Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Жігіттердің қолынан ескек түсіп кетті. Соны күткендей, аналар қайықтарын қаттырақ есіп келді де, Еламан мен Мөңкені ортаға ала қоршап тұра қалды. Келген бетте Төлеу Еламанды қақ бастан құлаштап ұрып еді. Абырой болғанда Еламан бұғып қап, ұзын таяқ төбесін жанап өтіп, қайықтың кенеріне соғып, ортасынан қақ бөлінді. Төлеу қапы кеткеніне күйініп, зор ызамен қайта ұмтылып еді. Бұ жолы Еламан өзіне сілтеген таяудың шолақ басын денесіне тигізбей, шап беріп ұстай алды. Сосын тартысуға келтірмей, таяуды Төлеудің қолынан жұлып алды да, жұрттың басынан асыра лақтырып жіберді.

− Ойбай-ай, мынаның зәбірін - ай! Мылтығыңды берші. - Курнос Иван Төлеудің қолын қағып жіберді де, қайығын тез қозғап, Төлеу мен Еламан екеуінің арасына кимелей кірді. Құр қол Еламанның кеудесіне мылтығының аузын тіреп:

− Қозғалсаң атам! - деп көзін айырмай, қыбын бағып тұрды да, өз жігіттеріне: -Кірісіңдер! - деп әмір етті.

Әпербақан жігіттер тап-тап беріп, Мөңке мен Еламанның ескек - таяуын өз қайықтарына салып алды. Қалғандары ауға жармасты. Осы кезде жел де жынданып, күшіне мініп бара жатты. Ана жақта ұлы теңіз өкіреді. Бұлар ықтап тұрған өзектің ішкі беті де түтіге бастады. Ағыс күшейіп, аядай жерге шоғырланған көп қайық секектеп шоршып, бүйірін бір-біріне соғып күтір-күтір етті. Дос:

− Әй, Еламан! - деп жұрт назарын өзіне аударды, - мынау болғанда, - деп қолындағы ақ таяудың салмақты басымен Мөңкені нұсқады.- Мынау болғанда осы арада суға батырып кетер едім. Әттең, сен боп діңкемді құртып тұрсың.

− Саған қазір кім болғанда да бәрібір емес пе?!. Мөңкеге қол көтерген адам маған тоқтайды дейсің бе?.. Ендеше, бәрімізді де суға батырып кет.

− Сен, бала, тайтаңдай берме! Сенің жайың маған белгілі. Тұрған жерің бүлік. Бір рет кештім дедім ғой. Ал бірақ екінші рет кездессең оңдырмаймын.

− Енді кездеспеспіз. Енді кездесе қалсаң, бұлай тарамаспыз.

− Болсын.

Курнос Иванның әмірімен Дос пен Төлеудің жігіттері әп - сәтте бұлардың бар ауын балығымен қоса қайықтарына салып алды. Еламан қанша үндемейін десе де, мына қиянатқа шыдамай:

− Әй, Иван, бұл қай зорлығың? Николай заманы етіп еді ғой, - деп еді, Курнос Иван қарқ-қарқ күлді:

− Қазір Керенский заманы екені есіңнен шықты ма?!

− Есімде. Керенскийдің де кедейге теңдік әпермесін білгем.

− Сенің теңдігің түрменің түбінде. Ал мыналар, - деп Курнос Иван Мөңкенің жігіттерін нұсқап, - сенің желіктіргеніңе ерем деп ау - құралдарынан айырылды. Ертең қатын -баласына асымдық балық тауып бере алмай жерге қарап қалғанда сөйлесем сендермен, -деді.

Бұлар ау - құралдан айырылып ұрыға тоналғандай боп қайтты. Үнсіз топты ілгері өткізіп жіберіп, Еламан мен Мөңке кейіндеу келе жатқан. Кенет Мөңке мырс етті.

− Ағаң қалай? Жараған бурадай шабынып, күшіне мініп алғанын көрдің бе?

− Адам да бір, ит те бір. Ит аяғына ас құйғанның пендесі.

− Солай! Кетті ғой, әне! Бір Дос емес, кешегі бар досың бауырыңнан сыпырылып шығып, жау жағына жарық берген жоқ па. Қанды көйлек жауыңның айтағына еріп, өзіңді қапқан күйігін қайтерсің?!

− Апыр - ай! Бұлар әдетте осылай біріңді - біріңе айдап сап құртады ғой.

Мөңке үнсіз қостап бас изеді. Қатын - бала сыртта жүр екен. Балыққа кеткен ер-азаматтың келуін күтіп, қазандарына су құйып, отынын әзірлеп қойыпты. Ең ар жағы балық соятын шыптасына дейін жайып, пышағын қайрап отырғанын көргенде Еламан да, Мөңке де жерге кіре жаздады. Алдарынан шапқылап жүгіріп шыққан балаларға қарай алмай, көзін жерден көтермей үнсіз өтіп кетті.

* * *

Үш күннен бері Мөңкеге қараған ер - азамат теңізге шыққан жоқ. Үш күннен бері бұл ауылда бір үй қазан көтермеді. Балкүміс сияқтылар күңкіл шығара бастады.

− Аузымызды кептіріп қойды ғой. Мұнан келмегеннің өзі жақсы еді.

Жігіттерді бәрінен бұрын жұмыссыздың аздырып барады. Бұрын бір- екі тартым ауын ермек қып теңіз үстінде жүретін жандар үйден шықпай, қатын - бала арасында шырғалып, реніш, ұрыс-керіс көбейді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий