Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мені көріп, қасындағы баласын бір жаққа жұмсады. Баласы кетіп бара жатқанда, дауыстап: Күлән да, Мәдише де келді деп айт!— деді. Ол — маған естірткені.

Орыс қыздары қасынан бозбала өтіп бара жатса, өлгенше қызық сөз айтып келе жатқандай, бозбала қарасын деп, саңқылдап сөйлесіп, қаңқылдап күлетін еді. Жәкімнің мына саңқылдауы аумаған солардың мінезі. Бұзылған қыздардың барлық сыртқы мінезін жаттаған да қойған. Саудагер әйелдер еркекке жұғысқысы келсе, не тамағын кенейді, не көзін қысады, немесе сондай бір айқын белгі береді. Мына қыздардың өтірік күлуі, саңқылдауы да соның ағайыны ғой. Япырау! Оқыған қыздардың бәрі осы боп кеткені ме? Сызылған қыз қылығы бола ма?».

— Онысы рас-ау! Оқыған қыздар тіпті еркекті өзі шақырып тұрады ғой.

— Бұл енді орыс қыздарының мінезі. Біздің қыздар да солардан тәлім алады ғой. Сынық екеш сынық та жұғады дейді.

— Сүйткенмен кішкене иба керек қой.

— Әрине.

«Март — 26.

Кешке сағат алтыда Күлән біздікіне келді. Есікті жауып алып көп сөйлестік. Өткен өмірді, өсекті, мінезді, махаббатты, келешек планды, — бәрін айтыстық. Аяғында сүйісіп айырылдық. Ол сөзінің аяғын ағасына сілтей берді: Мені оқытқан сол еді. Оның еңбегін зая қылғандай болам ғой,— деді. Және оқи түсемін деді. Мен екеуін де себеп емес дедім. Шын жүрегіңнен шыққан бір ауыз сөзің керек дедім. Оған келесі жолы жауап бермек болды. Өзі ұялып, қысылған іспетті, қызарды, терледі. Мен де құшақтап, қысып, терлеттім білем: көңілде тәтті әсер қалдырды.

«Еңбекшіл қазақ» келді. Бернияз бір қызбен екеуі атылып өліпті. Қайғылы хабар. Жігерлі жас ақын еді: аяныш!.. Қандай себеп болды екен? Қазақта өзін өлтіру сирек болушы еді. Мынау бір таңданарлық іс. Әлде мастық, әлде махаббат, әлде алдану, әлде жауыз тұрмыс... Әйтеуір бір ауыр күйік биледі ғой. Өмір шіркін қалай шолақ (?)».

«Март — 28.

Белинский айтқан екен: «Қиялдан шыққан махаббат таза жүректен шыққан махаббаттан ауыр, жаман болады. Қиял махаббаты жүрекке түссе, ауыр тас түскен секілді, қозғалтпайды, жанышады, улайды деп. Сол рас па деймін. Сарғаю, күйіну, — жүрек қатты ауырады».

«Март — 29.

Кешке Қадиша жеңгейде болдық. Ай жарық, күн жылы еді. Көшеде қыдырдық. Күләнмен сөйлестім. Өз пікірі жоқ: «Мария Алексей қызы не айтар екен?» деген секілді, аға-жеңгем не айтар екен, қалай қарар екен дей береді. Жарымадым. Оқыған қыздың оқымаған қыздан айырмасы болмағанына кейідім. Бір қыс ораза ұстап, босқа әуре болған екем деп, қынжылдым».

«Апрель — 4.

Қапай хат жазып, ғашық боп жүретін Марияш деген қыз Күләнға: Ақбала маған хат жазды,— деп мақтаныпты. Мен жазбағанымды, жазбайтынымды дәлелдедім. Қапай менің сырлас жолдасым. Ол Марияшты алам деп жүретін. Қапаймен оның жүргенін Күлән өзі де көрген. Мен: ол өсек болар; сенімен арамызға жік салмақ ойы бар шығар; әйел күншіл келеді ғой. Маған нанбасаң, менің оған жазған хатымды көр, сұрап ал...— дедім. Әйтседе нанбағандай болды. Күлән өтірікке, өсекке нанғыш көп қыздың бірі екен деген күдік пайда болды».

«Апрель — 6.

Ыбырай мұғалімде қонақта болдық. Әйелдерді де шақырыпты. Әйелдер бөлек бөлмеде отырды. Ойын бастамақ болды. Орыстың белбеу соқ (жгут) деген ойынын ойнадық. Әйелдердің белгілегенін тауып қоя бердік. Олардың кімі кім болғанын уақ балалар бізге жеткізіп тұрып еді. Таба алмағанды ескен белбеумен ұратын ойын еді. Қыздар белбеу жеген соң, ашуланып, ойнамады. Ойынды бұзған Күлән болды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий