Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Біздің тілегіміз Мәделіханда емес, өзіңізде ғой, — деді Есенгелді байсалды үнменен.

— Иә, сіздердің тілектеріңіз менде, ал менің тілегім Қоқан ханында, сонда не болғаны? — Құшбегі аппақ тістерін көрсете күлді. — Аллатағала, дүниені домбыраның пернесіндей, бір үнді бір үнмен байланыстыра жаратса амал не? Алдияр тақсырдың не айтатынын кім біледі?

Саржан қабағын шытты.

— Бұл — бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде күйсандықтың кебі ғой...

— Иә, сол күй сандықтың кілті Қоқан ханының қолында емеc пе? — Бегдербек те қабағын шытты. Оның қалың қабағы жабылып, қайта ашылды. — Қысыр сөзді қайтеміз, одан да не тілейтініңізді айтыңдар.

— Кімнен.

— Мәделіханнан, менен.

— Біздің тілек өзіңізде, алдияр тақсыр құшбегі, — деді Саржан тікелей, — тілек біреу-ақ: сіздердің берген жауынгерлеріңіздің қандай ерлік іске бара алатынын біз ана жылы өз көзімізбен көрдік қой. Әрине айдалада жатқан қазақ елі үшін өзбек ағайынға жан қию оңай емес. Сондықтан қарамағыңыздағы Сыр бойын, Қаратау, Сайрам, Шу, бойын жайлаған Қыпшақ, Қоңырат, Шымыр, Ысты, Сиқым, Сыбан, Жаныс ауылдарынан сарбаз жинап елімізді, жерімізді қорғауға мүмкіндік беріңіз.

Жылқы жылы Арқаға Мәмет әлім құшбегі қалың әскерді бастап барып, ар жағынан патша солдаттары шыққанда Ташкентке қарай қашқанын Саржанның сөз етіп тұрғаны құшбегіне ұнамады. Сол себептен ол қалың қабағын қарс жауып Саржанға түйіліп отыр.

— Сонда ол күш кімге қарсы шығады?

— Ақ патшаға, алдияр тақсыр құшбегі.

— Жалғыз ғана ақ патшаға ма?

«Жоқ, мұндай күш жиналса қазақтар ең алдымен Қоқан хандығына қарсы шығады. Оны Бегдербек жақсы біледі. Өйткені Россия империясынан гөрі бұлар-

ға қазір Қоқан, Хиуа хандықтарының тегеуіріні батып отыр. Құшбегі мұны да біледі. Иә, Россия империясы әзірге қазақ жеріне бекіністерін салып, өкіріктер арқылы біртіндеп өз ықпалын таратып жатыр. Ал соңынан бүкіл қазақ жерін біржолата басып алмақ. Түбі өзінің меншігіне тиетін ел болған соң, қазір бірден салық жағынан да қан қақсатып отырған жоқ. Ол сондықтан да бір мың сегіз жүз жиырма екінші жылғы уставы бойынша Орта жүз өкіріктерінен алатын мал салықтарын да жинауды кешіктіріп келді. Ал Қоқан, Хиуа хандықтары болса, олар қазаққа қандай қиянат жасамады десеңші! Бір ғана Шымкент уәлаятынан өзі өткен жылы сексен мың сом күміс ақшамен зекет алған жоқ па. Ал хараж салығынан келетін пайданы қайда қоясың? Он бес, жиырма тақип жер бір қош болады. Бір қоштан жылына орта есеппен елу бес пұт бидай хараж алынады. Сонда әр уәлаяттан ең кем дегенде қырық мың күміс ақшадай пайда түседі. Бұл — бұл ма, Мұхамбет пайғамбардың діні бойынша әр қырық қойдан бір қой садақа алынатын болса, біз әр үйден жылына алты қой садақа алмаймыз ба? Ал шөптен, көмірден, сексеуілден алынатын хараждарды қайда қоясың! Хараж бен зекеттен басқа да пайда аз ба? Олар бекіністердің қабырғаларын, қақпаларын жөндеулері керек. Қоқан бектерінің бау-бақшасын, салған қауын-қарбыздарын қарап, ал соғыс бола қалса, өздерінің ат-көлігімен, қару-жарағымен төлеусіз-құнсыз қызмет істеуге міндетті.

Осы салмақтың бәрін де қарамағымыздағы қазақ ауылдары көтеріп келе жатқан жоқ па? Иә, көтеріп келеді... Бірақ үнін шығармай жүр ме?

Бұған:

Келі түбім деп алады,

Кеусенім деп алады.

Ұтыра зекет деп алады,

Қошақ зекет деп алады.

Арқадан келген сор Найман

Аң-таң болып қалады, —

деп Жанкісі жыраудың Қоқан ханы әлімге айтқаны айғақ емес пе?..

Осылардың бәрін Саржан да, Бегдербек те біледі. Сондай қорлықты бастан кешкен қазақ әскер жинап басы қосылар жағдай туса ең алдымен ауызды Қоқанға салмағанда кімге салады? Бүгінгі күнге дейін шыдап келсе, онысы Қоқан Россия патшасына қарсы жәрдем берер деп сеніп келгені. Түбі ең күшті жауы Россия патшасы екенін Қасым төре балалары біледі. Егер оның отарлығынан құтыла алса, Қоқан хандығынан құтылуды оңай деп ойлайды бұлар. Сондықтан да жәрдем күтеді. Ал Қоқан хандығының берген жәрдемі ана жыл-

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий