Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Мына қорлықтан өлгеннің өзі артық еді.

− Иә, аясатын не қалды?.. Жаумен жауша алысатын...

− Елаға, баяғы патша заманында да жауға намыс бермей, жығылсаң та жағаласып едік қой.

Еламан үндемеді. Кісі өлтіріп, кек алу оңай, бірақ онан осы отырған жандардың есесі тола ма? Онан есе толса, кеше бүл Федоровты, Кәлен - Қаратазды өлтіріп еді... Еламан басқа жол іздеді. Тәңірбергеннің алдынан өткісі кеп, түс ауа оны іздеп барды. Тәңірберген кешегі түрікпен жорығынан кейін жұрт көзіне түсе бермей, теңіз жағасына тіккен шатырдың көлеңке жақ іргесін түргізіп тастап жұмсақ төсекте жатыр екен.

− Елаға... төрге шық! - деді ол.

− Жоқ, осы арадан кетем.

− Неге асықтық, қонақ бол! Әй, қайсың барсың!.. Ақи көз жігіт бастаған екі дәу кіріп кеп, есік алдына тұра - тұра қалды. Тәңірберген алғашқыда амандық - саулық сұрап жылы шырай берсе де, Еламан шаруасын айта бастағанда өңі суық тартып ала қойды:

− Теңіз менікі емес, Теміркенікі. Теміркеден теңдік алғың келсе, Шалқарға бар.

− Солай де?! Жанжалға барғым келмей, бітім іздеп келіп едім. Сен өлмесең тұрма деп екі ауылды бір- біріне айдап сап, қырылыстырып қойып, қызығына қарап отырмақсың ғой.

− Не десең де ерік өзіңде... - Еламан түк демей, тұрды да жүре берді. Мұнда келгеннен бері Мюлгаузиннен көрген зәбірін ұмытқандай боп жүрген-ді. Мына жағдайдан кейін тағы да қатты зәбірленіп, көкірегі қарайып келеді. Бейбіт отырған ауылға қару әкелгісі келмеген-ді. Қарудың ауылға да керегін қалғанын байқап, бір жамандыққа ойы ауа бастады. Тәңірбергенге барғанын бір адамға айтпады. Күйлері тайып бара жатқасын бір күні Мөңке екеуі Талдыбеке бойындағы былқылдақ жас талды кесіп қабадан тоқыды. Бұл екеуіне Рза мен тағы бірнеше жас жігіт қосылды. Алғашқыда олар ермек тапқанына мәз боп еді, қабадан біткесін ғана осыған дейін бұлардың басына келмеген қиындыққа тап болды: қабаданды суы толқымайтын қамысты, қоғалы басат, көлтабан болмаса, ақыраған ашық теңізге салуға болмайтын-ды. Еламан мен Мөңкені сыртта күтіп алған Әлиза:

− Не бітірдіңдер? - деп сұрап еді, Мөңке қолын бір сілтеді, Еламан үндемей, төрге өтіп кетті. Бұл ішке кіргеннен қолын созған баласын Еламан бауырына қысып отырып, іргеде сүйеулі тұрған домбыраны қолына алды. Сол бойда қос ішектен сарнап қоя берген көңілсіз саз сонан кеш болғанша домбыраның сағалығында қылқылдап тұрып алды. Бұның талайдан бері айта алмай, көкірегінде қордаланып, булығып жүрген талай - талай мұң мен зарды осы күймен жеткізіп, өксіп отырғандай. Әлиза мен Мөңке үнсіз тыңдады. Әке-шешесінің аулынан келген

Балкүмістің қара сүр беті түтігіп алған. Кімге тиісерін білмей, ыдыс - аяқтарды теуіп, есікті сартылдатып ашып - жауып, бұрқылдап бүлініп жүр:

− Қайдан келді қаңғып? Аяғында аузымызды кептіріп...

Бұған Еламанның құлағы үйренген. Бәлекейдің қаңқуына көңіл бөлмесе де, осы күні әлдекімнің баласы жылай қалса да, ас сұрап жатқан жоқ па деп шошып кетеді. «Не істеу керек? Не амал бар?» - деп ойлап отырғанда, әлдебір дауысқа елең етіп, сыртқа құлақ тікті. «Мынау... Әй, мынау Айғанша ғой», - деп ойлады. Ау - құралдан айырылғалы мүлде есінен шығып кеткен екен. Айғанша еңбек ақысына жазғызып алған бір асым балықты жөкеге орап, қолтығына қысып әкеп, ешкімге білдірмей есік алдына тастай салды. Бұрынғыдай емес, жұбау, үй ішіндегілерге көз салмай, кішкентай Әшімді маңдайынан сипады да, бір жанға ләм-мим деместен шығып бара жатты:

− Қызым, жай жүрсің бе? - деді Мөңке. Айғанша тоқтап тұра қап:

− Тек... жай... - деді де шығып кетті.

− Қайыр - садақаның алды келе бастады. Бұған да шүкір!

− Бұны кім әкелді?

− Әлгі қыз.

− Алда айналайын-ай! Қанатымен су тасыған қарлығаштай, біз қиындық көргенде осы бала бір көрініп қалады, - деді Әлиза.

− Сені қайтсін? Үйіңде бойдақ жігіт жатпаса, балық әкелмек түгіл басын да сұқпас еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий