Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бұ бір — баланы көп тауып, жалғызынан басқаның бәрі ұзатылып, өліп таусылған, ауыл үйдің жібін иіріп, жабуын, сырмағын сырып, сабасын тігіп... күн көріп отыратын көңілшек тәуір кемпір еді. Жас қатындар оны «Көке» деуші еді. Жалғыз баласы Мамырбайдың жылқысын бағушы еді. Кемпірдің жапырайған тас қорасы, көр секілді сығырайған кішкене құжырасы болушы еді. Құжырасында жөнді төсеніш те жоқ, тайтері, шоқпыт, ши — садам секілді бірдеңелер жатушы еді. Ұрқия осы құжыраға Ақбілекті кіргізіп, «Көкеңе» мән-жайын сыбырлап айтты.

— Ойбай-ый! Енді қай жаққа барайын?! — деп кемпір байғұс бүкшеңдеп, жаман пештің түбіне, бұрышқа ескі текеметінің тамтығын, шоқпыт көрпесін төсеп, қорасынан құр әкеліп, жіп құра бастады. Ол кезде Ақбілектің толғағы бір ұстап бір қайтып, толғақ қысқанда не отыра алмай, не жата алмай, не құрулы құрға асылып тұра алмай, шытынып, ыңырсып отыр еді.

— Е-ей, қарағым-ай! Сабыр қыл, сабыр қыл!.. Бибатимаға сыйын, Бибатима піріңе сыйын!— деп кемпір байқұс күбірлеп үшкірген боп, күлмен ұшықтаған боп, ішін сипап дамыл көрмей жүр.

Толғақ қысса, Ақбілек құрға асылып: «Бибәтима, пірім, Бибатима! Жанымды менің қинатпа!— деп дауысын әрең шығарып, тістеніп шытынады.

Ақбілек құрға асыларда, Ұрқия артынан құшақтап, сүйемелдеп еді, кемпір:

— Ойбай, сен былай тұр! Өзің шермеңдеп жүргенде, жазым боларсың,— деп оны жолатпады.

— Сені іздеп біреу-міреу келіп қалар,— деп Ұрқияны болмай үйіне қайтарды.

Шаруаға көп айналыспаған, өзі тұмса байғұс қой. Ақбілек көп толғатты, жаны жаман қиналды. Бала тапқан қатындар толғақ қысқанда, бала туарда, адамның өне бойы күл-талқан боп, қирап бара жатқандай болады; өзге қиналудың бәрі оның қасында ойыншық тәрізді деседі. Бала тауып көрмеген еркек оның қандай қиналу екенін қайдан білсін. Әйтеуір әйелдің жаны көзіне көрініп, өлі мен тірінің арасында болатын шағы ғой. Жүкті әйелдер — бір аяғым көрде, бір аяғым жерде — деп неге айтады дейсің? Ақбілек те өлі мен тірінің арасында, қасында жалғыз кемпір, жатқан жері көр, алдында ала көлеңке, сықсиған жалаңбас лампы, дарға асылған адамдай, жіпке асылып «Бибәтимасын» көп қақты-ау!

Түн ортасы ауды-ау деген кезде, кемпір де, Ақбілек те әбден жан терге түсіп, қиналған кезде, сәтін салып, баланың даусы шыр етті. Ақбілек талықсып кетті...

Әлден уақытта есін жиса, кемпір кіндігін кесіп, баланы орап, астын құрғатып, бетіне су бүркіп тірілтіп отыр екен. Ақбілек көзін аларта бір төңкеріп, ауыр күрсінді де:

— Бала қайда?— деп сұрады.

Кемпір: — Міне, қарағым! Өзі бағлан еркек бала екен!— деп жаман тонға ораулы жатқан баланы қолына алды.

— Көзін жоғалт, шеше!— деді.

— Жоғалтайын, қарағым, жоғалтайын!.. Міне біреуді, жұтшы! — деп бір қолында бала, бір қолымен кетік тостағанды ұсынды. Шалап сусынды жұтқан соң, Ақбілек әнтек әлденейін деді.

Кемпір бүкшеңцеп, баланы бауырына қысып, көзін жоғалтқалы шығып кетті.

Әлден уақытта кемпір «Жоғалттым» деп қайтып келді. Кемпір байғұс «Әлің кірсін!» деп, орта тостағандай сары май ерітіп ішкізді. Майды ішкен соң, Ақбілек тыныс алып, көзі ілінді. Со күні түнде Ұрқия да босанып, көптен зарығып жүрген кісі еркек бала тауып, көзайым болды.

Көркембай кемпірдің жаман үйшігінде белуарына шейін оранып, Ұрқияның жіберген тамағын қорек қып, анда-санда келген Сара бауырын құшақтап жылап, Ақбілек мұңдық жарық сәуле көрмей көп жатты. Үйткені бала емізбеген соң, емшегін сүт кернеп, жарылып кете жаздап, тастай боп тарсылдап, денесі күйіп-жанып, көп бейнет тартты. Көркембай көпті көрген әккі байқұс қой, суық суға орамалын малып тарта берді. Содан барып сүті қайтып тәуір болды.

Ақбілек кернеген сүттен құтыла алмай, азапта жатқанда, Ұрқияның емшегінен сүт шықпай, баласын аштан өлтіріп ала жаздап, ақырында баласы бар көрші қатынға емізетін болыпты. Бұрын бала таппаған әйелден сүт шықпайтыны да болады екен!

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий