Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

ғы... Мұндай жәрдемнен қазаққа келер пайда жоқ. Енді бұлар бізсіз бастарын қоспақ. Жоқ, басын біріктіре алған дұшпаның қайралған қылышпен тең, абайлап ұстамасаң қолыңды алып түседі. Іштегі шұбар жыланды асыраудың қажеті жоқ, одан дер кезінде арылған жөн».

Саржан сұраққа қарсы сұрақ қайтарды.

— әлде сіз біздің Россия патшалығымен ұрысқанымызды ұнатпайсыз ба?

— Бекер үйдейсіз, — деді сөзін соза құшбегі. — Егер мынау ақ сақалым орыстың қанымен боялса арманым жоқ. Бірақ қазір мәселе онда емес...

— Енді неде?

Бегдербек Саржанға күлімсірей қарады.

— Қазақта мақал бар емеc пе... «Өзім асыраған күшігім өзімді қапты» деген?

Саржан тұнжырап кетті.

— Қай күшік қай күшікті асырағанын анықтасақ нетті.

Құшбегі бұрынғысынан да күлімсірей түсті.

— Қазақта тағы да бір мақал бар емес пе, дастарқан қасында отырып қонақ аяғын алшақ көсілмес болар деген?

— Иә, сөзіңіз дұрыс, кей қонақ аяғы сонау Созақ, Сайрам, Ақмешітке дейін көсіліп жатқан жоқ па? Ондай масыл қонақ, масыл ағайынға аяғыңды тарт дейтін, әттең дүние-ай, күштің жоғы-ай!..

Бегдербек Саржанды сөзінен ұстады.

— Бас қосып, күш жинау дегендегі мақсатың сол екен ғо й.

Қызу қанды Саржан абайсызда от басып алғанын түсінді. Айтылған сөз, атылған оқпен тең, қайтып алар дәрмен қайсы. Осы ағаттығынан іштей ызаланып, сазарды да қалды. Ал Бегдербек болса жауының түпкі сырын оңай аш-

қанына мәз болып, енді шындап күлімсіреді. «Бас қосып күш алса, өзіңе тарпа бас салайын деп тұрған жауды қалай босатып жіберуге болады? Жоқ, кешірілген жау — ең қауіпті жау».

— Алдияр тақсыр, — деді енді Есенгелді сөзге кірісіп, — жерді шұқылай берсең шұңқыр болады, денеңді шұқылай берсең жара түседі... Елімізден, жерімізден айырылып жүргенде не етесіз біздің жанымызға жара салып? Россия патшасына қарсы шығамыз деп сізбен бірге бір қайыққа мініп едік, сол қайықтың бір жағаға жетуі керек те еді. Айран сұрай келіп, шелегіңді жасырма дегендей, шын ойымызды айтайық. Ташкенттік өзбек ағайынға сонау Сарыарқаның жерін қорға деу қиын, ал ақ патшадан тартып әпер деу тіпті орынсыз. Сыбырлап сөйлегенді құдай естімей ме, орыс солдатын жеңетін Қоқанда да күш жоғы өзіңізге аян. Сондықтан біздің өтінішіміз...

— Жаңағы Саржан мырза айтқан ғой?

— Иә, мал ашуы — жан ашуы, жер ашуы — ел ашуы. Қазақ ел болып бас қосса, кім біледі, бір кемерге жетіп те қалар ма еді, қайтер еді... Алдияр тақсыр, жаралы жолбарыс жарасыз жолбарыстан ер келеді. Біз қазір жаралы жолбарыспыз. Жауымызға аямай шабуымыз заңды.

«Иә, мен де сендердің жаралы жолбарыстай пиғылдарыңнан қорқамын, — деді ішінен Бегдербек, — сондықтан да сендерді темір шынжырда ұстау ең тиімді әдіс».

Бірақ Есенгелдіге өзгеше сұрақ берді.

— Жарайды, Қаратау, Шу, Сыр бойының қазақтарының басын қосуға біз рұқсат берейік делік. Сонда қолдарыңнан не келеді? Ол күш тым жеткіліксіз емес пе?

Орта Сыр, Шу, Сарысу қазақтарының басын қосуға сіздер мүмкіндік берсеңіздер, Аяқ Сыр, Арал теңізі, Үстірт, Маңғыстау қазақтарының бізбен бірігуіне Хиуа ханы қарсы болмас деген үмітіміз бар. Хиуа хандығының Россия империясынан қорғаныс ететін алдыңғы шебі қазақтың жері емес пе?

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий