Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Еламан кісілерін теңіз үстінде топтан алды да, тұп-тура жағаға салды. Көзін Курнос Иваннан айырған жоқ. Бұлар жағаға тақап келе бергенде Курнос Иван кейінгі жағына бұрылып, қол бұлғап еді. Қамыс арасынан бір топ кісі жүгіріп шығып, Курнос Иванды орталарына ала тоқтады. Еламан жанжалды қаламаса да, Курнос Ивандардың мына қылығын жақтырмады. Жағаға жақындай бере өз жігіттеріне көз салып еді, бұлар да тайсалар емес. Ескек, таяуларын әлден ыңғайлап, қолтығына қысып апты. Кейбір Рәйіс секілді қызбалау жігіттер күні бұрын етігіне тығып алған жуан сойылдарын шығара бастады.

− Жігіттер, жанжал шығарушы болмаңдар, - деді Еламан.

Он қайық жағаға жақындаған сайын ескектерін бір әуенмен тартып, қол саласындай, қалмай да, озбай да бүйірін бүйіріне тақап, қатар тізіп келді де, жиекте тосып тұрған кісілердің дәл қасына тұмсық тірей тоқтады. Алдымен Еламан жағаға секіріп түсті. Қалғандары да қайықтан түсе - түсе сап, Еламанды орталарына ала иық тіресіп тұра қалды. Курнос Иван өз кісілеріне көз тастап, шолып өтті де, аналарға қарсы жүрді.

− Заңды неге бұзасың? - деді Курнос Иван.

− Қандай заң?

− Қандыөзектің аузы запрет, Теміркенің жері.

− Теміркенің арқалап әкелген теңізі жоқ. Бұл теңізден мына Мөңке балық аулағанда Теміркең дүниеге келді ме екен? Сен оны білесің бе? - деп Еламан оған салқын қабақ астынан ұзақ қадала қарады да, жүре берді.

Курнос Иван қолдағы күші кем соғарын білгесін тиісе алмады. Еламанға қарсы Дос пен Төлеудің жігіттерін көтеріп, ертеңге қалың тобырды әзірлеп қою керек. Осы ойға табан тірегеннен кейін дереу Тәңірбергенге жүгірді.

* * *

Тәңірберген қазір теңіз жағасындағы шаруаларын жиектеп қалған-ды. Өз аулынан келген пішеншілер қанша шашқанмен өндіре алмағасын үме салды. Онан соң еңбек ақысына кейін бір- бір тоқтыдан беретін боп, Дос пен Төлеудің жігіттерін жалдап, көк құрақты құлатып тастады. Шалқардан әкелген шебер ұсталар да қазір Ақбауырдағы қора жанынан көп бөлмелі үй салып жатыр. Қала сәнімен көк шатырын көтерді. Күнде басына бір барып, қырағы көзімен бақылап қайтады. Келешек тірлігінің ыстық ұясы болғалы тұрған үйді көрген сайын жігіт көңілі көтеріліп, әлі татпаған алдағы күнгі тәтті үмітін осы үйдің бітуіне қаратып жүр.

Қарындасын құтты жеріне қондыру Төлеудің де ендігі арманы еді. Жақын арада күйеу баласы болғалы тұрған жігітке қонақасы бергісі кеп, жанын жалдап жүрген-ді. Сәті бүгін түсті. Пішен шапқан ақысына алған тоқтыны өріске жібермей, оң босағаға байлап қойды. Ендігі жерге қыз бен жігіт жиі кездесіп, жүздері ашыла берсін деген ар жағында бір есебі болғасын күйеу қасына ешкімді қоспады. Және Тәңірбергенді әдейі Айғаншаның жұмыстан шығатын кезіне туралап, ақ пен қызыл арасында ертіп әкелді.

Балжан мен Кенжекей кедей үйдің бар жылтырағын бетке ұстап, төрге төсек жайып қойған екен. Үйге жақындағанда Төлеу жүгіріп барып, қонағының алдынан есік ашып, ілгері өткізіп жіберді. Есіктен басын сұқпай жатып ол іште қыздың жоғын байқап, табалдырықтан аттай бере тоқтай қалды. Қонақ төрге шығып отырам дегенше ол Кенжекейді ымдап, сыртқа шығарып алды.

− Айғанша қайда?

− Жұмыстан қайтқан жоқ.

− Оттапсың. Жұмыстан әлдеқашан шықты.

− Кейде балық көп болса түннің бір уақытына дейін ұстап қалады.

− Жоқты соқпа! Ол қыз дәу де болса мына ауылда, Мөңкенің үйінде. Тез бар да, ертіп әкел.

Тәңірберген үй ішіндегі ыңғайсыздықтың жөнін байқаса да, түк білмеген кісіше қаннен-қаперсіз отыр. Төлеу қонақ алдында кешірім сұрағандай, қипақтай бастады.

− Сорлы бала анасын ұмыта алмай, өгейсіп жүр. Әлиза маңдайынан сипағанға...

Сырттан дыбыс шықты. Төлеу құлағын тігіп еді, өзі күткен кісі болмағасын қайтадан қипақтап: «Әлгі найсап неге кешікті? » - деп ойлады. Не істерін білмей, терісі тарылып отыр еді, есік ашылды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий