Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бүгін түсімде Күләнді көріп, сөйлесіп, сүйісіп жүрмін. Ғылымда: адам түсінде өңінде көп ойлаған нәрсесін көреді,— дейді. Ендеше, менің ойымды, еркімді ол билеп, аударып жүр екен. Мен өзімді талай ауыздықтамақ болдым. Өзіме өзім ұрыстым. Өзімді сөктім, сынадым. «Сүйгенің бекер, алдап, алданып жүрсің. Құмар болатын не бар?» деп, өзімді тоқтатпақ болдым. Оның да мінін көрейін, жек көрейін, безейін деп ойландым, талпындым. Өзімді түзетпек болып, өткендегі жаман істерімді еске түсірдім. Оқыған қызды алғанмен бақытты болмаймын деген пікірді ойыма келтіріп көрдім. Қалай талпынсам да болмады. Талпынған сайын, торға түскен қаршығадай, шырматылып орала беріппін. Менің қол-аяғымды байлап ұстап алыпты. Ол тор — Күләнға ауып кеткен көңілім екен...

Оны мен түсімде көргенім бүгін бе? Биыл ма? Есімде бар: еткен жаз осы қалаға келерде де көрдім. Онда ол үстінде күпісі бар, күжірейіп, қырындап өте беріп еді. Биыл Орынборға жүрерде тағы көрдім. Онда тағы түзу қарап сөйлеспеді, адам әйел аңсағандықтан кіре беретін шығар деп, өзімді жұбаттым. Оның бәрі бос жұбаныш екенін енді біліп отырмын.

Онымен жолығамын, сөйлесемін дегелі бақ үміті көзге елестегеңдік пе, келешектегі жақсы өмірдің суреті қиялыма келіп, өзімді әлде қайда сүйреп әкетті. Қазір жүрегімде қан қайнай бастады. Көңілім алып-ұшып бір жаққа кететін тәрізді. Тәубе, тәубе... Асатпай жатып құлдық демейінші».

— Байғұс-ай! Қайтсін! Құмар болған екен...

— Камила-ау! Тіршіліктің сәні де құмарлықта ғой. Құр атқа мінгендей көңілің бір серпіліп кетеді ғой!

«Март —17.

Школға бардым. Оны көрдім. Жәкім екеуі тұр екен. Басымды идім. «Мен — сенің құлыңмын» дедім ішімнен. Ол көзін жаутаң еткізді. Неткен сүйікті, жылы көз!

Оның көзінен шыққан сиқырлы жіптің бір ұшы менің жүрегіме жалғаулы. Көзіне көзім түссе, сиқырлы жібін шертіп, жүрегім селт еткендей болады. Сиқыр жібін шерткені, қобыздың нәзік шегінен шыққан майда күй секілді, жүрекке жылы тиеді, жанға ләззат береді. Әттең өкініш! Жанға жайлы майда күйін ұзақ шертіп тұрмайды. Бір қағып қалады да, ғайып болады. Күйлі қобызға бір шерткен де қанағат: ол шертісте күйлі қобызға үн (тон) беріледі; қобыз үн шығаруы-ақ мұң; мұңды тәтті күйін қозғап ала жөнеледі; талай қияға соғады, тербетеді, әлдилейді жүректі. Күй дәуірлейді, сорғалайды, жаяулайды. Бейне құйып жүрген су жүзіндей толқындап, жыбырлап, сыбырлап барып басылады...

Бүгін ол сағат алтыда жолықпақ. Мен сағатқа қарай беремін. Бір баланы көшеге жіберіп, андытып қойдым. Минут өткен сайын жүректің соғуы жиілене түседі. Енді жарты сағат қалды. Міне жиырма бес минут қалды. Уақыт қалай ұзақ! Не істерімді білмей, күнделігімді алып жазып отырмын. Енді бір жиырма бес минутта ол көрінсе, келсе, жолықса, жымиып қараса, «Саламатсыз ба?» деп, қолымды ақырын ғана қысса, содан әрі не болмақ?.. Қазір басыма ешбір ой тоқырап тұрмайды... Бірден бірге көшіп отыр... Не жазарымды білмеймін... Ол келер, ә? Бір бөгет болмаса, келер... Әлде келмей қала ма? О да мүмкін... Қазір ол не істеп жатыр екен? Әлде сағатқа о да қарады? Әлде киініп жатыр? Әлде айнаға қарап тұр? Әлде, әлде... Сағатқа тағы қарау керек... он сегіз минут қапты... Қой, уақыт өтіп кетер. Тысқа шығу керек әлде оның сағаты ілгері шығар...

Сағат түнгі 12.

Мана тысқа шығып, бұрышта күтіп тұрдым. Бала келе жатыр екен. Баланың жүрісіне қарап, бал ашып тұрмын. Шыдай алмай, оған қарсы барып білдім. «Үйінен шықты» деді. Жөнелдім. Ар жағынан «Нардомға» о да келді, мен де келдім. Алдымыздан бір орыс шығып, билет сұрады: ертең ойын болмақ қой. Біраз тұрдық. Көшеде үш-төрт шәкірт көрінді. Ол «Нардомның» ішіне кірді. Сахна жаққа жасырынды, састы... Бірге оқитын жолдастары ғой: өсектен қорқады. Біз басқа есіктен көшеге шығып кеттік.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий