Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Мана біздің «жақсылар» Әлдекейдің Мүсірәліні мазақтағанына, Жынды қараның буаз матушке болғанына мәре-сәре болып, жылы үйде майға тойып, «Құдай берген кісі ғой!» деп, байды мадақтасып жатқанда, Қойтеке: «Иттің малы... ақ шелек!» деп, егіле еңіреп, үсіп өлгелі келе жатыр еді.

Қойтеке жаурап келіп, ұшып жығылғанда, «Тоңып қалды-ау!» деп аяудың орнына манағы қойшы:

— Торшолақ қайда?— деп сұрады.

Өзі ыңқылдап-күрсілдеп, беті албырап жатқан Қойтеке:

— Қалды далада...— деуге мұршасы келді.

— Жұрымың құрғыр-ау! Оны неге тастап кеттің? Қасқыр жеп қойса қайтесің, — деп, қойшы қоңқылдап, жер-жебіріне жетті.

Қойтеке не жауап қайырсын: өзі бойын жылыта алмай, танауы тарс бітіп, дөңбекшіп жатқан кісі. Тек бәйбішенің «қаттысын қайырып, жұмсағын жұмырып» жаңа болып келген шешесі:

— Қойтекемісің? Ac жедің бе?.. Heғып жатырсың? — деп сұрады.

Баласының ыңыранып, тісін шықырлатқанын естіп шешесі:

— Ой, саған не болды?! — деп қасына келіп, үңіліп еді, баласы ышқынып, солқылдап жылап қоя берді... — Соры қайнаған шіркін, сорың қайнаған екен ғой!..—деп шешесі де кемсендеді...

Сол жатқаннан Қойтеке тұрған жоқ...

Бір жұмадан кейін, таң сәріде төрт құлақты ескі бейіттің түбінен үш-төрт малай жерошақ қазып, жазған сорлының кішкене денесін қара жерге тапсырды.

Мамырбай ақсақал таңертең тысқа шыққанда, сеңсең ішігін күміс кісемен шарт буынған Әбен бай екі қолын артына ұстап, үш жігітімен қара атты айналдырып жатыр екен; сыңар тағасы түсіп қалып, соған жаңа таға қаққызбақшы екен. Мамырбай ақсақал байға сәлем беріп, қасына таман келіп тұрды; байға сөз қатқалы:

— Тағасы түскен бе?— деді.

Бай «Не көріп тұрсың» дегендей, аттың аяғынан көзін айырмай:

— Е! — деді.

Бір жігіт аттың құлағы мен шаужайынан ұстап, енді бірі бүкпелеген аяғын сүйеп, үшінші мініскер жігіт шегенің тұқылын суырып жатыр екен. Мініскер бір шегені балғамен шегіндіргелі жатқанда, бай, тұрып:

— Оған болмайды. Кемпірауызбен суыр, — деді.

«Дуалы ауыз» ғой, кемпірауызбен оп-оңай суырылды.

— Үлкен үйде, ышқаптың астыңғы тартпасында, кішкене ақ жәшікте тағаның шегесі бар; бәйбішеге айтып, содан алты шеге әкел!— деп, бір жігітті жұмсады. Көз ілескен жоқ, жігіт барды да алып келді.

Жаңа шегені қаға бастағанда, ат шапшып, айнала берді. Бай бар ынтасын салып, еңкейіп, сығалап:

— Шынтағын соқтырма!.. Турасына кетпесін: шалқайта қақ!— деп, жігіттеріне қадағалады. Байға кім сөз қайырсын, бірі аттың қолтығын, бірі мойнын сипап: «Құр, жануарым, құр!» деп, атқа еңсесін салысты. Қаққан сайын, ат шапшып, секіріп тұрмады. «Байқа, байқаны» бай да көбейтті. Сүйтіп жүргенде, бүкпелі аяғы босанып кетті:

— Неге босатасың дурак! — деп, бай аяғын ұстағанға ұрысты. Жігіт таңдайын қағып, аяққа жармасып жатып:

— Шылбыр үзіліп кетті,— деді.

— Андағың қай шылбыр? Бері көрсетші!

Жігіт көрсетті. Бай шылбырды көріп?

— Кімдікі бұ жаман шылбыр? Біздің шылбыр емес қой!— деп ақырды.

Ат басын ұстаған жігіт бұл аттың шылбыры кеше құрыққа тағылғанын, мына шылбыр қойшынікі екенін айтты. Бай:

— Құрықтың өз бауы қайда? Құрықтан о шылбыр неге алынбаған? Өз жүгеніне неге тағылмаған?— деп сұрады.

Жігіт құрықтың бауы үзіліп қалғанын, құрық жылқышыда кеткенін білдірді.

Бай кейіді:

— Шылбырды құрыққа таққан кім?— деп сұрады. Жігіт таққан кісінің атын атағанда, бай:

— Иттің баласы!— деді.

Бай «иттің баласы» деген кісіге бапты болмайтынын жігіттер де біліп, тым-тырыс болды. Үйткені ол зорын тапқанда байдың аузынан шығатын сөз ғой.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий