Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні көшеде Балташ жолығып, қасыма еріп жүріп, бірқыдыру сөйлесті. Ақбала сияқты әдемі сөйлемеді. Кідіріп, кібіртіктеп, ыңылдап қояды. Оның сөзі, көбінесе, оқу, тұрмыс, көктем... жайынан боп келді. Қыз жайынан сөйлеуге қыры жоқ секілді. Айырыларда қолымды ұстап тұрып: — Сізбен бір сөйлесейін деп едім. Уақытыңыз болар ма екен?— деді. — Болар,— дедім. Әлгінің ұялаңдағаны ұнап кетті. Не айтар екен деп ойладым. Әйелдің сондай жеңсігі қала ма?

Үш күннен кейін бір баладан хат жіберіпті:

«Ақбілек жолдас! Уақытыңыз болса, сағат алтыда Марс бақшасына келуіңізді сұраймын. Жауабын осы баладан қайырарсыз. Балташ» депті.

— Міне қызық!

— Қызық деймін өзі!.. Ақбалаға көңілім кетіп қалған ғой.

Оның үстіне көлденеңнен Балташтың киліккені қызық болды. Бармайын десем, көңілі қала ма деп ойлаймын. Әйелдің сондай жерде көрсеқызарланып кететін жыны бар ғой. Өзі жазғытұрым кез еді. Сабағымызды тыңдатып өтіп: көңілім көтеріңкі еді.

Айтқан уақытында бардым. Барсам жоқ. Әлі келеді — жоқ, әлі келеді — жоқ. Енді қайтайын деп, ренжіңкіреп отыр едім. Жайықтың жиегімен жалаңбастанып, апыраңдап келе жатыр екен. Күттім.

Келіп амандастым.

— Көп күттірдім бе? — деп кешірім сұрады. Бір жұмысқа алданған екен. Тағы да, көпке дейін сөз бастай алмай, қипақтай берді. Бір уақытта жұлып алғандай:

— Кісіге осы үйленген теріс болмайтын көрінеді... Мен өзім бір жолдас іздеп жүр едім... — деді.

— Жоғыңыздың оралғысы болсын!— деп мен жымидым. Тағы да оны-мұны айтып отырып:

— Сізді менің көңілім ұнатып жүр,— деді.

— Менің күйеуім секілді о да бір топас екен ғой.

— Топас деймін өзі!.. Әлгі бізді оқытатын мұғалім мені оған мақтаса керек. Мен ашып жауап бере алмадым: — ағатайым, жеңгем бар еді. Солардан хабар алған соң, жауап берейін,— дедім. Оны дұрыс көрді. Тағы да жолығып жүрмек боп, шығарып салды. Ақбала секілді қолтықтап ұстауды білмейді: ебі жоқ еді өзінің...

Ертеңіне Ақбаладан хат алдым. Недәуір сөз жазыпты. Маған көптен бері ынтық боп жүргенін айтыпты. «...Енді бұл хатты көңілім сізге әбден кеткен соң жазып отырмын. Сізді өзіме тең көремін. Сүйемін. Сізсіз өмір маған қызық емес. Жауабын беріңіз...» депті.

— Міне, қызық.

— Қызық енді болды. Мына хатты алған соң, әрі қуандым: ол мені ала қояды деген ойым бар ма? Аржағым сене алмай жүретін. Әрі өзім састым. Көңілім — Ақбалада. Балташты оның қасында қораш көрем. Ақбалаға жауап қайырдым: сөзіңізді дұрыс көрдім. Бірақ ақылдасатын кісім бар еді. Аз күннен соң ақтық жауабымды айтармын. Шыдаңыз. Ренжімеңіз,— дедім. Енді Балташ байғұсты әуре қылмай, көңілін суытайын деп ойладым.

Керуен сарай деген бауда Балташ тағы бір күні сөйлесті. Сол күні Балташқа менің уәде беріп қойған кісім бар еді: өкпелемеңіз,— дедім. Десем де аяп отырмын. Балташ сазарып кетті.

— О кім?— деп сұрады. Айтпадым. Қоймады. Қоймаған соң, айттым.

— Өзім де со ғой деп ойлап едім,— деді. — Бірақ ол жігіт әйел таңдағыш еді, оқыған қызды ұнатпаушы еді: баянды болса неғысын... — деді. Менің көңілімді шығарғалы, оны күңдегендіктен айтып отыр ғой деп ойладым. Балташ өкпелеп кетті. Көпке дейін жолыққан жоқ.

— Енді қайтсін.

— Екі жігіт таласқанның сондайы жаман. Әуелде қызық көрсең де, артынан адамға ауыр тиеді. «Сен одан жамансың, сені сүймеймін» десе, өзіміз жақсы көрер ме едік? Әркімнің көңілі со да.

Оның артынан Ақбалаға екі-үш жолығып сөйлестім. Менің: ақылдасатын кісім бар еді... шыдаңыз,— дегеніме азырақ ренжіген екен:

— Оқыған әйел өз жүрегіне өзі би емес пе?..— деп кішкене наз қылайын деді. Әйтсе де:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий