Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ертеңінде түндегі бөтен қатын, алдақашанғы осы үйдің байырғы қатынынан жаман, ерте тұрып, төсек жиып, байға дәрет алғызып, орамал әперіп, шылапшынды шығартып, сыпсыңдап, қужаңдап, ажарланып түрегелді. Шәй ішкенде кешегідей Ақбілектің қасына отырмай, дастарқанның ана басына, ақсақалдың қасына, апасының орнына отырды. Астына төрт қабаттап көрпе салып алыпты. Ақбілек екі бауырымен дастарқанның бұ жақ шетінде қалды. Үш бала бір жақ, ана қатын бір жақ секілді көрінді. Қақ ортада, төрде әкесі отыр. Әкесі бұлар жақтікі бола ма, ананікі бола ма, белгісіз. Мына қатынның отырыс-тұрысы, лезде «бәйбіше» бола қалғаны, дастарқанның басына әкесіне жақын отырғаны, — бәрі де Ақбілекке ұнамай отыр. Бұ қатынды «Апа» деп атауға ындыны қаламай, енді не деп атарын тағы біле алмай отыр. Бірақ «Апа» демеске тағы болмайды: әкесіне қатын болды. О қатынға бола емес, әкесінің көңілі үшін, «Апа» деу керек. Қатын алу әкесіне лайық болды. Әкесіне лайық болған іске Ақбілек қарсы тұруға жол жоқ. Осылай болуға тиіс. Міне, Ақбілектің жұбанышы.

Өрік шаруақор қатын боп шықты. Шаруақорлығы ғой: белдемшесін байлап, жеңін сыбанып, соғымның ішек-қарнын аршыған қатындарға болысып ішекке жылтаң қарақ май жібермей, бір табаққа бөлек жинады. Ішекқарыншы қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да:

— Бері әкел, бермен?— деп, танауы желбеңдеп, астауға сала берді. Өрік қырындаған кезде, қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып:

— Мынау бір, ындызы жарымаған шіркін ғой!.. — деп күңкілдесті.

Қазы тілгенде, шұжық, қарта қылғанда, мүше бұзғанда, Өрік өзі қақайып қарап отыратын болды. Не құрлы Өрік қытымыр, күнтақты болған сайын, со құрлы қатындар да ерегісіп, ұрламайтын мүшелерден ұрлауға айналды.

Бұрынғыдай емес, малшы-құлшы да шөміштен қысым көрді. Есепке кірмей, емін-еркін тиетін ішек-қарын, өкпе, көтен, мойындар да қылға тізілді. Өрік ас салуда да шеберлік көрсетті. Бұрын соғым сойған күні бәйбіше марқұм ауылдың кісілерін шақырып, жылы-жұмсағын асып, бір тойғызушы еді; биыл о да болмады. Сүйтіп, Өрік бір жақ, ауыл бір жақ болуға айналды. Өрікке наразы болғандар Ақбілекке келіп шақты. Ақбілек бір-екі көрші қатынның сөзіне кірісіп:

— Апа, не қыласыз? Бұрын алып жүрген нәрсесі ғой,— деп еді.

— Ас-суда жұмысың болмасын! Бар, ісіңді қыл!— деп бетін қайырып тастады.

«Осы үйді тез байытуға келген ғой!» деп, ауыл үй, Өрікті жарадай көрді.

Оның бәріне де Ақбілек елең қылмас еді. Ақбілектің жанына бататын қылықтары да көріне бастады. Бір күні Сара бауырсақ сұраса, бере қоймайды. Бірдеңеге айналып жатты ма, кім білсін. Сара қыңқылдап, иығынан тартып, мазасын алып қоймаған соң, Өрік ашуланып:

— Сенің-ақ жыланшығың құрып тұра ма? Неткен бала өзі!— деп Сараны төбеге бір қояды. Сара жылап әкпесіне келеді. Ақбілек о жолы үндемейді. Тағы бір ретте аяғыңмен алашаны былғадың деп Сараны итеріп тастайды. Сара тағы жылайды. Ақбілек тағы үндемейді. Енді бір күні Қажікен байқамай қағып кетіп, лампының шынысын қиратып алды. Өрік желкеге бір түйеді. Онымен де қоймайды:

— Ой, қағынды! Ой, түйнеме келсін! Добалдай боп көзің шығып кетті ме? Көк шешек!— деп жаман, жаман қарғысты соғып жатқанда, Ақбілек кіріп келеді. Ақбілек мұндай қарғысты бұрын естіп көрген жоқ қой: шыдай алмай күйіп кетіп:

— Не қылды! Неңді бүлдірді? Баланы мұнша қарғап... Ауыл үйден ұят емес пе...— деп келе жатқанда Өрік кимелеп:

— Тәйт әрі, албасты, қатын қар! Сенікі не? Сен неге қыстырыла қалдың! Менен тумады дейтін шығарсың... Қарғамақ түгілі отқа тастап жіберсем де, менің қолымнан алатын кісі жоқ... Балаға ара түскеніңді көрсетпе!.. Паһ!.. Бауырың екен, көрдік! Көрермін бауырыңды ала кеткеніңді?.. Әлі-ақ кетесің байыңа!— деп, шаптығып, ит терісін басына қаптады. Ақбілек:

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий