Knigionline.co » Казахские книги » Родовой мотив / Тектік сарын

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон

Книга «Родовой мотив / Тектік сарын» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Писатель рассказывает о событиях, происходивших в разных регионах, где не каждому доступна, лишенная цивилизации, природа… Автор описывает внутренние качества, ценности, жизненные ориентиры людей, живущих в этих местах...

Родовой мотив / Тектік сарын - Джек Лондон читать онлайн бесплатно полную версию книги

Арала біраз жылдар өткенде ихеттер ормандағы қасқырлар тұқымының едәуір өзгергенін аңдаған. Басы мен тұмсығында қоңыр дағы, омырауында ақ жолағы бар көкжалдар ұшыраса бастады. Ең кереметі ихеттердің айтуынша, қасқырлар үйірін Ит Рухы бастап бара жататын көрінеді. Бұлар осы иттен қатты қаймығатын еді, өйткені ол айлакерлеу. Қақаған аяздарда қорларын ұрлайды, қақпандағы олжаларын алып кетеді, иттерін жеп қояды және ең жаужүрек аңшылардан да сескенбейді.

Бұдан да қорқынышты нәрселер айтылып жүрді: кейде орманға кеткен аңшылар тұраққа қайтып оралмайтын, кейін қайсыбіреулерін кеңірдектері жұлынып өліп жатқан жерлерінен тауып алған. Ал айналасындағы қардағы із қасқыр табанынан ірірек дейді.

Иттер күзде бұлан аулауға шыққанда бір алқапты ылғи айналып өтеді. От басында сол алқапты Жын-Шайтанның баспана қылып алғаны туралы әңгіме басталғанда олардың әйелдерінің жүзін мұң кіреукелейді.

Иттер бұл алқапқа жазда бір орман жыртқышының соғатынын білмейді. Ол - өзге бөрілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да, түгі жалтылдаған алып қасқыр. Өзі тоғай түкпірінен жалғыз өзі шығып, алқапқа, ағаштар арасындағы алаңқайға түседі. Мұнда тоз-тозы шығып, ішінен жерге алтын құм сорғалаған бұлан терілі қаптар жатыр. Араларынан сорайып өскен биік шөп алтынды күн көзінен көлегейлеп тұрады.

Таңғажайып қасқыр осында бірталай уақыт ойланған пішінмен отырып, құмыққан үнмен ұзақ ұлып-ұлып, ақырында кетеді.

Кейде топпен де келеді. Ұзақ қысқы түндер басталғанда алқапқа жемтік іздеген басқа қасқырлар да түседі, сонда оның лек басында жортып бара жатқанын көруге болады. Ол әлсіз ай сәулесі астында немесе солтүстік шұғыланың мың құбылған жарығы аясында өз бауырластарының арасынан жотасы ерек көрініп, барлық үнімен әлемнің сонау балғын кезіндегі әуенді - қасқырлар үйірінің әуенін күңірентіп бара жатады.

ТЕҢІЗ ТЕРМИНДЕРІНІҢ

ҚЫСҚАША СӨЗДІГІ

Анкерок ─ тұщы суға арналған кеспек.

Бак ─ жоғарғы палубаның тұмсық жағы.

Бакштаг ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 100°-тан 170°-қа дейінгі аралықты құрайды.

Баркептина ─ шлюпкада ескекшілер отыратын орындық, үш немесе одан да көп мачталы желкенді кеме. Мұндай кеменің алдыңғы мачтасындағы желкен түзуінен, ал қалғандарында қиғаш орналасады.

Бейдевинд ─ кеме бағытының бір түрі. Бұл бағытты ұстағанда кеме жүрісі жел бағытымен 10°-тан 80°-қа дейінгі аралықты құранды.

Бизапь-мачта ─ үш немесе одан да көп мачталы кеменің ең артқы мачтасы.

Бимсы ─ кемеге көлденең бекіткен белағаштар. Палуба осылардың үстіне қондырылады.

Битенгтер ─ арқан-жіптерді бекітуге арналған ағаш немесе металл тұғыршалар.

Бом-кливер ─ кеме тұмсығындағы үшбұрышты қиық, желкендердің алдыңғысы.

Брашпиль ─ зәкір немесе құрал-жабдықтарды көтеруге арналған айналмалы шығыр.

Арқан бухтасы ─ шиыршықтап (шумақтап) оралған арқан.

Бушприт — кеме тұмсығына шамалы шығып тұратын ағаш бөрене.

Бом — кливер мен кливердің алдыңғы төменгі бұрыштары осы бөренеге байланады.

Ванттар ─ мачтларды тігінен ұстап тұратын, бір ұштары бортқа байланған құрал-жабдықтар. Арқан баспалдақтары бар.

Верт ─ кішірек зәкір.

Вымбовка ─ зәкір шпилін қолмен бұрап көтеруге арналған шығыр.

Жел бетіне шығару ─ желкеннің төменгі артқы бұрышын жел жақтағы бортқа қарай ауыстыру.

Галион ─ үлкен желкенді кеменің бір түрі.

Галс ─ кеменің жел ыңғайына қатысты бағыты. Мысалы: он немесе сол галспен жүру дегеніміз ─ он жақтан немесе сол жақтан соққан жел ыңғайымен жүру деген сөз.

Галфинд ─ кеме бағытынын біртүрі. Бұл бағыт кезінде кеме жүрісі 80"- тан 100"-қа дейін бұрыш жасайды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий