Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Сонан бері балықшы жігіт қыз көңілінде дараланып өсе берді; осы жолы да Айғанша оның сондағыдан қанша өзгергенін ойлаған жоқ, ол тек содан бері оның қайда болғанын, қандай елдердің топырағын басқанын, тағы қандай қиындық көріп, қасірет шеккенін ойлап, екі ағасы екі жерде қорылдап жатқан көрдей қараңғы үйде көз ілмей шықты. Қараңғыда неше түрлі қорқынышты суреттер бадырайып, бірде зындан, бірде тоғыз қабат Торғауыт, Қап тауы елестеп жатыр. Мына жігіт соның бәрін бұзып-жарып, ақыры, міне, арып - ашып туған еліне кеп, «тоқсан үйлі тобырына», баласына қауышты. «Әйелі неге күтпеді екен? » - деп ойлады Айғанша таң алдында көзі ұйқыға кетіп бара жатып.

* * *

Балықшылар қайықтарын суға үнсіз салып, екі-екіден бөлініп мінді. Еламан мен Мөңке бір қайықта. Кешегі қара дауыл бүгін таң алдында басылып, жел шырадай тыныпты. Соған қарамастан бір көтеріліп кеткен ұлы теңіздің ашу-ызасы әлі басылмаған. Әлі де өз-өзінен долданып, қарауытып қайнап жатыр. Аңғар беттен сәл ғана жел соқса да шұғыл қаһарға мініп, қайта түтігуге әзір тұрғандай.

Еламан теңіз ажарын ұнатпай, қайта-қайта көз салып келеді. Әдетте ау қараған балықшымен жағаласып, қиғылық ұрып болатын шағалалар бүгін көрінбейді. Бар шағала Қандыөзектің үстіне үймелепті. Өлермен қомағайлықпен қайта - қайта шүйлігіп, төсімен суды шалп еткізіп соғып қалады. Аудағы балықты іле алмағанына ызаланып, жан даусын сала шаңқылдап, қайқаң етіп жоғарыға көтерілгенде, жаңа шыққан күн шапағына ақ қанаты күмістей тұтап жарқылдап кетеді.

Рәйіс күліп:

− Байқайсыңдар ма, шағалалар бізге балықтың өрісін сілтеп жатыр-ау, - деді.

− Жарықтық Қандыөзек балықты ғой. Достың жігіттері қарық боп жатқан шығар?..

Бұлар тереңге салған ауларын суырып шықты. Түске тарта жел қайта көтеріліп, толқын басы бұйралана бастады. Оқта - текте шілде айының мазасыз бөгелек желі килігеді. Онсыз да көк толқында шыбындаған аттай секектеп шоршып тұрған бұлардың қайығына қапылыста құйындай соғып, төңкеріп кете жаздайды.

− Осы бір бөгелек жел мазаңды алып бітеді.

− Теңіз үстінің құйыны ғой. Кәпірдің бетінен аулақ. - Балықшылар жағаға шықты; ауларды суға шайып, теңіз түбінің тосабынан тазартты. Соның арасында шыдамсыздары үйлеріне жүгіріп барып жүрек жалғап келіп жатыр. Күндіз теңіз үстінде балықшылардың тынышын алып болған есірік, бөгелек жел кешке қарай басылып, шырадай тынып, жағалаулардағы қара құйрық қамыс басы қозғалмай қалды. Соның өзінде теңіз суы күндегі шарасына сыймай ісініп барады. Аңғар жақта әлі де өксік бар. Аңғар бет кешкі көлеңкемен тұп - тұтас тұнжырап, қарауыта бастаған. Еламан осы бір болмашы белгілерге қарап, алдағы түн тымық болғанымен ертең тағы да дәл бүгінгі уақытта жел қайта көтерілетінін топшылады.

Күн кештете шағалалардың ұйқы - тұйқысы шықты. Ертеңгі күннен олар да біртүрлі мазасыздық сезгендей, теңізге қонбай азан-қазан боп, топ-тобымен қарбаласа қанат сермеп, жоғарылай ұшып бара жатты. Еламан бастаған балықшылар қайықтарына қайта отырды. Олар кешкі тымықта Қандыөзектің аузына он қайықпен ұмар - жұмар келді де, осы араға құрған Дос пен Төлеулердің ауына жарыстыра өздерінің ауын төгіп шықты. Рәйіс қайығын тез қозғап, Еламанның қайығына бүйірін тақап қатарласа берді.

− Байқайсыз ба, ешқайсысы қол қатпады - ау. Асылы, өз көлеңкемізден өзіміз қорқып келген екенбіз ғой.

− Даурықпа. Әне, анау Курнос Иван.

− Қайсы? Анау ма?

− Иә, сол!

− Ә, қаншелек. Көрген екен ғой.

− Көре берсін. Біз ұрланып кеп ау салған жоқпыз. - Басқа жігіттер де қайықтарын шапшаңдата есіп, Еламан мен Мөңкенің жанына топталып жинала бастады. Бәрінің көзі жағада. Иығына мылтық асқан жалғыз жаяу бұларды сонадайдан торуылдап жиекте жүрді де қойды.

− Аң, аулап жүрген шығар?

− Қайдам, адам аулап жүрмесе қайтсін?..

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий