Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Скеблдің бтикесі, гректің тептелі, полыданың зыразы, тағы бірдеменің антрикоты, толып жатқан беп-алестрогон, бефштекс, лангет дей ме, пилет дей ме, қой еті, бұзау еті, қаз еті, кауап, қырғауыл, бұлдырық, түйе тауық, ростбип, шабылған шошқа, «тұздағы тіл, төс ет — дершт шорт тебе дерий... Мұның қайсысын жейміз?

— «Шор тебе дерий» дегені де бар ма екен?— деп Ақбілек мырс етеді.

— «Шорт тебесі» жоқ, әйтеуір дериі бар.

— Өзің қайсысын жейсің?

— Мен осы антрикот, сантрикотының жайын білмеуші ем, қой етін жейін,— деді.

Ақбілекке Балташтың ол сөзі де қызық көрінді, ішек-сілесі қатып күлді. Ақбілек күлгенде, қошқар тұмсық саудагер қылмыңдап, қарай қалады. Ол Ақбілекке манадан жаман көзді жіберіп, қиялға батып отырған ғой.

Ақбілек күліп отырып:

— Мен бұлдырықты-ақ жейін,— дейді.

Ет артынан «Жигули» сырасынан екі бөтелке ішіп, Ақбілек екеуі екі кісілік тап-таза каютасына (бөлме) келіп, солқылдақ кереуетте біріне-бірі қарап, қисайып жатып, «Бузатер», «Ісмеқаш» журналдарын оқып, мәз болысып күліседі.

Балташ:

— Тамақ сіңіруге күлген жақсы,— деп қояды.

Өмір сәнді, өмір қызық! Бәрі күлкі. Жаңада ғана қосылған екі жас. Қабақ қағысынан ойларын танысады. Бірін-бірі ренжітерлік түрі жоқ.

— Әлгі жепеңнің саған көзді қадап отырғанын байқадың ба?— дегенде, Ақбілек:

— Сен де андып отырады екенсің! — деп күлімдеп, мақтанып қояды. Балташ:

— Сен, шырағым, байқа! Жепекеңдер бәлекет келеді,— дейді. Ақбілек онда:

— Өзің байқадың ба? Бүгін командир де менің орамалымды әперді ғой,— дейді.

Балташ оған көтеріліп қалады. Көтерілмей қайтсін? Мұндай келіншекті Балташтан басқа кім алды?

Ақбілек көрген-білгенін Балташқа айтып келеді. Балташ қызметтен келгенде, кімнің не сөйлегенін айтып отырады. Сөйлескен сайын, бірінің білгені біріне ауысады. Кейде Балташ баяндама, отчет жазғанда, Ақбілек көшіреді. Ақбілек бірдеңеге алданып жатса, Балташ барып, тамақ әкеледі. Екеуі бірге күйінеді, бірге сүйсінеді. Өйткені дененің басқалығы болмаса, екеуі бір кісіміз деп ойлайды.

Екі күн өтіп, үшінші дегенде екі жас Зайсанға жетті. «Шықтық» деп телеграм берген ғой. Төлеген мен жеңгесі де кішкене «қызын көтеріп, пірістанға келіп тұр екен. Анадайдан бірін-бірі көргенде, Ақбілек пен жеңешесі:

— Аһ, жеңеше!

— Аһ, Ақбілек! — десіп, аяқтары жер басқанын сезбей, біріне-бірі ұмтылды.

— Е, жеңеше-тайым!

— Е, бауырым-ай!— десіп қуанғаннан көздерінен жас ыршып, құшақтасып, қайта-қайта сүйісіп жатыр.

— Денің сау ма, қарағым!— деп Төлеген қарындасының бетінен сүйді.

Ақбілек кішкене сіңілісін шопылдатып, бауырына басып:

— Жігіт боп кетіпті ғой!— деп жатыр.

Балташ Төлегенмен бұрын да таныс: бірге қызмет қылысқан жолдасы ғой. Бұрын «Балташ жолдас!» деуші еді; енді «жолдас» деуді кеңсе тілі көріп:

— Қарағым, саумысың,— деп аузынан сүйді.

Жеңгесі де Балташпен таныс. Балташтың тәуір жігіт екенін — олар да біледі.

Бұрын Төлеген Балташты: «Икемге көнбейтін, бір беткей, қазақ жайын білмейді»...— деп ішінен ұнатпаушы еді. Енді ол ойы да жоғалып кетті. Өйткені ол — енді туған күйеуі, ол — кіндіктен келген үлкен кемесер. Енді Балташ туралы не деп жаман ой ойласын? Күйеуіне буланбаса.

Екі бержебай даяр екен. Төлеген Балташты, жеңгесі Ақбілекті қолтықтап, екі-екіден отырып, көшені сықыртып өтіп, бұрқыратып, пәтеріне алып келді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий