Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Күйеу келе жатыр дегеннен, аға, жеңгесі пәтерін тұянадай қылып безеп, бір бөлмені екеуіне арнап, керауат құрып, кілем төсеп қойған еді. Қызара бөрткен неше түрлі тәтті бауырсақ, парамыш.. самса, кәмпит, мәмпәсилер, шекілдеуік, пісте, жаңғақтар, пешениялар тарелкелерде саусылдап, ұлыстың ұлы күні болатындай үлкен үстел лық толып, ақ дастарханмен беті жабылып, құрметті қонақтарды күтіп тұр еді. Кек бас, қызыл бас, алтын бас бөтелкелер де бупет-шкапта көл жағасындағы қаздай мойындарын созып шытынап, быжынап, «Бізді қашан ішесіңдер?» деп қылқылдап қарап қоюшы еді. Төлеген кемесер күйеуіне өзге арақты олқы көріп жиырма бес сомға бір бөтелке «ІПампански» алған еді.

Қонақтардың түскенін естіген соң, уездің сорпаға шығарымыз деп жүрген, шалбарларының тізесі қалталанған, пенжегінің артқы етегі жымырылған шолақ кемесерлер де Төлегендікіне Мекеден қажы келгендей ағылды. Төлеген хабар қылған ғой. Түтін андып жүретін, өлеңінде бес тиындық құн қалмаған салдаман әншілер де, тарысы піскеннің тауығы бола кететін «Бөстекі» даяшылар да келді.

«Құтты болсын!», «Жоғары шық!», соғысқан орындық, сапырылысқан кісі, салдырлаған ыдыс, сылдырлаған шанышқы, пышақ, үремке бәрі араласып, Төлеген үйі құдды жәрмеңке болды. Үремкелер шіңгірледі, шампанский мұрынға шапшып быжылдады, арақ ішілді, ән соғылды. Жұрт дуылдады. Ақбілек Балташқа тигенде, екеуі астанадан келгенде, соқпайтын не бар? Бұдан артық қуаныш бола ма?! Құй арақты! Көтер үремкені! Соқ өлеңді! Е, кулет шіркінді! Сүмірейт! Пәле!

Қызумен отырып, жұрт көп ішіп жіберген екен. Бастар бос мойын, аяқтар резеңке, қабырғалар төбеге шығып, үстелдер әткеншек ойнаған кезде, қонақтар да біріне-бірі сүйеніп үйден шықты. Балташты сүйемелеп апарып, Ақбілек төсекке жатқызып, жеңгесі мен екеуі ыдыс-аяқтарын жинауға кірісті. Төлеген де «Құдайдың бергеніне шүкіршілік» етіп, демін бір алды.

Екі-үш күндей Ақбілек, Балташ аға, жеңгелерімен әр үйде қонақта болып, кешкісінде жалаң бас лампыша жырпылдаған жаман суретін, «Аулақ үйдің әрі-берісін» қып жатқан спектаклін көріп, қаланың сый-сияпатына қанған соң, елге шығуға қамданды.

Төлегеннің өз елі ғой. Және Балташқа деген соң, жұрт ат аяй ма, төрт-бес ат табылып қалды. Таулы жерге арба жүрмейді, салт атпен жүру керек қой.

Көк ала жорғаны көрпе салып, жеңгейге ерттеді. Жарау боз атты Ақбілек мінді. Жирен қасқа атты Төлеген, қара атты Балташ мініп, қастарына бір жолдас алып, сәске кезде қаладан шықты. Төлеген былай шыққан соң Күлікенің өз алдына алды. Жеңгей атқа мініп, артық үйренбеген кісі ғой: бір қолымен ердің қасынан ұстап, аяғын үзеңгінің сағасына салып орнатқан омақаша қопиып буынын билей алмай, қолп-қолп еткені Ақбілекке айт пен тойдан да қызық болды.

Шілденің жылдай күні. Түске таман жолаушылар тау бөктеріндегі бір ауылдан бағлан жеп, қымыз ішіп, күн қайта тағы атқа отырды.

Манағыдай емес, жеңгейдің өне-бойы ауырып қалыпты. Қатты жүріске жарамай, көк аланың аяң жорғасымен тайпалтып келеді. Ақбілек қажыр емес, сипай қамшылап, сау аяңдатып келеді. Жалғыз-ақ Күлікен қалғып-шұлғый береді. Оны кезекпе-кезек алдарына алысады.

Кіші бесін кезінде әйелдер шөлдедік деген соң, өзен бойындағы бір ауылға бұрылды. Желісінде он шақты құлыны бар бір үлкен үй орталықта: оның оң жағында бір ақ отау тұр. Жолаушылар сол отаудың сыртына келіп тұра қалды. Есік алдында көрінген бір балалау жігітті шақырып, сөйлес қылды. Ақ отау Бекболаттікі дегенде Ақбілектің жүрегі болар-болмас бүлк ете түсті. Әйтсе де осында түскісі келді.

Бала жігіт жүгіріп үйге барған соң, тымағын қисайта киіп, шапанының бір иығын жамылып, бір иығын жүре сұғынып, қолбаңдап Бекболат шығып, қонақтарға абдырап қарсы жүрді. Анадайдан сәлем беріп, келе Балташтың атын ұстады. Баяғысындай алақанын қалақ қып, Төлегеннің, жеңгейдің, Ақбілектің алақанына жапсырып, амандасты. Ақбілектің көзіне көзі түсіп кеткенде, қызарыңқырап қалды. Құрақ ұшып жүгіріп, есік ашып кіргізіп жүр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий