Knigionline.co » Казахские книги » Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов

Книга «Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Трилогия Абдижамила Нурпеисова «Кровь и Пот» - это способ социального и психологического анализа, сплетение в две ткани одного каната. Автор повествует о стране народе, о его судьбе. Произволение в жанровом отношении не схоже ни с одним. Трилогия «Кровь и пот» состоит из романов: «Сумерки», «Свежесть», «Разруха». Название «говорит» о том, что мы мало встречаемся с Солнцем, светящим с потолка. Главный герой произведения постоянно томится, но в сердце его родной край занимает особое место. Любовь автора к своей культуре, природе, считывается в описании истории страны, песни Шалкара.

Кровь и пот. Книга II. Бодрствуйте / Қан мен тер. II кітап. Сергелдең - Абдижамил Нурпеисов / Әбдіжәміл Нұрпейісов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Балкүміс әкесінің үйінен ашулы келді. Есік алдында жатқан итті бір тепті. Онан бұрқылдап сөйлеп жүріп жолында тұрған ыдыс - аяқты лақтыра бастады. «Ендігі кезек менікі», - деді Мөңке.

− Су патшасы Сүлеймен... отырсың ба?

Мөңке ойының дәл келгеніне таңданбады. Әкесінің үйінде кімнің не дейтіні бұған белгілі. Әсіресе Қарақатынның айтатын сөздері көкірегінде сайрап тұр. «Сорлы!- дейді ол әрине. -Күйеуге шыққасын да сорың арылмады, иығың жылтырап әлі бір көйлек киген жоқсың, -дейді ғой ол. - Екі қақбастың отымен кіріп, күлімен шығып жүрсің», - ден, ол жақтан Қарақатынның қызын ширықтырып жіберетінін біледі. Қарақатынның есі - дерті Балкүмісті бұнан айырып алып, өзінің айтқанынан шықпайтын біреуге қосу. Көздеп жүрген кісісі де бар. Ол кісісі, бірақ қазір жараланып, ес-түсінен айырылып жатыр.

− Осы үйге пенде болғаныма жылдан асты. Иығым жылтырап әлі бір көйлек кимеппін.

Мөңке мырс етті.

− Неге күлесің? Сол бекер ме?

− Әулиелігіме күлем...

− Адыра қал! Қатын-баласын асырай алмай жүріп, әулиеліктен дәмесін қайтейін.

− Айта түс. Сөзіңнің төркінін танып отырмын.

− Тұтақ! Сен сөзге түсінетін бе едің? Сен бірдеңе түсінсең, осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығып жүрмін. Ебіл-себіл түрім мынау.

− Иә, түрің келісіп тұрған жоқ. Бетіңе түгіңді шаншып түйіліп келіпсің.

− Менің түгім денеңе қадалды ма?

− Қадалмағанда ше... Ұрыс жоқ жерде ұрыс шығарасың. Кәне, айтшы, саған не жаздың? Жазығымыз не?

Балкүміс басылып қалды. Мөңке оның сөзге тоқтағанына таң қалып, жағасын ұстағандай боп отырғанда Балкүміс қайта көтерілді. Қолға алғанға жұбанбай, қақылдап жылап жүрген баланы Әлизадан жұлып алды.

− Сенің не пәлең бар осы? Сен алсаң бала жылай бастайды.

− Маған қайт дейсің, табанына сүлік салып жатқаным жоқ. Бала шағатын жыланым да жоқ. Алақаныма салып аялағаннан басқа...

− Тұтақ! Аялап қарық қылғаның белгілі.

− Әй, қоясың ба, жоқ па? - деді Мөңке маңынан қолға іліккендей әлдене іздеп.

− Әкіреңдеме. Ал қоймадым. Сонда не істейсің? Кәне, қайратыңды көрсетші.

Бұрын бұндайда отбасының тыныштығын ойлайтын Әлиза ерлі - зайыпты екеуін татуластырмақ боп шыж-быж боп араға түсетін-ді. Бұ жолы бірің өл де, бірің қал дегендей есік алдында жатқан ала қапты алды да, ауыл сыртына тартты. Долданып алған бәлекей, әлі де болса тілін тартпай, шаңқылдаған даусы сонан қашан бұл бір қырдан асқанша естіліп тұрды.

Осы күні қарт ана үй ішіне ренжігенде үн - түнсіз қабын алып, түзде тезек теріп, ұзақ жүріп қайтатын. Отбасынан маза қашса да, бар өмірі өткен мына дала қашанда бір қалыпта, сәл ұзап қыр басына шықса қарт ана түс шайыспаған кәрі танысына қауышқандай болады. Мына жақта - Кендісай. Ана жақта - Талдыбеке. Анау - Ақбауыр. Осылардың жел жағында тұмсығын теңізге тіреп жоны күдірейіп көлбеп жатқан мыжырық тау - Бел - Аран. Бұл жарықтық осы өңірдің халқы бастан кешкен бағзы заманнан бергі бар қуаныш, бар реніш, қасірет - қайғы бәрі - бәрінің үнсіз айғағы, көне көз куәсі ғой! Бір толғағында... сол қай баласы еді... Уһ - һ, ұмыта бастапты - ау... Әділжан ба, әлде Жаңылжан ба... осы екі жарығымның бірі... толғақ қатты боп жаны құрғыр шырқырап көзіне көрінгенде бұл әулие - әнбиелерге, сосын Бел - Аранға сиыныпты. Оны өзі білген жоқ - ты. Кейін қатындар айтқанда бұл құйттай да қысылған жоқ. Неге екенін қайдам, осы мына кәрі Бел - Аранның кісі қиналғанда желеп-жебейтін аруағы бар киелі жер сияқтанады да тұрады. Атын атағанда да басқа жұртқа ұқсап турасынан қойып қалмай, «жарықтың Бел - Аран », - деп пір тұтып атайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий