Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

− Жайшылық па, шырағым? — деп сыпайы жөн сұрады. Қарт балықшының момын жүзін көргенде, дөкір жігіт өзінің адуын түрінен ыңғайсызданып қалған сияқты. Арғы жағында ақтарылғалы тұрған ашулы сөздерді тура бастамай, әуелі жанында жел шайқап ырғалып тұрған бір шоқ сарсолмаға қол созды. Осындайда шөп екеш шөп те көлеңдеп көзге түсіп жынына тиіп біткендей, жел астында ырғалған сарсолмаға қолын созып ұмтыла бергенде, о да бұлғаң етіп, басын ары алып қашып, дәл ұстар жерде уысынан шығып кетті. Шөптің мына қылығы онсыз да зығыры қайнап отырған жігіттің ызасына тиді. Құйрығын басып отырған жерден жедел көтеріліп, ұмтылып барып, ызасына тиіп болған сарсолманы шеңгелін толтыра уыстап жұлып алды да, лақтырып жіберді.

− Жел айдаған қаңбақтай жер - суымды тастап, қара іздеп қастарыңа келіп едім. Құйрық -жалым қысқа еді. Айғанша қыз болса да қасымда қара боп жүрген жалғыз қарындасым еді. Мына Еламан інің азғырып жарық көңіліме жара сап жүр.

− Қой, жарқыным, өсек шығар...

− Жоқ, шын.

− Өз көзіңмен көрдің бе?

− Көрген кісі бар.

− Кім? Кім ол өзі?

− Қайтесің, ақсақал?! Онан да ана жігітіңе айт! Қарындасымнан аулақ жүрсін. Әйтпесе...

− Іркілме, шырағым. Әйтпесе не істейсің, оныңды да айт.

− Аяғын қырқам. Айғырлық қылатын неме ғой, ат қып тарттырып жіберем!–

− Е, бәрекелді, ер екенсің. Сәлеміңді айтайын. - Төлеу тұрды да жүре берді. Жер шұқылап отырып қалған қарт балықшымен қоштасқан жоқ.

Жамандықтан жүрегі шайлығып қалған қарт балықшы мына жігіттің жаулыққа кеткен түрін жақтырмады. Еламанды алдын ала сақтандырып қойғанды жек көрді.

Бүгін бұл ауылда бір оқшау қонақ бар. Ол- Құлтума. Ана жылы мұзға ығып, бір аяғы үсіп ақсақ боп қалған соң балықты тастап өз еліне кеткен-ді. Сонан бері қара үздіріп, хабар-ошарсыз жүріп, өткен күні ойда жоқта келді. Еламан Құлтуманың келгенін сылтау қып, қолы бос қарап отырған кісілерді Рейістің үйіне жинап еді. Мөңкенің кіргенін ешқайсысы байқамады. Үй толы кісілер Еламанды орталарына ала отырыпты. Қызбалау жігіттердің делебесі қозып, «е, пәлі!» - деп көтермелеп қояды. Еламан бұл отырыста тіпті бір түрлі. Қас жырауларша тақымының астына бір жастықты басып апты.

Ақ домбыраның қос ішегін сабаламай, саусағының ұшымен тыңқылдатып шертіп отыр. Жан адамға көз салмай, күлімдеген жүзін жоғары көтеріп жадырай түсті де, кенет тамағын кенеп қалды. Содан кейін салған жерден шырқай жөнелмей, ойнақы әннің басын баяу алып:

Басына шауып шықтым Айырықтың,

Даусымнан құйқылжыған айырылыппын.

Он екі ай қыз көрмеген сорлы басым,

Қатынға тезек терген қайырылыппын, -

деп даусы жетпей бара жатқасын осы арада домбыраның қос шегін үзетіндей кіжініп, қаттырақ қағып-қағып жіберді.

− Уәде!

− Қайтсін - ау, байғұс ағынан - ақ жарылып отыр-ау!

− Өзі ме шығарған?

− Әй, бәдік болғыр, бұл Батақтың Сарысының Жармола түрмесінен қашып шығып, еліне қайтып келе жатқанда шығарған өлеңі ғой.

− Болса болар. Ал бірақ мына Еламанның ар жағы бұзық. Сары ағасының сылтауымен, тап осы арада қу бала өз көңілінен хабар беріп жатпасын.

Мөңке төрге шықпай есік алдында тұрған-ды. Ән үзіле бергенде ол:

− Еламан, қарағым, бері шығып кетші, - деді. Еламан қолындағы домбыраны Құлтумаға ұстата салды да, сып етіп түрегелді. Мөңкенің артын ала сыртқа шығып, үй жанында ұзарып қалған көлеңкеге екеуі қатар отырды. Мөңке оған Төлеудің сөзін түгел жеткізді де, «кәне, бұған не дейсің?» - деген сұрақты кескінде бағып қалды.

Еламан өзінің ойлауға да қорқатын нәрсесіне қыз ағаларының қалай аузы барғанына қайран.

− Төлеудің түрі жаман, абайла, - деді Мөңке.

− Құдай-ау, Төлеуді қайтейін? Мен қыздың көңілін біле алмай қор боп жүрмін ғой.

− Қыз кет әрі болмаса қайтесің?

− Онда тайынарым жоқ.

− Алып қашасың ба?

− Жоқ, тал түсте, төрт көздерінің түгелінде алып кеп, үйіме кіргізіп алам.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий