Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Құп, тақсыр, — хан бетіне Бегдербек бүгіндікке алғашқы рет тікелей қарады. — Хан ием, Ханпадшайымның қонақ бөлмесі қасыңызда... Екі есік бір адызда... Күзетті екі есікке де қояйын ба, әлде тек адыздың сыртқы жағына ғана қояйын ба?

Хан оған сынай қарады.

— Өзіңіз қай жағына қойғыңыз келіп еді?

Құшбегі күлімсіреп төмен қарады.

— Тек сыртына ғана...

Хан да күлімсіреді.

— Онда... Сіздің айтқаныңыз болсын.

Құшбегі енді басын төмен иді.

— Сеніміңізге рақмет.

Мәделіхан енді өзін ұстай алмады. Құшбегімен келіскеннен кейін, бұдан арғы сақтықтың қажеті жоқ деп тапты. Ол бірден Ханпадшайым бөлмесіне қарай беттеді.

Сұлу тоқал шешесін көргенше асыққан Мәделіхан бұл сәтте өз ниетін ақыл елегінен өткізбеді. Бұл желік алты жыл өткен соң қандай қанды уақиғаға апарып соғарын ойламады.

Аяғын асыға басып сырлы есікке қалай таяп қалғанын білмеді.

Ал Бегдербек болса Мәделіхан кетісімен, бөтен адыз арқылы жесір тоқал жатқан бөлменің тұсына келді. Тек өзі ғана білетін жасырын тесік көзден ақ мамық төсектен ақ қайран санын жарқ еткізіп атып тұрып Ханпадшайымның кіріп келген Мәделіханға құшағын жая қарсы жүргенін, екеуінің ұмар-жұмар бола кеткенін көрді де, тесікті қайта жапты.

Ол дәл осы сәтте Есенгелді мен Саржанның өлімін Мәделіханға жауып, өзін Қасым төренің алдында айыпсыз етіп көрсете алатынына сенді. Бірақ бұл қанды оқиға осы түнмен ғана бітпеді. Ләшкәр мен Бегдербек құшбегі: «Сенің балаларыңның ажалына біз айыпты емеспіз, Мәделіхан айыпты, кел өзара келісейік» деп Қасым төрені алдап шақырды. Созақтағы Телікөл жағасында Ләшкәр өз қолымен басын кесіп Ташкентке алып келді. Бұл қантөгіс бір жылдан кейін болды. Ал қазір... Мәделіхан мен Қасым төренің балаларының бірдей қақпанына іліккелі тұрғанына құшбегі мейлінше шаттанды. Ол дым көрмеген адамдай аяғын асықпай басып қонақ қабылдайтын үйге қайтып келді. Бегдербек өзін күтіп отырған жендеттерге:

— Есенгелді мен Саржан мырзаларды хан шақырып жатыр деп ертіп келіңдер, — деп әмір етті. — Бірақ Саржанның беліндегі семсерді күні бұрын алыңдар. Ханмен кездесерде қару тағып кіруге болмайды деңдер.

Жендеттер келгенде Есенгелді, Саржан, Ағыбай, Ержан төртеуінен бөтен жігіттердің бәрі өздеріне берілген бөлмелерінде ұйықтап қалған-ды. Хан әмірін естіп, Есенгелді мен Саржан киіне бастады. Белбеуіне семсерін тағып жатқан Саржанға ақ сәлделі, қатқан қара ешік-аға:

— Ханзадаға қарумен кіруге болмайды. Сондай тәртіп бар, — деді жайбарақат. — Тастап кетіңіз... Қайтып келген соң тағарсыз.

Ешік-ағаның «қайтып келген соң...» деген сөзінен Саржанның көңілі сәл орнықса да, іштей, семсерін шапанының астынан бағана байлай алмағанына жаман өкінді. Сұлтандарды әрине ешкім де тінтпейтін еді ғой, ал алда-жалда қауіп туып қалғандай кез болса, қанды жүзді алмас семсер ең жақын серік емес пе...

Саржан семсерін баласына ұсынып:

— Беліңе тағып ал... — деді де бірдеңе айтуға оқталып барып кілт тоқтады.

Бұлар далаға шықса, аулада тағы алты адам тұр екен. Бәрі де қарулы. Бағанадан бері — үн-түнсіз жүрген Ағыбай кенет бірдемеден сескенгендей болды. Жау тиетінін жылқы ішіндегі жорыққа мінетін ат ең алдымен сезеді дейді қазақ, үнемі айқаста өскен Ағыбай бірдемеден сескенді ме, кетіп бара жатқан сұлтандарға:

— Біз де еріп барайық, — деп соңдарынан жүре түсті.

Бірақ ешік-аға алдын кес-кестеп:

— Хан ием, тек Есенгелді мен Саржан мырзаларды ғана қабылдайды, — деді тағы да жайбарақат үнмен, — өзгелерің ұйықтай беріңдер.

— әй, сен өзің... — деп Ағыбай ананы қолымен кейін сырғытып тастап, сұлтандардың соңынан жүре берем дегенде, Ержан қарынан ұстай алды да:

— Хан бұйрығы солай болса, жамандасып қайтесіз, Ағыбай аға, — деді қобалжып тұрғандарын жендеттерге сездіргісі келмей, — одан да ат жақты шолып қайталық.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий