Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Бір күні Ақбілектің көңілін сұрағалы Ұрқия келді. Келмегелі бір жұма боп қалған ғой. Ақбілектің емшегі қайтып келе жатқан кезі еді. Өзі бүйтіп жатса да жеңешесіне құтты болсын айтты.

— Тәуір болған соң, бергелі жүр едім,— деп, Ұрқия бір қағаз берді.

Ақбілек ашып оқыса, Бекболаттың хаты екен. Ақбілек оқып болды да жылап қоя берді. Ұрқия сасып қалды:

— Ойбай-ау! О немене екен! Мен білмедім ғой... — деді. Ақбілек:

— Жай, әншейін,— деді жылап отырып.

Әңгіме былай: Мамырбай ақсақал қызын Бекболатқа бермеймін дегенін естіп, құдасы да айырылуға бет түзеген болатын. Бірақ әкесінің ол ойына Бекболат разы болмай, Ақбілекке: қайтсем де сені аламын — деп, бір-екі рет хат жазған, Ақбілек те бөтен ойы жоқ екенін білдіріп: тағдырдың не жазатынын қайдан білейін,— деп, ішіндегі дертін уайымдап жауап қайырған. Соңғы кезде Бекболат Ақбілектің екіқабаттығын естіген екен. Ауыл — үй білген хабар елге жайылмай тұра ма, соған нанарын да, нанбасын да білмей, Бекболат Ақбілекке хат жазып: жұрттың сол өсегі рас па? Рас болса, біржола түңілейін, әйтпесе,— деп сұраған екен.

Енді Ақбілек жыламай қайтсін, екіқабат болғам жоқ, бала тапқам жоқ деп, не бетімен айтсын? Көркембай кемпірдің үйінде жатқанын жұрт естімей тұрад дейсің бе? Өзге айтпаса да, Өрік шешесі елге жаяды ғой. Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты; кешегі баладан неге өліп кетпедім екен деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай көрді.

ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

МАХАББАТ

Арада бес жыл өтті...

Ертіс — үлкен өзен. Өре басы Қытайдан келеді. Екі қабағы ызғындай ел. Ызғындай елдің ортасындағы өнер-білімнің, сауда-кәсіптің, от арба, от кеменің тоғысатын кіндігі қара шаңырақ Семей. Семей бір гүбірне елдің миы: ақыл-ойдың табысы — Семейде. Семей бір гүбірне елдің жүрегі: Семей бүлік етсе, бір гүбірне ел бүлкілдейді.

Ертістің оң қабағында — Семей, солында — Алаш қаласы. Алаш пен Семей арасынан өткенде, Ертіс сауулы інгендей талтаяды. Талтайған жерінде арал пайда болады. Аралдың өнбойы сыңсыған орман. Жаз болса, орман жасарады, астына шалғын кілем төсенеді. Арал сәнденеді. Арал жанданады. Екі қаланың еті тірі еркек-әйелі қызылды-жасылды киім киіп, түрленіп, қайыққа мініп, сол Аралға — көкке шығады.

Арал толған ағаш. Ағаш арасы жол. Жол жиегі жасыл шөп пен түрлі гүл. Гүл әдіпті жасыл жолда иін тіресіп, ерсілі-қарсылы жүріп жатқан жан. Ағаш-ағаштың саясы топ-топ адам. Ол топта пәремішін кәрзеңкелеп, тәукеншіл самаурынын бықсытқан татар әйелдері де бар; орталарына қымыз қойып, қой сойып, жер ошаққа еттерін асып шымырлатып жатқан қазақ та бар; қыз қолтықтаған, гүл терген орыс та бар; арақ ішкен, мас болған, сырнай тартқан, өлең айтқан орыс, татар да бар. Ән-күй де, қызық-сый да, сұлу қыз да, сұлу қымыз да, махаббат та, карта ойыны да төбелес те, айқай-ұйқай да, ойын-күлкі де — бәрі содан табылады.

Күн жұма. Ақша бар ма? Әйда, Аралға. Ее қайықты! Әпкел домбыраны. Әміре қайда? Шақыр мұнда! Соқсын «Ардақты»! Сыңғыратсын Аралды! Көтерсін Семейді басына!.. Ай-хай, жасыл Аралым! Қызық еді-ау бір күнде! Әлі де солай ма екенсің? Біз Аралдан кеткелі көп айлар, көп жылдар өтіп барады. Сағындық-ау Аралды! Сағындық-ау Семей, Алашты!..

Сол Аралда, Алаш жақта, үлкен қарағаштың түбінде, Ертістің шымырлап аққан суына көз салып, көк теңбіл желек жамылған, аппақ шөлмектей бір келіншек отыр-ау! Өзге жұрт Арал кезіп, арақ, қымыз ішіп, қызыққа батып жатқанда, жападан жалғыз отырған неткен келіншек екен?! Тегі жәй емес қой; аузы жыбырлап, жынды кісіше өзінен-өзі сөйлеп отыр.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий