Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Келді ме? - деді Төлеу, Кенжекей ақырын жапқан есіктің ар жағында именшектеп кіре алмай тұрған тағы біреу бардай, шыдамсызданып мойнын созып қарап еді, сәл іркіліп, ішке Қарақатын кірді. Төр алдында отырған Тәңірбергенмен амандасты. Сосын Төлеуге бұрылып:

− Көшпей-қонбай қыз жоғалтқаннан саусың ба? - деді күліп.

− Шың үйден!..- деді Төлеу.

− Қой, айналайын!.. Сен қыз жоғалтып күйініп тұрсақ, мен сол қызыңның... сол жүзіқараның бір жігітпен кетіп бара жатқанын көріп, жарыла жаздап кеп тұрмын.

− Не - е? Не деп тұрсың сен?

− Ойбай - ау, қызға қырық үйден тыйым болар еді. Сендер беттен қақпай, бұйдасын мойнына салып жібердіңдер.

− Жұмысың қанша менің қарындасымда...

− Енді, міне өзіңе жұмыс тілеп алып отырсың...

− Қандай жұмыс?

− Көресің қандай екенін.

− Аспанды үстіме құлатсақ да, турасын айт!

− Айтпас деп пе едің?!

− Айт шапшаң!

Қарақатын енді шабынып Төлеуге жетіп барды:

− Біз де қыз асырап едік. Бірақ біздің қызымыз еркектің бетіне қарамай, иманы бетінде үзіліп тұрушы еді. Ал сендердің қыздарың...

− Тоқтат!

− Мен неге тоқтатам? Аға - жеңге боп қыз ұятын қорғай алмадыңдар. Екі қатының кепелеп ішкен астан басқа білері жоқ. Беттері белдей боп отыр. Қыздарың болса... кетті, әне, түрмеден қашқан қашақпен қол ұстасып.

− Не?.. Не дедің, әй, сен қар?

− Өзің қар! Қара бетсің! Айғанша айың еді. Еламан...

Төлеу есік алдында жатқан тоң шотты ала сала жын ұрғандай сыртқа ұмтылды. Ертеден бері ешкімнің көзіне түспей, елеусіз отырған Қалау да осы арада жуан дойырды сығымдап ұстай түрегелді. Үй ішіндегі бір жанға көз салмай, қабағын түйіп, тұнжырап алған томай құлақ ағасының соңынан бүлкілдеп ере берді.

Ызалы жігіттер сыртқа жүгіріп шыққанда, мына жақтан Курнос Иван мен Дос бастаған бір топ кісі сау етіп ішке кіріп келді.

− Төлеу, тоқта!

− Жібер!

− Қыратын болсаң кейін де күн бар. Ал қазір тұра тұр. Шаруа бар, - деп Курнос Иван бөгемек боп еді, көзіне қан толып алған ағайынды жігіттер Курнос Иванды қағып жіберіп ата жөнелмек болды. Сол сәтте ту сыртынан Тәңірбергеннің:

− Қайт кейін! - деген даусы шықты. Төлеудің қолынан тоң шот түсіп кетті. Тәңірбергенге қарай алмай, ізінше кейін қайтып, Курнос Иван мен Достың тасасын ықтай тоқтады.

− Мырза, мына Мөңке ауылы бүлік бастады. Айылын жимастан кеп, бар ауын запрет жерге төгіп кетті. Не істейсің маған, мықты болсаң тиіп көр деп, күш көрсетіп отыр, - деп Курнос Иван зығырданы қайнап, дір-дір етіп жүр.

− Бұған сен қалай қарайсың? - деді мырза Досқа бұрылып.

Дос бір жанға көз салмай, қабағы қарс жабылып кетіпті.

− Ежелден бері бүлік басы Еламан. Мынау сонан шыққан сойқан ғой, - деді ол.

− Ендеше кесімін өзің айт. Теңіз сенікі. Тентек те сенікі.

− Кесім қысқа. Ауларын сыпырып алу керек. Тәңірберген Досқа барлай қарады. Әншейінде үндемей жүргенмен шынтуайтқа келгенде осы кісінің жаулық ниетті қатты ұстап, қасарып алатынын ұнатты.

− Дос ағам дұрыс айтып отыр. Күш көрсететін немелер ғой, сендер де бас - аяқтарыңды жинап, тұтасып алыңдар. Аянатын ештеңе қалмаған секілді.

Курнос Иван мен Дос бас изеп құптады да, есік алдында тұрған екі балықшыға әмір етті:

− Бар, жігіттерді жинаңдар!

Олар жүгіре жөнелді. Курнос Иван жанында отырған Төлеуді түртіп қалды:

− Ерлігіңді енді көрсет!

* * *

Балықшылар бүгін күндегіден ерте тұрды. Ешкім ешкімге бұйрық берген жоқ; ешкім не істеу керегін ешкімнен сұраған жоқ; не істеп, не қою керегін әркім өзі біліп, үнсіз тұнжыраған кісілер үн-түнсіз ескек - таяуларын алып жатыр. Риза Еламанның көзін ала бере жуан жиде қаданы ескекке қоса қолтығына қыса кетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий