Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ақбала сөзін бастады. Асықпай, саспай, қоңырлау әдемі дауыспен бастады. Мен қадалып қаппын. Бір үлкен мекеменің істеген жұмысы жайынан екен. Не айтып жатқанын ұққам жоқ. Көзім оның аузында, құлағым оның даусында болды. Алақанын әнтек бүгіп, құлаштап темір соққан ұсталарша, оң қолын нығыздай сермеп сөйлеп тұр. Сөйлеген сайын өзінен-өзі қоған секілденіп, даусы ашылып, қимылы көбейіп келеді. Оның қыза сөйлегеніне мен де қызып отырмын. Сөзді түйдек-түйдегімен тастап-тастап жіберіп, қарақшыдан ағып өткен жүйрікше, басын әнтек еңкейтіп, шұлғыды. Жұрт шапалақтап алды да кетті.

Оның артынан әркімдер қарсы сөйледі. Ақбаланың баяндамасын мінеді, сынады. Мен оларға оқты көзіммен қарап қоям: жаратпай отырмын. Жаман болса неге шапалақтады деп ойлаймын. Ақбала қағазына түртіп жатты. Олар сөйлеп болған соң, Ақбала шығып, бәріне жауап берді. Біреуін мысқылдап, бірін кекеп, бірін түк білмейтін қып, неше түрлі дәлелдер келтіріп, сыбағасын берді-ау!

Түн боп кеткен екен. Ақбала сөзін бітірген соң, тысқа шықтым. Школға бірге қайтатын серік іздеп, тепкішекте жан-жаққа көз салып тұр едім. Артымнан біреу келіп білегімнен ұстады. Қарасам — Ақбала. Жымиып:

— Сәлеметсің бе!— деді.

Сасып қалдым. Қызарып кетсем керек. Қызарғанымды көріп қоя ма деп тағы састым.

— Школға қайтқалы тұр едім,— дедім.

— Ә, жүріңіз, апарып салайын,— деді.

Ұялдым. Бұрын кемесердің арбасына мінгем жоқ қой. Ұялсам да, ештеңе дей алмадым. Маған да кішкене мақтан пайда болды.

Арбасына мінгізіп, қасыма отырып, школға әкеп салды. Жолда:

«Менің баяндамамды естідіңіз бе?— деп сұрады. — Естідім, дедім. — Қалай боп шықты? — деді. — Жақсы, — дедім. Баяндамасын сұрағаны, менің ойымды білгісі келгені, қолтығымнан ұстап таянып отырғаны, көшенің жарық жерінде бетіме жылы қарағаны, — бәрі де өзімсініп айтқандай, қарағандай жылы көрініп қалады. Қоштасарда: ертең театрға барсақ қайтеді?— деді. — Барайын,— деп қаппын. Со күні не екені белгісіз. Ақбала түсіме кіріп шықты.

— Е, көңілің кетіп қалған-дағы!

— Қайдан білейін, кетсе, кеткені ғой...

Ертең кешке уәделі сағатына тиатрға келсем — есік алдында аяңдап мені күтіп жүр екен.

Ойынға кірдік. Бірге отырдық. Көп сөйлестік. Оқыған әйелді, махаббатты сөз қылды. Бірдеңе айтып келе жатып: — Сіз оған қалай қарайсыз?— деп менен сұрап қояды. Оған не десем ұнар екен деп қулықпен жауап бергім келеді. Бірақ бүге алмай, өз ойымды айтып қоя берем. — Сіздің пікіріңіз маған ұнайды, — деп қояды. Біздің елді, туған-туысқандарымды сұрады. Тағы да бержебаймен апарып салды. Қолымды жұмсақ ұстап, қайта-қайта қысып айырылды.

Жақсы көрген кісінің тілі айта алмаған нәрсені, көбінесе, қолы айтады ғой. Сен оны байқадың ба, Камила?

— Ол рас,— деп, Камила бір күрсінді.

— Айтпақшы ұмытып барады екем. Тиатрда әнеугі Балташ деген жігіт те болды. Орны бізден бөлек еді. Антыракты кезінде біздің қасымызға келіп, екеуі екі жағымнан телмеңдеп сөйлесіп жүрді. Екеуі екі қанатым тәрізді. Екеуін сермеп ұшып кететін тәріздіміз. Көңілім көтерілгені сонша, Балташ менің ойлағанымдай емес, недәуір білетін, артық желігі жоқ, сыпайы, есті жігіт көрінді. Өзім әйтеуір солай ойладым. — Сіз ойынға келетін бопсыз ғой! Қалай... ойын ұнады ма?..— деген сықылды, о да сөз қатып қояды.

Екеуі бірдей өліп-өшіп жүрген соң, маған азырақ желік пайда болды. Азырақ емес-ау, үлкен желік. Маған қызығып, таласып жүрген секілді көрінеді. Өзім солай жорып қойдым.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий