Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Әлиза келді. Әңгіме үзіліп кетті. Мөңке бұл күні балықтан кеш қайтты. Кешегі дауыл ауын арқан қып есіп тастапты. Асымдық та балық ұстамаған. Оны айтпаса да, Еламан қарт балықшының түрінен байқады. Мөңкенің үсті-басы малмандай су. Зерен жүзді жылтыр қара беті бартиып іскен. Иығының басы салбырап, сүлдерін сүйреп кіріп келе жатты.

− Айғаншамысың? Амансың ба, қарағым? - деді Мөңке. Шай - суланғасын балықшылар бүгін де Мөңкенің үйіне жиналды. Ертең тағы ерте тұрып теңізге шығатындарына қарамастан олар түннің бір уақытына дейін тарамай, ананы - мынаны айтып ұзақ отырды.

− Мына бір есірік жел сендерге сор болды-ау, - деді Еламан.

− Айтатыны жоқ. Желге қарсы ескекті тарта - тарта екі қар салдырап қалды.

− Ол ештеңе емес. Ескегім сынып, бүгін мен ығып кете жаздадым.

− Апыр - ай, ә!

− Енді ескексіз қалдым...

− Ой, тәйірі, қысылатын несі бар? Судыр Ахмет ескек істеп береді ғой.

− Иә, ол Судырақ баяғыда Елағаңа да ескек істеп бергені. Балықшылар ду күлді. Жалғыз Еламан міз бақпады.

Теңіз өмірі бұған таныс. Жаз ортасы ауғасын - ақ ұлы теңіздің жел - құзы күшейеді. Су астында жүргенмен балық та басқа мақұлықтай ық іздеп, жайылым таңдап теңіз түбінің толқымайтын тыныш жерлерінде - қамысты басаттар мен қоғалы, қопақты көлдерде жүреді.

Ашық теңізде ажарлы, ірі балықтар болса болар, бірақ оны аулайтын арнаулы ау - құрал бұларда жоқ; бұлардың жаман ауына жазатайым ірі балық түссе де, шірік торлар бір бұлқынғанға шыдамай жыртылып кете беретін. «Апыр - ай, - деді Еламан ішінен, - қайда барсаң, мықтысы әлсізін талап, шырылдатып жатқан дүние. Басқасы басқа. Көк теңіздің балығын қорадағы малындай қорығаны несі? Бұнысы қай зорлық?»

Мөңке шай ішіп терлегесін жан шақырғандай болды.

− Аға - жеңгең іздеп қалар. Үйіңе қайт, қарағым, - деді ол Айғаншаның ұзақ отырып қалғанын байқап.

Айғанша бүгін біртүрлі. Ертегі тыңдаған баладай, кеш бойы Әлизаның иығына иегін сүйеп үнсіз ұйып қапты.

Үй іші жым - жырт. Май шам түтіндеп жанып тұр. Сырттан азынаған есірік желмен бірге өкірген теңіз сарыны үзбей естіледі. Әлгі бір ренішті әңгімеден кейін балықшылар біраз үндемеді. Жас бала әке алдында ұйықтап кеткен.

Қызбалау Рәйіс әуелі алақ - жұлақтап балықшыларға қарады да, сосын Еламанға бұрылды:

− Тәңірбергеннің зәбірі өтіп тұр. Кей күні осы ауылдың қазаны қайнамайды. Бұған не дейсіз? Аштан өлсең де, тұяқ серіппе, үнсіз өл дейсіз бе?

Еламан Рәйіспен бірге өзгелердің де осы сауалға жауап күтіп отырғанын байқады. Не дейді? Өлермен болсаң отқа түс деп, ызалы жандарды айдап сап, ана жылғыдай тағы да аранға жыға ма?

− Жоқтың бәрін жек көрген кісіден іздегеніміз жөн бола қояр ма екен? Теңіз жайы маған да мәлім. Балық - қашаған. Ал ашық теңіздегі балық кең даланың тағысындай, қуып ауламаса, қолға түсе бермеуші еді ғой, - деді Еламан.

− Елаға - ау, біз қумай жүрміз бе?.. Қуа - қуа таңымыз айырылар болды.

− Оны да білем.

− Білсең, бізден кінә жоқ.

− Апыр - ай, ау көзін қақпай қойды - ау? Сірә, бұл теңіздің балығы бір жаққа ауып кеткен шығар.

− Жоқ, жігіттер, баяғыда біз аулап жүргенде бұл теңіз балықсыз болмайтын. Мына Мөңке ағаларың біледі, өз аяғынан жайылатын мал секілді, балықтың да теңіз астында өрісі бар. Өрісін таппай жүрген шығарсыңдар.

Үй ішіндегі әңгімеге ертеден бері Мөңке араласпай отырған - ды. Еламанның өзіне тіреп айтқан жаңағы сөзіне ол мырс етіп күліп жіберді.

− Ие, сен жақсы айттың. Балықтың да теңіз астында өрісі болады. Тек, шырағым-ау, Темірке мен Тәңірберген балықтың да, малдың да өрісін тартып алып, өлмесең тұрма деп тұрған жоқ па?!

Еламан қысылып қалды. Мөңке енді тіпті іріленіп қызына сөйледі:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий