Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

Ағыбай бөгеліп қалды. Аналар ұзап кете барды. Батыр тісін қайрап тұр. Неге екенін өзі де білмейді, бір мезет анау Есенгелді мен Саржан мырзаларды қоршап кетіп бара жатқан ақ сәлделі, қанжар асынған адамдарды қуып жетіп, семсерін оңды-солды сілтеп, бастарын қағып алғысы келді.

Заты момын Ағыбайға мұндай ашу қайдан пайда болды, өзі де білмейді. Кенет көз алдына баяғыда өткен бір алыс уақиға елестеді.

әкесі өлген жылы қыс қатты болды. Төрт баламен қалған Дәметкеннің бар күн көрері сүті бұлақтай боталы інген. Бір күні, үскірік соғып тұрғанда, ол кездегі Қарқаралы аға сұлтаны Тәуке ұлы Жамантайдың шабармандары келіп, Олжабай үш жылдан бері ақ патшаға шаңырақ салығын төлемепті деп жалғыз інгенді ботасынан айырып тал түсте алып кетті. Даладағы үскіріктен де жаман ақырған, қылыш асынған кілең қаныпезерлерге жесір әйелмен төрт жетім бала не істей алады, жылай-сықтай қала берген.

Өмірде Ағыбайға деген ең ауыр сын содан кейін басталған. Енесінен айырылған жас бота боздаса, ең үлкені сегізге келген Манабай, Танабай, Мыңбай үшеуі ботаның жанына барып қоса боздайды.

Төрт бейшараның даусынан Ағыбайдың сай-сүйегі сырқырайды. Солардың көз жасын көрмейін деп үйден далаға қашады.

Мұндайда азапқа шыдай алмаған Дәметкен бір күні Ағыбайға:

— Қалқам, мына төртеуін бүйтіп еңіретіп қоймайық, — деді. — Ботаны сойып алайық, балаларға аз күн қорек болсын, күзгі жалғыз тайыншаның еті таусылуға айналды.

Үш кішкентай баласы ұйықтаған кезде, Дәметкен ауыз үйге ботаны жығып, төрт аяғын байлап, Ағыбайдың қолына үлкен лөк пышақты беріп:

— Құлыным, обалы ақ патша мен Жамантайға бауыздай ғой, — деп, өз қолымен бауыздатқан ботаның ажалын көргісі келмей үйден шығып кетті.

Ағыбай пышақты алып ботаның жанына барды. Бірақ ботаның мөлдіреген көзіне көзі түсіп кетіп еді, ал кәні бауыздауға қолы барсайшы!

әлден уақытта «бауыздадың ба, құлыным!» деп үйге кірген шешесіне ол:

— Апа, ертең сояйықшы, бейшара бір күн болса да жүре тұрсын, — деді.

— Жарайды, қалқам, — деп Дәметкен көзіне келіп қалған жасын қолының сыртымен сүртті.

Ағыбай ботаны ертеңінде де бауыздай алмады.

Сөйткен Ағыбай, тіпті бейтаныс, жазықтары бары-жоғын білмейтін, сонау кетіп бара жатқан жасауыл жігіттердің бастарын шауып тастамақ. Бұл қайдан келген қанқұмарлық, жауыздық?

Жоқ, Ағыбай табиғатынан мұндай болып жаратылмаған. Оны жауды аямас-

тыққа да, ерлікке де үйреткен өзіне істеген қиянат.

Сол жалғыз түйелерін алып кеткен күннен бастап «шаңырақ салығын» сал-

ған ақ патша мен сол «шаңырақ салығы» үшін жалғыз түйелерін шабармандарына алдыртып, жас ботасын боздатқан Жамантай сұлтанға деген өшпенділік он үш жасар бала жігіттің жүрегіне қара қан боп қатқан. Сол өшпенділік Жамантай мен ақ патшаға қарсы Саржан тобына әкеп қосты мұны. Сол өшпенділік сансыз айқастарға араластырып жауына рақымсыз болуды үйретті. Міне бір кезде жас ботаны бауыздауға қолы көтерілмеген Ағыбай, қазір сонау топ адамды қырып салуға бар. Олар өз елінің жауы. Ал елге жау Ағыбайға да жау. Ондайларды бауыздауға Шұбыртпалыдан шыққан тас жүрек батырдың қолы дірілдемейді.

Ержан ойға беріліп кеткен Ағыбайдың жеңінен ақырын тартып:

— Ағыбай аға, аттарды бір шолып қайтайық, — деді.

Бұлар жылқы жаққа бұрылған кезде, сегіз жендеттің қамауындағы Есенгелді мен Саржан қонақ қабылдайтын бөлмеге кіре берді. Төрде тәспі тартып тұрған құшбегіне бастарын ие сәлем берді. Дәл осы сәтте сұлтандардың екі жағында тұрған екі жендеттің жалаңаш өткір қылыштары жарқ етіп жоғары көтерілді де, сыр етіп төмен ақты. Төмен иілген екі бас көтерілместен домалап жерге түсті. Бастарынан айырылған екі дене екі-үш аттап барып сылқ құлады. Екі үш аттап барып, аунақшып барып тынды.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий