Knigionline.co » Казахские книги » Акбилек / Ақбілек

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов

Книга «Акбилек / Ақбілек» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман описывает реальные события о неспокойных временах казахского аула, их традициях и быте, отношении между собой, подробно описан непростой жизненный путь Акбилек. Это один из первых казахских романов, описывающих жизнь сельчан во время революции. Одной из главных проблем, поднятых в романе, является неравенство женщин.

Акбилек / Ақбілек - Жусупбек Аймаутов / Жүсіпбек Аймауытов читать онлайн бесплатно полную версию книги

Тарғыл шолақ сиырдың бұзауы еміп жатқанға жүгіріп барып, басын жұлып алып қараса, арам қатқыр, қақтап тұрып еміп қойыпты. Бүйірге бір нұқып, ашаға таман жетектеп еді, бас жібі шолтаң ете түсті, басын шайқап, таңдайын бір қақты да, жалғaп, байлап, қасқа сиыр мен өкіректі саууға кірісті, Алтынайдың жарылған күс қолдары жып-жып етеді, емшекті суыра тартқанда, сиырдың көтеншегін солқылдатады, сауған сайын сүт молайып, шелегі күр-күр етіп, ән салады, шелектің өнін тыңдап отырып, Алтынай қызыл бұзауына мықты бас жіп қайдан табылар екен деген ойға батады. Қойы жоқ үйге жіп-шу деген, нардың бұлы емес пе? Одан-бұдан шымқынып сұрап алған уысты құлақ жүн қайбір жарытады? Кіші ауылдағы Жамалдың апасынан сұрамаса, бұл ауылда атымен қой жоқ. Жап-жаңа, аттай бір бас жіпті таққаны сол еді, сыртқы ауылдың балалары ала қойып, кезін ағартып кеткені. Қолына құлғана шыққыр! Қайсысы ғана ала қойды екен?

Бір қолын шошайтып, шүу-шүулеп сиырларын қорадан аулағырақ айдап салған соң, Алтынай үйге келіп, шелектегі екі сиырдың сүтін қарақ табақ пен ескі сары тегенеге бөліп құйды. Жұқалап жайпақ ыдысқа құйса, қаймақ көп тұратынын, Алтынай алдақашан білген ғой. Не дегенмен Алтынайдың қолы берекелі қатын. Жылына тістей қатып, тырнақтап жүріп, үш сиырдан үш-төрт қарын май алады. Өліп бара жатсын аузына бір салмайды, қаймақ былғап отырғанда, Медеужанның алақанына да, бояу сатқан бақалшыға ұқсап, шымшып ғана салады, онда да зорын тапса. Аққа қалай аузы тиді, солай ірімшік, құрт қайнатам деп арпалысады. Оның есесіне қысты күні сорпаға, көжеге сарқасқа қылып құрт езіп, тойып алса, қора ішіне кемзелшең, көйлекшең шыққанда, бойы қыз-қыз қайнап жүреді. Майының артығын сатып, киім-кешек, ұн-шайға жұмсайды. Ауылдағы кексе қатындар шаруаға қырбай келіндеріне ұрысқанда, «Жидіген, шірік күң! Ана Алтынайды көрмеймісің, бит терісін биялай қып отырғанын!.. Қазақтың қатыны сондай келеді» деп ұрысатын...

Мұқаштың да көбінесе түзде жүріп, шалықтап, оған-бұған ұрына беретіні Алтынайдың арқасы ғой. Қатыны үйін тапжылтпай, бар-жоғын білдірмей отырғандікі де. Бірақ Мұқаш оның кәдірін біледі деймісің? Алтынай ырысы бар кедейдің маңдайына бітетін қатын ғой. Дүниеде байының тауып әкелгенін ұқсата алмай, ас-суында бір береке болмай, байын борышқа ұрындырып, бірін-біріне қоспай, қатынының салдыбалақтанып, ызыңдап отырар ма, кәпір! Одан қырсық не бар дейсің?'

Сүтін жайлап, ілегенін төгіп, күлін шығарып, ыдыс-аяғын жуып болған соң, Алтынай пештің түбіндегі шекпен қаптан қара аяққа үн салып алып, жүресінен отырып, тоқыраңдап бауырсақ иледі. Қолдары машинеше жыпылдап, дереу есіп, кесті де, шошалаға барып от жақты. Молданың үйінің үлкен бақырын әкеп, алқымына көсеу тіреп, қоңырсытып бауырсақ пісіріп отырғанда, талталаңдап, қалталаңдап, көзін ашып, жұмып, манаурап, жалаң бұт Медеужаны да келді.

— Тұрдың ба, сәулем?— деп, Алтынай оң қолымен қолтығына қысып, маңдайынан сүйді. Медеужан бақыраштағы қызара бөртіп келе жатқан, ортасы тесік жалпақай бауырсағына қарап:

— Апа, жалпағым... деп, ұрты салбырап, маңқиып аузын ашты.

— Иә, күнім, сенің жалпағың,— деп, апасы ши өткізіп, жалпағын қолына ұстатты.

Томпиған, маубас Медеу отқа борбайын қақтай, шүмегейі салбырап, жүресінен отырып, шидің екі басынан ұстап, аузын ыржитып, бетін тыржитып, ыстық бауырсақтың шетінен тістей бастады.

От маздап жанып, май шыжылдап, бауырсақ быжылдап жатыр. Медеужаны жанында. Енді Алтынайдың ойы: шайын қайнатып, күйеуін оятып, Медеужанын ортаға ала, ағасының тізесіне шынтақтап үшеуден үшеуі ыңсыз-шыңсыз отырып, оразасын ашу. Шайын баптап қайнатып, әбден ұйқысы қанды-ау дегенде «Әлгіні» оятып, Алтынай бұл арманына да жетті.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий