Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Тәйт!.. Тәйт, найсап!..- деп зекіп, тыйып тастады. Еламан баласын алып жүріп кетті. Қаттырақ жүріп отырғасын кешке қалмай, ақ пен қызыл арасында балықшылар аулына жетті. Балықшылар Еламанның қуанышына құтты болсын айтып, кіріп-шығып жатыр. Мөңке мен Әлиза тіпті мәз. Олар Еламанның қайтадан үй болып, үстіне шаңырақ көтеріп жатқанын көргендей.

−«Орнында бар оңалар» деген осы. Кеше біреу едің, бүгін - екеу болдың. Енді, шырағым, үйлен.

Еламан үндемеді. Ақ жаулық тартқанның бәріне бірдей ұрына бергісі келмеді. Бос тұрған төсекке бір түнеп, бел суытып кететін бозбала емес. Ол қазір өзінен гөрі кішкентай Әшім жайын көбірек ойлады. Әшімді ез баласындай бағып-қағатын рахымды ана тапсам деп жүр. Оның үстіне қол қусырып қарап отыру қиын болып барады. Балық аулайын десе баладан шыға алмады. Әшім мазасыз. Қолға алғанды жақсы көреді. Ыңылдап ән салмай, жай көтерсең де жұбанбайды. Екі жыл бағып-қаққан әжесін іздеп, әсіресе түнемелікке қарай кішкентай қолымен Еламанның бауырын сипалап шығады. Көп ұзамай Еламанның балажандығы бұл ауылға аңыз болды.

− Қайным - ау, саған үйленудің керегі жоқ екен. Бір үйге әйел болуға жарап қапсың.

− Енді басыңа ақ салсаң жетіп жатыр, - деп қылжақ келіншектер оны жүргізбей қойды.

Сырқат бала мұнда келгеннен бері шырақтай сөніп барады. Ac талғайды. Ағарған ішкісі келеді. «Ауыртып алмасам қайтсін?» - деп қорқып, Еламан баладан басқа дүниенің бәрін ұмытты.

* * *

Осы күннің ертеңіне қарт балықшының үйіне Айғанша келді. Жұмыстан шыға сала келгені көрініп тұр. Үстіндегі киімнен шикі балық иісі шығады. Қолы, үсті-басы шырыш.

Қарт балықшының үйіне қымсынбай, емін - еркін кіріп келсе де, кішкентай баланы көтеріп өбектеген түсі басқа кісіні көріп, тоқтай қалды. Мөңкенің үйінде қонақ жатқанын есіткен-ді. Бұл ауылдың қадірлі кісісі екенін де есіткен. Бірақ оның кім екенін білмейтін. Мына бала көтерген кісінің басқа емес, сол екенін білгенде ашық тұрған есіктен аттар -аттамасын білмей, қалт етіп тұра қалды. Қарашығы шоқтанып, өзіне-өзі сенер - сенбесін білмей, қос қолын көкірегіне қысып ала қойды. Сәл есін жиғасын оның нақ бір ауылдың бала баққыш аналардай көзінен ұйқы қашқан баланы ұйықтата алмай, үстіне түсіп, бәйек боп жүрген түріне таң қалып күліп жіберді. Бала жұбансын деп әнін де дәл бір мейірбан аналардың құлаққа жайлы қоңыр даусына сап ыңырсып жүр:

Балам менің қайда екен,

Қыздарменен той - да - а...

Қонақ ішке кірген кісіні жаңа байқады. Әнін кілт үзіп ақырын бұрылды. Айғанша оны бірден таныды. Бара сала құшақтай алатындай жетіп барса да, бірақ ана кісінің әлденеге тосырқап бойын тартып қалғанын байқап, ілгері созған қолын бауырына тартып ала қойды.

− Қарындас, кешір...

− Мен... Ме - н Төлеудің қарындасымын.

− Тө - леу?..

− Есіңізде ме?..

− Апыр-ау... Төлеу - у дейсің бе?

− Иә, иә, Төлеу! Ана жылы сізді Шалқарға апара жатқанда... шұқырда отырған... Есіңізде ме?

Еламанның есіне бәрі бірден түсті: Рай. Қарлы боран. Қолын қарыған темір кісен. Жапан түздегі жалғыз үй. Екі қатыны бар ірі қара жігіт. Ағаш төсек үстінде бөксесін көрпемен орап алған қардай қара кемпір.

− Алда айналайын - ай!..- деп Еламан тез ұмтылып кеп, қызды маңдайынан сүйді.

Анасы қайтыс болғаннан бері Айғанша кісілердің ықыласын іші қалап тұратын. Әсіресе, анасының көзін көрген кісілерден көбірек дәметуші еді.

− Әжең қайтыс болыпты... - Айғанша басын изеді.

− Жарықтық жақсы кісі еді. Топырағы торқа болсын. Ал, айналайын, хал-жағдайларың қалай?

Еламан қыз үстіндегі балық иісі шыққан шырыш - шырыш киімдерге назары ауды.

− Жағдай... жағдайымыз осы...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий