Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ойбай-ау!.. Ұят қой!.. Пәленшенің қатыны дейді ғой, — деп тағы бірдеңе айтпақ болып еді, Өрік одан жаман дәуірлеп: ...Қатыны болсам, неғыппын? Ойнас қылыппын ба? Өтірік айтыппын ба? Құдайға шүкір, оң қолым таза, аузым оймақтай? Келсем, құдайдың жазуымен келіп отырмын... Аяғынан келген дейтін шығарсың... Құдай сендей абиыры кеткеннен, орыс салдақылағаннан сақтасын!— деп бастырмалатып, аузынан көбігі бұрқырап жатқанда, Ақбілек шыдай алмай, еңіреп шыға жөнелді.

Сараны жетелей-метелей Ақбілек. ағыл-тегіл боп Ұрқиянікіне барды. Солығын баса алмай, ышқынып, кеңкілдеп отырып, естіген сөзін айтты. Ұрқия Ақбілекті алдына жатқызып, шашын сипап, аялап:

— Қойшы енді, қалқам! Қоя ғой енді. Со шіркінмен қайдан тіресіп қалдың? О бір көргенсіз адам ғой...— деп, уатып еді; Ақбілек уанбады: апасының жоқтығын, өзі масқара болғанын, бойына айырылмас пәле жабысқанын айтып:

—...Мен бір сорлы ғой!.. Менен сорлы кім бар дейсің?.. Бұдан өлгенім артық еді ғой!..— деп сұңқылдады.

Ақбілектің жылағанына көңілі босап, Ұрқия да жылады. Екеуі жылап-жылап, әбден сілесі құрып мауқы басылды...

Кешке таман «Әкең біліп қойса ұят болар» деп, көзі қып-қызыл боп ісіп кеткен Ақбілек пен Сараны Ұрқия ертіп үйіне апарып салды.

Балаларының мұндай күйге ұшырағанын әкесі көрмеп пе? Көрсе, оларға бүйрегі бұрмап па, дерсіздер. Иә, дейтін жөніңіз бар.

Еркек үйде отыра ма? Малға, шаруаға, бас-көз боп, көбінесе, далада жүреді ғой. Және біздің Мамекең секілді ел адамы төбенің басын, қораның бұрышын, қидың түбін босатпайтын әдеті ғой. Үйдегі қатын не деп жатқаны, бала не ғып жүргені олардың ойын пәлендей бөлмейді. Үйде басы ағарып отырған қатын бар; түзде малай бар. Ендеше, шаруа түгел деп есеп қылады. Үй ішінде мерездей шіріп жатқан бітеу жараға олар көзін салмайды. Зәуде көзі түсіп қалса да, көрмеген, білмеген боп жүре береді. Неге десең, қатын, баланың сөзін олар уақ, бос сөз көреді. «Қатын ит оттайды да — қояды; бала шіркін жыламай жүрмейді» деп, өздерін үй ішінің шыршуынан жоғары, ірі санайды. Еркек ұлы кеуде келеді ғой.

Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың! Өзіңді-өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай тұрып, туған анаң өлмесін! Жас жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай! Көкірегіндегі жылы жүректі, бауырмалдықты кім берді саған? Әлдилеген, аялаған, аяған, бабың болып бағып-қаққан кім сені?— Ана, ана, мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-ұятты, көргенді бала болсақ, әкемізге бір есе, анамызға он есе борыштымыз. Тәжім еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Кеп жасасын аналар! Көсегесін көгертсін балалар!..

Өріктің бір-екі рет балаларға дауысы шығып жатқанын естіп, ақсақал:

— Қатын қойсайшы! Не керек баламен ұрсыса беріп...— деген болды. Ақсақалдың көзінше бәсеңдегенмен, оңашада қатын өзінікін қылып жүрді.

«Не дер екен?» деп, Ақбілек өгей шешесі жылатқан бауырларын әкесіне, жіберіп байқады. Әкесі:

— Әй, қатын-ай! Сені ме!..— деп әңгімесіне айнала береді.

Ақсақалдың қатынға сөйлей алмайтын да реті бар: жасы болса келіп қалды; қатыны мүшел жарым жас. Қатыны көзіне шөп салса, немесе, ұрам деп кетіріп алса — өлім ғой. Енді қартайғанда қатын сабап не барқадар табады? Бәрінен бұрын бұ қатын шаруасын тап-тұйнақтай ұқсатып отыр; қылғаны қолайына жағады. Мұндай қатын болмаса, үйі үй бола ма? Қатын ала беру оңай емес; қатынмен шатақтасып жату елден-жұрттан тағы ұят. «Менің осы ойымды білмей ме екен? Маған жаны ашымай ма екен? Балаларды қойғызса болмай ма... Шыршау шығара бермей...» деп ақсақал бір ауық Ақбілекке де ренжіп қоюшы еді.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий