Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Өзіне нағыз қасқырлық айлакерлік, жабайы жыртқыштардың қатерлі әбжілдігі тән. Бұғап қоса овчарканың ақылдылығы мен сенбернердің ұғымталдығы бірдей жұққан еді. Осының бәрі өмірдің қатал мектебі арқылы жинақталған тәжірибеге қосылып Бэкті тағы ормандарда ақырған кез келген аңнан да қауіптірек қыла түскен. Енді тек шикі етпен ғана қоректенетін бұл ит күші кемелденіп, өмірлік қайрат-жігері арнасынан асып-төгіле бастаған. Торнтон арқасынан сипаған кезде Бэктің түгі бейнебір әр талының түбінен жасырын магниттік ұшқын шашырағандай сытыр-сытыр ететін. Оның бойындағы, денесі мен миының әрбір клеткасы барлық сіңірі мен бүкіл жүйке талшықтары біркелкі ғажайып ырғақпен толықтай тепе-тең, ширыға тіршілік етер еді. Не көрсе де, не естісе де, жауап қатуды талап еткен нәрсенің бәріне Бэк найзағай оғындай ұшқырлықпен әрекет жасайды. Солтүстік тұқымдас иттер тез қимылдап, шабуылдан жылдам қорғанады. Ал Бэк мұны олардан екі есе жедел атқарады. Өзге иттер қимылды көріп, дыбысты естіп, мән-жайды ұғып болғанша Бэк барлық қимылды олардан бұрын жасап үлгереді. Бэк істі қабылдау, шешімге келу, әрекет етуді бір мезгілде орындайды. Осынау үш сәт - қабылдау, ұйғарымға келу, қимылдаудың бірінен кейін бірі атқарылатыны белгілі. Алайда Бэк үшін бұлардың аралығындағы мезеттердің жоққа тән көрінетіні сонша, осының бәрі бір мезгілде өтетіндей болатын. Күш-қуатқа толы бұлшық еттері болат серіппе секілді жылдам, әрі дәл қозғалады. Тұла бойын кернеген асау арыны денсесін күл-парша етіп жарып шығып, арнасынан лықси-төгіле, бүкіл дүниені жайлайтындай әсер туғызады.

─ Бұл әлемде дәл осындай ит жоқ, болмаған да! - деді бірде станнан асқақ басып шығып бара жатқан Бэкті бақылап отырған Джон Торнтон жолдастарына.

─ Иә, қалыбы бұл құйылып біткеннен кейін қақырап қақ айырылып, түкке жарамай қалған шығар! - деп төндіріп қойды Пит.

─ Құдай ақы, мен де солай ойлаймын, - деп қоштады Ганс.

Бұлар Бэктің станнан қалай шыққанын көрген еді. Бірақ орманға еніп, адам көзінен тасалаған бетте оның бойындағы сонау мезеттегі үрейлі өзгерісті байқай алмаған-ды. Тоғайда ол мұншалықты маңғазданбайды, онда бірден жабайы жыртқышқа айналып, ағаштар арасында сыбдырын білдірмей мысықша бұға басып, ормандағы көп көлеңкеге астасып кетеді. Кез келген жерге жасырына қояды, бауырымен жыланша жылжып, тұтқиылдап жыланша шабуылдап, соққы береді.

Құрды соншама ептілікпен ұясынан суырып ала салады, ұйықтап жатқан қоянды қағады, ағашқа шығудан бір мезет кешіккен ала тышқандарды қалт жібермейді. Бұдан қаптаған судағы балықтар да құтыла алмас еді. Тіпті өздерінің тұрақтарын жөндеп жатқан құндыздардың аса сақтығы да іске аспай қалатын. Бэк жемтігін мақсатсыз қатыгездікпен емес, қарын тойғызу үшін өлтіреді. Және өзі қаққан азықты ғана жеуді ұнатады. Аңға шыққанда кейде ерігетін мінезі де жоқ емес-ті. Мәселен, ақ тиінге ұрланып жетеді де, сәл қимылдаса-ақ аузына түсіп тұрған оған өлердей зәресін ұшырып ағаш басына құстай ұшып шығуға мүмкіндік береді.

Күзге қарай орманда бұлан көбейді - олар төмендегі жылылау алқапқа қыстау қамымен баяу жылжи көшіскен. Бэк табыннан қалып қойған бұзаулардың бірінің сілікпесін шығарып қуды. Әйтсе де оның ірірек жемтікке түскісі келген еді де, бірде тілегеніне тay бөктеріндегі өзен сағасында ұшырасып қалған. Мұнда орман мен өзендер өңірінен тұтас табын - жиырма бастай бұлан келген екен, көсемдері бойы алты футтан асатын ірі бұқа көрінеді. Өзі ызадан аласұрып-ақ үлгерген. Бэкке бұдан қатерлі қарсыласты тілеудің өзі қиын еді. Бұлан он төрт тармақты алып мүйізін шайқап тұр. Кішкене көздерінен долы өшпенділік оты ұшқындаған ол Бэкті көрген бойда құтырынған ашудан өкіріп жіберді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий