Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан баласын көтеріп тысқа шықты. Көңіл бөлмейін десе де, Балкүмістің сөзі тікендей қадалады. Қарақатын секілді Балкүміс те ұрыс тілеген кезде себеп іздемейді. Ондайда оған өзі тиісетін біреу табылса жетіп жатыр.

* * *

Үйде емізулі баласы қалған қатындар жұмыс аяғына жаны дызығып жетті. Сойып жатқан балықтарын да жиыстыруға шамасы келмей, тұра - тұра жүгірді. Жалғыз Айғанша ғана қозғалмады. Ағаларымен арасы суысып кеткелі үйге баруға ықылассыз. Кіші ағасын қай кезден жек көретін. Жақсы көретін ағасы Төлеу де өзгеріп барады. Үй ішінде бір жанға ырза болмай, үнемі төмен қарап тұнжырап отыратынды шығарды.

Әсіресе Айғаншаны көзінің кырына алып, үйде де, түзде де соңына адам салып аңдытып қоятын боп жүрген-ді. Сол күні үйге кеш қайтқан қыз сыртқа шықса, есік алдында тұрған Кенжекейді көрді.

− Сен мұнда неғып тұрсың?

− Ағаң жіберді.

− Күзетіп тұр екенсің ғой? - деп Айғанша күлді де, бұрылып жүре берді. Күндегі әдет бойынша күн астында жалтырап жатқан ақ тымықты біраз жерге дейін кешіп барды. Сосын беті - қолын жуғалы шыт көйлектің етегін екі тізенің арасына қысып еңкейе берді де, суда дірілдеген өзін көріп тоқтай қалды. Өзіне анықтап қарағаны осы еді. Іште жатқан реніш пе, әлде жұмыстан шаршап шыққасын ба, көз жанары кірпік астында қалжырап, бұған тұнық түбінен соншалық бір салқын қарап тұр екен. Айғанша кексе қатындар арасында жұмыс істеп, бойын күтуге мұршасы келмей жүргені болмаса, өзінің Құдай берген ажар - көркіне әсте шек келтірген емес-ті. Бұрын қыз боп бойын күтпегені көңіліне кіріп-шықпаса да, осы жолы адам күлгендей алқам-салқам түрін көріп өзіне, әсіресе елеусіз өтіп жатқан өміріне налыды да, суда дірілдеген бейнесін былғалап шайқап-шайқап жіберді. Жағада өзін күтіп тұрған жеңгесіне көз салмай үнсіз жөнеле берді.

Жел тынған. Теңіз де тынып, ашық айдын ақырын тыныс алып солықтап жатыр. Жылы күздің сары шуағында кісі жанын әлдилеп, ақырын тербеткендей рахат тыныштық бар. Тек оқта-текте аңғар жақтан көңіл ашқандай қоңыр самал соғып, қимылсыз тұрған құрақ басы сілкініп сыбдырлап қалады.

Айғанша өткен жолы да дәл осы арада, дәл осы уақытта Еламанға кездескен-ді. Сонда да дәл осындай тілсіз тыныштықты қалап, көзі түскен нәрсенің бәріне көптен білетін жақсы сырласындай жүрегі лүпілдеп қуана қарап еді. Кездесуді қалаған Айғаншаның өзі еді. Үйдегі жанжалдан кейін айтары көп сияқтанып асығып болған. Бірақ, бір ғажабы, бір-бірімен кездескесін екеуі де үндемеді. Бейуақ кеште өз іштерінен тыныштық іздегендей. Айғаншадан гөрі Еламан тұйықтау болды. Айғанша онан жөн сұрағысы кеп, іштей әбігерленіп бітті. Соның бәрінде де жанына бататын бір жерін ауыртып алам ба деп, батылы жетпей тоқтап қала берді. Осы жігіттің өзінен мүшел жас үлкен екенін білді. Басына ақ жаулық түсісімен бақытсыз болған талай құрбы қыздарды көрсе де, неге екені белгісіз, өзінің келешегінен қорықпады. Бала әкеге қалай сенсе, өзі де осы жігітке шын жүректен кәмілсіз сеніп еді. Жасы қырыққа келе қоймаса да, самай шашын әлден ақ шалып, кең мандайын қасірет ізіндей әжім осып тастаған осы бір кесек тұлғалы жігітте көп сыр жатқандай. Бірінші күні ол бар жайын ақтарып салса да, келесі күні қайта кездескенде үндеген жоқ. Айтар сыр әлі де көп болғанмен өзіне қатты тыйым салып, тартынып бойын тежеп қалғаны анық. Бұл не, ұстамдылық па? Әлде өз басының қасіретін айтып, қыз жүрегін улай бергісі келмеді ме?

Айғанша балапан құрақтың арасына қалыңдап кіре түсті де, кілт тоқтады. Еламанның қажыңқы кескіні тағы да көз алдына келіп, анық, елестетіп тұрып, жан ауыртқан аянышпен астыңғы ернін ақырын тістеді. Теңіз беттен бір үзік мап-майда ескек жел соғып еді; бала құрақтар бар тобымен сусылдап шұғыл қуаныш білдіріп, құдды қыз жүрегіндегі сырға ілтипат білдіріп, үнсіз құптағандай боп еді, бірақ өз ойымен әлек боп тұрған Айғанша оны сезген жоқ.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий