Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Өзің білесің... пәлен, түген...— деп жөнді ештеңе айтпады. Ішінен жақтырмай отырғандары көрініп тұр. Мен күйіп кеттім.

— Балаңды неге жібересің? Орыс боп кетпей ме? Алып қал!— дедім. — Енді қайтейін... Аядым... Тіпті намысым келді. Кім де болса, күйеуімнің баласы ғой. Айтқаныма бола ма, баласын бірге тастады.

Қатыны кеткен соң мені өз үйіне әкелді. Жаман, тоқал үй екен, бір атасы мен жеңгесі бар екен. Атасы жаяу жүріп сауда қылады екен...

Әлгі күйеуімнің тастаған баласы анда-санда келіп-кетіп жүрді. Бес-алтыға келіп қалған жап-жақсы бала. Менің күйеуімнің баласы дейтін емес. Қазақша тіл біледі. Бейшараны аяймын: маған бала боласың ба?— деймін.

— Болам,— дейді. Әкесі келсе: — Келме, үйіңе бар!— деп қуып жібереді. Со бала артынан көшеде қайыр сұрайтын болыпты. Әкесі жолыққанда, бала қолын жайса, керек десе, садақасын да бермепті. Не деген қатты адам екенін білмеймін...— деп келіншек сөзін бітірді.

— Осы күні күйеуің қайда?

— Қызметпен басқа қалаға кетіп еді. Екі ай болды. Хабар жоқ.

— Бала көтердің бе?

— Бір бала түсік түсті. Біреуін қолдан өлтірдік...

— Күйеуіңнің аты кім?

— Обал ғой: қалай атайын?

— Оның обалы жоқ, бауырым. Жәй сөз. Айта бер.

— Ана аттың мойнына салатын имек ағаш.

— Қамыт па?

— Жоқ одан жоғарылауы.

— Доға ма?

— Е, сол, сол.

— Ағы да бір түрлі екен... Өзің немене...жүдеусің ғой?

— Жүдеу болмай қайтейін... Адасқан қаздай... жападан жалғыз... Науқасқа шалдықтым: азырақ жөтелім бар...

— Ей, қалқам, Камила-ай! Сенің де көрмеген қорлығың жоқ екен ғой!..

* * *

— Ал енді өзіңдікін айтшы!— дегенде орысша киінген әйел басынан кешкен күндерін бір-бірлеп ағыта бастады.

Бірінің аузына бірі қарап, киімдерін шұқыласып, екеуі ағаш түбінде көп отырды. Күн де еңкейді. Камиланың қыдырып кеткен қайын аға, абысындары да келді. Сонымен, о күні әңгіме аяқталмай қалды. Орысша киінген әйел Камиланың тұрған үйін сұрап алып, ертең келмек боп, қош айтысты.

Ертеңінде «Кашти» жырасымен ағып екі әйел Ертіс шетіндегі «Маған кел, маған кел!» деген көп қайықтың бір бүтіндеуіне отырып Аралға тартты.

Әне жерге, міне жерге барса да, орыс, ноғайдың қыз-қатыны, қолтықтасып жылт етіп шыға келеді. Оларды көргенде келіншек:

— Осылар-ақ үйінде отырмайды екен,— деп қояды.

Оңаша орын іздеп, екі әйел Аралды өрлеп барып, Алаш жақтағы орманның бір алаңқайына алдын бере отырып, әңгімесін қайта қозғады.

— Ия, сонымен?

...— Сонымен, жазға салым ауылға ағатайым келді. Мен әлі әкеме көріне алмай, Ұрқияның үйінде жүруші едім. Әңгіменің бәрін ағатайым естіпті. Әкемді көндіріп, ағатайым үйге алып келді... Бетімнен отым шығып әрең бардым.

Елде бір жарым ай тұрған соң, ағатайым мені қалаға алып кетті. Әкем үндеген жоқ. Өзі де құтыла алмай жүрген кісі ғой. Қайта келгенімді тәуір көрген шығар...— деп әңгімеші әйел қалтасынан орамалын алып, мұрнын сүртті.

Сөз әлпетінен оқушылар өзі де сезген болар. Бұл әңгіме айтып отырған Ақбілек еді. Анау Камила деген келіншек Ақбілектің шешесімен бірге туысқан, бұрын болыс болған Бояубайдың қызы еді. Ақбілектің туған нағашысы болды ғой. Ендеше Ақбілектің әңгімесіне құлақ салайық.

— Ағатайым қаладағы бір Мағиша деген оқыған қызды алғалы жүр екен. Орал тауынан ауып келген естек қызы. Бір мұғалім ағасы бар. Үйелмелі-сүйелмелі екі қыз екен. Бізге ұсап, дәм айдап келген ғой. Көргенді жердің балалары болса керек.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий