Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көз байланды, ағаштардың ұшар басынан төнген толық ай төңіректі күміс нұрға бөледі. Осы түні тоған түбінде торығып отырған Бэк орманда өзі үшін өзге бір өмірдің басталғанын айқын сезінді. Ол орнынан тұрды, айналаға құлақ түріп, ауаны иіскеледі. Алыстан әлдебір әлсіз, бірақ өте анық ұлыған үн естілді. Одан оған тұтас хор қосылған. Ұлу біртіндеп күшейе түсті де, сәт сайын тақала берді. Бэк қайтадан бұл дыбысты өзінің сана түкпірінде сақталған өзге бір әлемде естігендей болады.

Сөйтіп ашық алаңқайға шықты да, құлақ түрді. Иә, бұл сонау сарынның өзі, сол көп дауысты сарын! Бұрын дәл мұнша күшпен сарнамаған болар, дәл қазіргідей арбамаған да шығар, Бэк оған ілесе жөнелуге даяр еді. Джон Торнтон өлген. Соңғы дәнекер үзілген. Бэк үшін оның талаптары мен құштарына ие болатындай адам енді жоқ.

Үндістерге ұқсап тірідей олжа қаққан қасқырлар үйірі көшкен бұландардың ізіне түсіп, ормандар мен өзендер шетімен өтіп бара жатқанда Бэктің алқабына тап болған-тын. Олар ай шапағына шомылған алаңға сұрғылт ағындай лықсып шыққанда бұларды дәл ортада тас мүсіндей қасқайып Бэк күтіп тұрды. Осынау тапжылмаған алып хайуан қасқырлардың зәресін алған еді, бірақ бір сәттік қобалжудан кейін олардың арасындағы ең батылы Бэкке қарай қарғыды. Көз ілеспес жылдамдықпен соққы беріп үлгерген Бэк оның мойын омыртқасын үзіп жіберді. Ол бұрынғысынша, бірталай уақыт қалт етпестен тұра берді, ал оның сырт жағында жанталасқан қасқыр дөңбекшіп жатты. Одан соң тағы да үш көкжал кезек-кезек шабуылдауға тырысқан - бірақ бәрі де қанға боялып кеңірдегі немесе иығы жұлмаланып кері серпілді.

Ақыр аяғында Бэкке бүкіл топ жабылды. Жемтікке құмартқан бөрілер оған бір-бірін кимелеп иін тіресе ұмтылған. Алайда Бэктің керемет әккілігі мен ептілігі көмекке келді. Азу мен тырнақты іске қосып, артқы аяқпен шыр айналған ол басқыншылардан қорғанып бақты. Әлгілерге сырт жағын беріп қоймау үшін шегінуіне тура келген. Ол тоғаннан ұзап, кепкен өзеннің арнасына іліккенше шегіншектей берді.

Сөйтіп биік жарға тірелді де, одан өтіп алғаннан кейін қожайындары шаймалауға құм алып жүрген орға дейін жетті. Бұл тұста үш жағынан бірдей қорғанып алған болатын. Енді жауды тек маңдайдан тойтару ғана қалған-тын.

Мұны ойдағыдай атқарғаны сонша, қасқырлар жарты сағаттан кейін әбден абдырап, кейін ысырылды. Тілдері салақтап зорға демалады. Алмас азулары ай жарығында жылт-жылт етеді. Біреулері тұмсықтарын көтеріп, құлақтарын тікірейткен күйі жата-жата кетісті. Екіншілері Бэкті аңдып тұр. Кейбіреулері тоған суын қомағайлана жұтады. Бір мезгілде ірі, арық қасқыр ақырын басып алға шықты. Қимылынан достық пейілі айқын байқалады, ─ сонда ғана Бэк тәулік бойы орман арасында қоса жортқан жабайы бауырын таныды. Көкжал ақырын ғана қыңсылады да, Бэк те оған дәл солайша жауап қатты; сөйтіп өзара иіскелесе бастаған.

Бұдан кейін Бэкке таласудан тұла бойында сау тамтығы қалмаған тағы бір кәрі қасқыр таяу келді. Бэк бастапқыда тісін сақылдатқанымен, онымен де иіскелесті. Осынау салтанаттан соң қарт қасқыр шоқиып отырды да, тұмсығын айға көтеріп созылтып ұли бастады. Қалғандары да сөйткен. Бэк ұзақ түндерде мазасын алған сонау сарынды таныды. Бұл да отыра қалып ұли жөнелді.

Бәрі тыншыған мезгілде қорғанған орнынан шықты да, мұны қоршай алған бүкіл үйірдің тең жартысы достықпен, екінші бөлігі жауыққан түрде жағалай иіскелеуге кіріскен. Көсемдер ұлуды тағы жалғастырып, орманға қарай жөнеді. Соңдарынан ілескен бөрілер де қосыла ұлып келеді. Жабайы туысына еріп Бэк те жүгіріп берді. Ол да жортқан бойда ұлып қояды.

Осымен Бэк туралы әңгімені аяқтаса да болар еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий