Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Менің от арбаға алғашқы мінгенім ғой. Атын естіген болмаса кім көрген. Түн ішінде ағатайым жеңешем мен екеуі бержебаймен апарып салды. Жыбырлаған кісі. От арба өкіріп жүр. Ағатайым күн бұрын қағаз алып қойған екен: кезек күтпей билет алдық. Апарып бір ұзын үйлерге, үй емес, дөңгелегі бар, үлкен бітеу күймелерге...— багон дейді екен, артынан білдік — әкеп кіргізді...

Жеңешем мен ағатайымды қимай көп жыладым. Бұрын көрмеген алыс жер ғой: қорқып жүрмін... енді қайтейін. Бір жағынан оқығанымды да жақсы көремін: бір қыс оқып, оқудың дәмін алып қалдым ғой. Оқыған жеңешем түрі анау: бәрін біліп тұрған...

Ағатайымды қандай сыйлайды! Ағатайым да оны ренжітпейді... Жеңешемнің тілі де бір түрлі қызық қой! Ол сөйлегенде ағатайым екеуміз күлеміз де отырамыз. Әуелде тіліне түсіне алмай жүруші ем. Жүре-жүре құлағым үйренейін деді. Жеңешем де қазақша сөйлеуге айналды. Өйткенмен кейде бірдеңені қойып қалады...

Ойбай-ау! Бірді айтып, бірге түсіп кеттім-ау! Жеңешемді ойласам, айтып отырған сөзімді ұмытам да қалам: тіпті сағынып жүрмін.

— Олар қайда?

— Зайсанға кетіпті. Көрем ғой деп келсем... Жеңешетайым-ай! Менің көзімді ашқан со ғой...

— Ия, қимай жыладым дедің ғой.

— Жыламай қайтейін: сол екеуінен басқа кімім бар? Әке-шешенің түрі анау болды. Екі бауырым болса, онда өгей шешенің қолында қалды. О байғұстардың көрген күні әлде қандай деп бір ойлаймын...

Не керек, екеуі бетімнен сүйіп, төрт көздері жаудырап қоя берді. Өкірген от арбаға мініп, мен кете бардым... Ажардың ойына да келмейді. Сол екі арада бір жігіт тауып алып, әйнек алдында аузы жабыса қапты. Екі күнге дейін көзімнен жас кетпеді.

Жолда төрт қалаға тоқтап, бағзалда жатып, билет алып, басқа от арбаға мініп отырдық. Ажардың жігітпен таныс болғанының бір пайдасы тиді: Ажар екеумізге кезекке тұрып, билет әперіп отырды.

Неше түрлі тамашаны көрдік. Талай өзеннен, көпірден өттік, Тауды да, орманды да тіліп өтеміз. Бір жерге барып, тіреліп қала ма деп қорқып келе жатасың. Тірелмейді де, соқтықпайды да, арасынан жыпылдап, жыланша бұраңдап өте шығады. Жүрісі қандай! Құйындай ұшады.

Орынборға келіп, бержебайға мініп, Ажардың танымалына барып түстік. Орынбор қаласы Семейден ретті, көшесі тас, бержебайы да оңды екен. Солқылдаған кішкене пауеске.

Ертеңінде қағазымызды алып, школға бардық. Адам айтқысыз бір үлкен үй. Ығы-жығы бала. Біз де кіріп, кеңсесін тауып алып, қағазымызды көрсеттік. Қағазымызға қарап, бізді тыңдамастан, дәнеңе етпестен алды.

...Қыздар жататын бөлме басқа екен. Солардың арасынан бізге де екі кырауат берді. Төсек-орнымызды әкеп, сонда орналастық. Қыздардың бәрі орыс. Қазақтан бес-алты-ақ қыз болды.

Семейдегідей болмады. Оқуы қиын тиді. Семейде мұғалімдеріміз қазақ, оқуымыз да қазақша еді. Орыс тілін азырақ оқып едік. Мұнда оқу қалпетімен орысша. Оқытатын ылғи орыстар. Қазақтан бір-ақ мұғалім бар. Ағатайымнан, жеңешемнен орысша оны-мұны үйренген болғам. Ол білгенім аз екен. Көпке дейін түсіне алмай, босқа отыратын болдым. Бір тәуірі орыс қыздары көп: тіл үйренуге, оқудан да солар жақсы болды. Әйтсе де сабақты мәз ұға алмай жүрдім.

Ешкіге ұсаған қызы түскірлер секектеп отырмайды екен. Сабақтан босанса, жігіттермен жыртыңдасып, хат жазысып, қолтықтасып, құшақтасып жүргені. Орыс қыздары тіпті ұят дегенді білмейді екен ғой, еркектің мойнына мініп алады, жас балаша алдына отырады. Тіпті ұят!

Оларға еліктеп, біздің қазақ қыздары да жігітпен жүреді. Әсіресе, біздің Ажар мен Камила деген қыз түні бойы жоғалып кетеді. Қараңғы жерге барып, әркіммен бір құшақтасып отырғаны. Камила деген қыз сабағын оқи алмай, қыс ортасына жетпей шығып кетті....Екіқабат екен десіп жүрді. Кім білсін...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий