Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Көбінесе жай сөз сөйлестік. X. қаласының өсегі, әркімнің біз туралы сөзі, менің оқыған қыз туралы пікірім... Мұнда келгендегі бір мақсұтым... тағы сондай жанама сөздер. Аяғында пердені ашу керек дестік. Көбірек сөйлесу үшін бір жер керек болды. Ол бір күні біздің пәтерге келмекші болды. Бірақ үйлеріңіздегі балалардан сыр шашылып кетпесін деді. Екеуміз көп сөйлесетін кісідей болсақ та, сөйлесе алмадық, үйлестіре алмадық. Керекті сөз аузымыздан шықпады. Жүрек сырын көзбен ғана білістік. Мен қайтам-қайтам деп келе жатып, қас қарайғанда үйіне жеткенше еріп барыппын».

«Март - 18.

Ойында болдық. Ол келді. Бұрынғы орнында отырды. Мен қарай бердім білем: жеңгесі маған: кейінгі қатарға отырасыз ба?— деді. Ол кейінгі қатарда еді. Орын ауыстырдық. Сондай құмартыппын, ол қараса менде тағат қалмайды. Сондай құмартып отырған көңілді антыракты кезінде үш-төрт шәкірт бұзды. Олар оны жібермей, қамалап сөйлесіп тұрып алды. Біреуі баяғы шығарып сала беретін жігіт. Не сөйлескенін білмедім. Бірақ оған жағымды сөз емес-ау деп жорыдым.

Ойын басталған кезде ол келіп жеңгесіне сыбырласты. Жеңгесі ренжіп отырды. X. қаласында тұру керек емес, кету керек деп, маған да айтты. Мен де бұл қаланың адамдары бұзық деп жамандадым.

Жеңгесімен екеуміз орын ауыстырдық. Мен оның қасына отырдым.

Қапай екеуміз оларды үйіне апарып салдық.

Баяғы шығарып сала беретін сары бала біресе алдымыздан, біресе артымыздан шығып, қасқырша торыды да, бізді сақ күзетші деп ұқты білем, бір уақытта шылымның отын алдымыздан жарқылдатып, шашып, жанап өте шықты. Мен: — мынау кісі өртей ме? дедім. Ол: — сонша аямай неғыпты? Кісі аяушыл болу керек емес пе?— деді. Мен ол мейірімді екен деп ойладым.

Мана сөйлесіп тұрғанда, Күләнді біздің пәтерге барасың деп, сөгіпті (онысы өсек). Және олар (шәкірттер) наурыз жасамақ екен. Күләнді соған шақырыпты. Күлән олармен қатынасын үзгісі келмейді: бірге оқып жүрген жолдас қой, өсектей береді,— дейді. Олар онсыз да өсектемей жүр ме? — Япырай! Сіздікіне енді қалай барамын?— деді. Мен оларды елеме десем де, болмайды. Не ғажап?! Солармен не қатынасы бар екен?!».

«Март — 19.

Мұнда «Қаланшаның» сағаты бір дұрыс соғылмайды. Қасынан етіп бара жатқан кісіден: — Қай уақ болды?— деп сұрап соғады екен. Мұндағы оқушылар неткен көргенсіз: екі бала сөйлескенде: іспектакіл бола ма? Болса, ойнасшылармен (орысша бл...дармен) жүреміз бе деп ойлап едік депті, (онысы жолдас қыздары; ішінде Күлән да бар)».

«Март — 21.

Әбікенде қонақта болдық. Қымыз іштік. Аса қызық болмады: екі қыз (Күлән мен Жәкім) жолдастарының наурызына кетіпті.

Күлән оларды жамандайтын, жек көретін. Жек көре тұра олардың сауығына кеткенін не деп білу керек? Оларды сыйласа жамандамас еді. Бұл қызда бет болмағаны ма? Қайратсыздығы ма? Өсектен қорыққаны ма? Жақсыны жақсы деп сүйіп, жаманды жаман деп жиренбеген кісі — ешнәрсені талғамайтын, тұтынған жолы жоқ адам болу керек қой. Менің әспеттеп жүрген періштем осындай болды ма? Қайғы... бұдан үлкен қайғы жоқ. Өзі не дәлел айтар екен? Көреміз».

«Март — 22.

Кешке сол үйде болдық. Қыздардың наурызы туралы сөйледік. Жеңгесі бізге қосылып, олардың барғанын теріс қылды. Күлән өз ісінің қате екенін мойнына алды. Жеңгесі әдейі Қапаймен сөйлескен боп отырды. Біз пештің қасында түрегеп тұрып, азырақ сөйлестік. Мен біздің пәтерге келуін сұрадым. Ол өсектен қорқа береді, осы қаладан кеткен соң... дей береді».

«Март — 24.

Сағат алты жарымда школға жиналысқа бардым. Жиылған жоқ екен. Есік алдында біраз тұрдым. Қасында бір кішірек бала бар, бұрыштан Жәкім шықты, қолында шиыршықтап ұстаған қағазы бар. Жасы он тоғыз, жиырмаға келіп қалған қыз ғой. Ол туралы өсек аттың қара қапталынан. Бозбаламен жүрем деп сабаққа ере алмай, бір орыс үшітелінен даярланып жүр деп естігем.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий