Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

...— Шіркін-ай! Біздің ауылдың жайлаудағы шалғыны қандай еді! Бұзау көрінбей кетуші еді!.. Ауыл келіп қонғанда жұпар иісі мұрныңды жарушы еді!.. Тау аясындағы айдын көлінің айнадай суы қандай еді! Өңшең ұсақ бала шолпылдатып суға шомылып, жұмыртқа іздеп, жылан бас, тана теріп кетуші едік... Есіл қызық күндер-ай! Есіл оң жақтағы дәурен-ай! Елім-ай! Жерім-ай! Сағындым-ау, қайтейін.. — деп отыр еді.

Сол кезде ағаштың ар жағындағы жолмен орысша киімі бар бір жас әйел келе жатып, келіншектің сөзіне құлақ салып тұра қалды. «Сағындым-ау, қайтейін!» деген кезде, келіншектің қарсы алдынан өте беріп, бетіне қадала қарады да, тамсанып тоқтады:

— Япырау! Жаңылмасам... таныдым ғой: сен, Камила емеспісің?!— деп... жаза басам ба дегендей, аяғын бір басты.

— Иә,— деп келіншек көзі бажырайып, көсілген аяғын жиып алып, қарай қалды.

Орысша киінген әйел таянған сайын, келіншек тесірейе қарап, дәл қасына келе бергенде:

— Бауырым, жиен-ау! Сені де көретін күн бар екен!— деп ұшып түрегеліп, мойнынан құшақтай алды. Келіншектің көзінен жасы ыршып-ыршып кетті. Көрісіп, мауқын басқан соң, екі жас әйел біріне-бірі таянысып, аяқтарын айқастырып, телмеңдесіп отырып, әңгімеге кірісті.

— Сен мұнда қайдан келдің?

— Сен қайдан келдің?— деп екеуі де сасқалақтап, қатар сұрасты.

— Әуелі өзің айтшы!

— Әуелі сен айтшы!— деп орысша киінген әйел келіншектің қолынан ұстап өз алдына тартты.

— Жарайды ендеше, — деп келіншек бастады.

— Жасаған-ау! Енді қайтейін! (тамсанып қояды). Сені көрем деген тиіттей ойымда босайшы... ана жылы, жайлауда отырғанда апам екеуің келіп жатып кеттіңдер ғой... Онда екеуміз де бала едік қой... Япырау! Содан соң қайтып көріскеміз жоқ-ау!

— Көріскендей болды ма жұрт: балапан басына, тұрымтай тұсына...

— Ия десейші... Жаман болды ғой... Өткен күннің белгісі жоқ... Ту баста бүлдірген Рақымжан деген ғой... Қазақтардан солдат алып, қызылдармен соғыспақ болып... Әй, дүние-ай, десейші!.. Соғыспаса қайтып барады екен? Орыс шіркінді жеңем деп ойлай ма екен... сонда елдің кісілерін жинап алып, Рақымжан айтыпты ғой: балшабай келді, малдарыңды талап алады. Әйелдеріңе билік қоймайды. Аман күндеріңде Қытайға ауыңдар депті ғой. Әкемдер қалаға барып келді де: ал ауамыз! — деп, елді бөріктіріп, аласапыран болмасын ба? Тігулі үй тігуімен қалды. Толып жатқан абдыра-сандық бәрін тастап, жеңіл-желпі киім-кешек, төсек-орынды алуға мұршамыз әрең келді... Малды айдап күні-түні шұбырып, аудық қой... Қанша күн жүргенін де білмеймін, сол көшкеннен көшіп, Қытай қазақтарына бардық.

— Ия, ауып кетті деп естігеміз.

— Естісең сол. Ол ел бір бейбастақ, жаман ел болады екен: кім көрінгені би болып малымызды талап ала берді. Әсіресе, бір үкірдай дегені жаман болады: әкемнің бар малын сол айдатып алып, сымпидық та қалдық... Не мал жоқ, не үй жоқ, не тамыр-таныс жоқ, жаппаның астында жаттық. Көрген күнімізді құдай итке бермесін. Мені тартып алады деген де сөз шықты. Әйтеуір құдай сақтады. Не керек, сонда бір қыс тұрып, аштан өле жаздап, жаз шыққан соң, жаяу-жалпылы шұбырып елімізге қайттық.

Елге келсек — қора-мүлкімізді, жерімізді бір кедей көршіміз иемденіп отырып алыпты. Өз үйімізге жолатпайды. Әкем ел адамдарына барды, болысқа барды. Түк болмады. Қайдан болсын: болыстың өзі екен қондырған. Әкем ізденіп, болыстың үстінен арыз беріпті. Қайдан білсін бұрынғы заманы бар деп жүр ғой.

Бір күні ауылға мылтықты екі мелисе келіп, әкемді алды да кетті. — Не жазығым бар,— десе, сен қашқынсың, буржойсың дейді. Буржойы не екенін қайдан білейік. Әкемді қалаға апарып, абақтыға жауып қойыпты. Әкем жатып алды, шығармады. Өзің көрген Ақан деген ағатайым бар еді ғой, сол олай шапты, бұлай шапты, әкемді босата алмады. Жалғыз әкем ондай болды. Туған шешең болмаған соң, немене...

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий