егіліп жыламай, босаңсып бара жатқан көңілін тез билеп алды. Келесіде ол тіпті кең отырып сөйледі. - Мөңке сорлыны да көрдің ғой. Қартайып бітті. Басы жұмыр пенде тірі жүргесін бәрін көреді, бәріне көнеді. Басқасын қайтейін, бір сүйектің басын тістескен Достың істеп отырғаны анау. Тәңірбергеннің тіліне еріп, ағаңмен жауласып іргесін жалаңаштап кетті. Осы жанына қатты батады.

Әлиза тұрып кеткесін де Еламан шам жақпаған, қоңыр кеугім үйде ауыр оймен сұлық отыр. Жылағысы келді, бірақ көзінен жас шықпады. Екі күн үндемей сүлесоқ жүреді де, үшінші күні Сүйеу қарттың аулына тартып кетті.

* * *

Сүйеу қартқа қараған кедей ауыл биыл қыстан күйсіз шығыпты. Неше түрлі алым -салықпен ұсақ қараны алып, азын - аулақ ірі қараны үстінен жонып жеп отырған шағы екен. Кедейленіп қалған ауыл жылдағы дағдысы бойынша биыл бауырын көтеріп көше алмай, ескі қыстауларында отырып қалыпты. Кейін күн ысысымен теңіз жағасында маса, сона көбейіп, қолдағы аз ғана қараны ұстау қиынға айналғасын аударылып қоныпты. Онда да қыстауларынан ұзамай, теңіз жағасынан қозы көштей жерде отыр екен.

Еламан ел орынға отыра кеп аттан түсті. Сүйеу қарт соңғы қозысын сойып, қазан көтертті. Қайын енесі де пейілді. Еламанға деген бұрынғы көңілдері құрттай да өзгермегенін көрсеткісі келді ме, сасқалақтап жүгіріп жүр. Соның өзінде бірде болмаса да бірде бұл күнде басқаланып қалған көңіл байқалып қап отыр. Бұл отырғанда Ақбаланы ауызға алмады. Бірақ Еламан бәрінің ойында Ақбала отырғанын білді. Келе салып кетудің лайықсыз екенін білсе де, Сүйеудікінде бір күннен артық жата алмады да:

− Ата, қайтқым кеп отыр, - деді Еламан.

− Неге асықтың?

− Шаруа бар еді...

− Е, шаруа бар ма? Онда рұқсат!

Еламан тентек шалдың қай жағынан шығарын білмей, іштей ығысып отыр. Сүйеу қарт оның әлденені айта алмай, жасқаншақтағын түрін жаратпай қап, суық көзін жылдам тастады.

− Қарсы болмасаңыз... жиеніңді, - деп тоқтады Еламан.

− Ә!.. Ә!.. Балаға келіп пе едің? Ал!.. Ал!.. Бағу қиын боп бара жатса, ауыл арасы қашық емес, әкеп тастарсың.

− Рахмет, ата!

Сүйеу қарт енді қайтып Еламанға жүз бұрмады. Осындай жердегі қаталдыққа бағып, әкесі әкеткелі жатқан жиен немересіне де назарын бұрмай, бетін сырт салып бұрылып апты.

Кемпір екі жыл бауырына басқан баланы қимай, қоштасар жерде жылап жіберді. Осы арада Ақбаласын ашықтан - ашық есіне алып:

− Жалғызымның көзі едің... - дей бергенде Сүйеу:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий