Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Сізден басқаға көңілімді бұрмаспын. Сізді ағатайым мен жеңешем де ұнатады,— деген соң, тағы сенді, өкпесін тастады. Мені: жаным, жарым, күнім!.. деп, кәдімгідей сүйісетін болдық. Ол — күйеу, мен — қалыңдық: несіне ұялайық? Ақбаладай жары бар кісінің арманы бар ма? Қуанышым ішіме сыймай жүр. Бір жерде отыра алмаймын. Кім көрінгенмен сөйлесіп, күлмейтін сөзге де күле берем. Ол күндер естен қалмайтын, қызықты күн еді.

— Сонсын?

— Сонсын, сүйтіп жүргенде, айға жақындап қалды. Біздің елге қайтатын уағымыз да таянды. Үйден хат алдым. Ақбаланы ағатайым да біледі ғой: алатыны рас болса ти депті. Қуанып кеттім! Жалма-жан Ақбаланың кеңсесіне бардым. Әнеугіден барып жүретін болғам ғой. Ағатайымның хатын көрсеттім. Жазып отырған қағазын қоя салып, есікті жауып келіп, құшақтап, сүйіп алды. Екеуміз де бақытты болдық. Кешке суретке барып, ең арттағы оңаша ложада отырып, електір сөнгенде, құшақтасып сүйісіп отырдық. Суретті көргеміз жоқ. Бір жұмадан кейін оны-мұнысын қамдап, той қылып, мені пәтеріне біржола апармақ болды.

Ертеңіне Балташтан тағы хат алдым. Хаттағы сөзі: сізге жолығатын үлкен жұмысым бар. Ол сіздің келешек өміріңізге де керекті жұмыс. Қайтсе де бір жолығуыңызды сұраймын,— депті.

Менің өміріме керек неткен жұмыс екен?!— деп таң-тамаша қалдым. Бармайын десем де, тағы көрсеқызарлығы түскір шыдатпады. Ыза болыңқырап бардым...

Барғаннан кейін, амандасып отырып:

— Ақбала сізге жолдас бола алмайды, — деді.

— Неге?— дедім жұлып алғандай.

— Ол өткен уақытта сіз сияқты талай қызға құмар болған. Аяғында жаратпаған, алмаған, — деді.

— Өткеннің маған керегі жоқ,— дедім азғырғалы келе жатқаным білдім.

— Нанбасаңыз, міне оның күнделік дәптері,— деп омырау қалтасынан бір кішкене кітапшаны суырып алды.

— Сіз мұны қайдан алдыңыз?— дедім.

— Жолдаспыз ғой, алдым,— деді.

— Жолдасыңыздың дәптерін ұрлағаныңыз ұят емес пе?— деп мен қызарып, ашуланып кеттім.

— Оның ұятын мойынға алдым. Осы дәптерде оның бір қызбен жүргені бар: соны сізге көрсеткелі әкеп отырмын. Күйеуіңіздің қандай адам екенін білу әлде сізге керек емес пе?— деді.

— Керек емес,— десем де қызбен жүргені дегені қызықтырайын деді.

— Тыңдасаңыз, оқиын, — деді.

— Оқи қойыңыз,— дедім.

Оқыды.

— Сол дәптер осы күнге дейін менде жүр. Камила, сен тыңдайсың ба? Оқиын.

Камила: — Қарап отырғанша, оқысаң, оқы, естиік,— деді.

— Оқыған жігіттердің бұл бір — сыры ғой. Әйел туралы олардың ойын білу қызық емес пе? Еркек туралы біз де ойлаймыз ғой.

— Өзі не жазыпты?

— Бір қызбен жүргенін жазыпты.

— Ал, оқы— дегенде Ақбілек ақ кенеп пальтосының омырау қалтасынан кішкене кітапшаны суырып: — Өзім де саған оқығалы ала келіп едім,— деді.

— Камила-ау, дәптерді оқымай тұрып саған айта кетейінші. Ақбала өзі әуелде Семейде қызмет қылған ғой.

— Семейдікі ме еді өзі?

— Ия. Семейдікі. Балташ та Семейлік қой. Семейде тұрғанда, Ақбала үлкен орында болған. Неліктен екенін білмеймін, бір жұмысынан қате тапты ма, Ақбаланы бір жылы қысты күні үлкен орнынан түсіріп, бір үйездік қаладағы школға жіберіпті. Қызметтегі жігіттерді бірден-бірге ауыстырып отыратыны бар ғой. Сол кішкене қалада тұрғанда, Ақбала осы дәптерге күндегі көрген-білгенін жазып жүреді екен. Өзі толып жатыр. Мен саған мына қызыл қарындашпен белгілеп қойған жерлерін оқимын.

— Ал, ия.

«Февраль — 5. Дүйсенбі.

...Школдан қайтып келе жатқанда Күлән қасымнан өтті. Мен оған жолығудан қашып жүрмін. Бірдеңе айтқысы келді ме деп ойладым... Әбікен қатын алу жағынан сөз қозғады. Бір өсек естіген екен деп жүрдім. Мен оқыған қыз туралы пікірімді айттым. Ол күліп өз ойын білдірмей кетті...»

— Күләні кім?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий