Knigionline.co » Казахские книги » Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин

Книга «Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Кахар» повествует о победе казахского народа во главе с Абылай-ханом в XVIII веке над калмыцкими захватчиками. В книге описывается как Абылай пытался объединить казахский народ, образовать независимое ханство.

Кочевники ІІІ. Ярость / Көшпенділер ІІІ. Қаһар - Ильяс Есенберлин / Ілияс Есенберлин читать онлайн бесплатно полную версию книги

— Ел болып бас қосуды көксеп жүргендеріңде, өз бастарыңнан айырылдыңдар ма, сабаздарым, — деп құшбегі кекете күлді. Сөйтті де жерде жатқан Есенгелді мен Саржанның бастары мен денелерін көрсетіп: — бір-екеуің мыналарын зынданға апарып тастаңдар! Ал қалғандарың ұйықтап жатқан жігіттерін жайғастырыңдар, — деді.

Топ жендет әр бөлмеде алты адамнан жатқан үш бөлменің бірінен соң біріне кіріп он сегіз жігітті қойша бауыздап шықты. Тек Ағыбай мен Ержан аман қалды. Олардың бағына жендеттер ат қора жағына бармады. Ешік-аға сыртқы есікті күзетіп тұрған мосқалдау келген жасауылды шақырып алып:

— Сен барып әлгі екеуіне «сұлтандар келді» деп хабар бер деді.

Өздері есік алдында күтіп қалды. Қарулы Ағыбаймен кең аулада кездесуге жүрексінді.

Мосқал адам ерте кезде қазақ арасынан Қоқан хандығына сатылып келген құл болатын. Ағыбайды бауыр тартып, жасырын бір-екі рет тілдесіп те қалған. Ол көрші аулаға барысымен Ағыбайға болған уақиғаның бәрін айтты. «Алысқанмен құр қаза боласыңдар, тез аттарыңа мініп қашыңдар» деді. Ендігі айқас-

тың орынсыз екенін түсінген батыр жендеттермен ұрыспақ боп қылышын су-

ырып алып жұлқынған Ержанды еркіне қоймай соңынан ертіп, аттарға жайдақ міне сап ауладан шыға берді. Ұйқысынан шошып оянып, шылбырына жабыс-

қан күзетші жігітті, томардай аяғымен теуіп жеберіп, шалқасынан түсірді.

ІV

Күншығыс жақты сынық тағадай қоршай көмкерген кәрі Қаратау алыстан қара-қошқылданып көрінеді. Кей тұстары ат жалды, түйе өркештеніп ирелеңдеп жатыр. Селдір бу, жеңіл тұманнан ада, ашық аспанмен аймаласқан қатпар тасты қырқа, адыр үсті көгілдір тартады. Кешкі зауал шақ. Ақырғы сәулесін жартас басында ойнатып, күн де батып барады. Қаратаудың батыс жақ еңісінде иін тірескен қалың ауыл отыр. Аралары, ұрыс кезіндегідей, жақын. Қыз емшектеніп қатар келген жақпар тасты қос адырдың қойнауынан бұлқып атып мөлдір сулы жіңішке өзен ағып жатыр. Осы өзеннің сағасын құлдилай алқақотан қонған ауылдың үстінен бықси жанған шала тезектің түтіні көкке көтеріледі. Көл жағасына өлең қуа қонған көп ауылдың біреуі ғана кілең ақ үйден. Өзгелерінің дені көнетоз бозғылт, қараша үй, тозығы жеткен лашық, күркелер... Сырт көріністеріне қарап бәлендей бай деп айту да қиын. Кешкі жайылыстары бірімен бірі қосылып кеткен әр ауылдың тұсында ойдым-ойдым түйе, қара мал. Тек көгілдір далаға бұраң-бұраң шимай салып аққан жіңішке өзен бойында сонау төмендегі жалтыраған көл жағасында шашыраған тас тәрізді жамыратып жіберген қозылар мен бірге бірталай қой-ешкі көрінеді. Одан әрі Қаратау қойнауына қарай бозаң, қылаң түсті үйір-үйір жылқы ала-құла боп өріп барады. Көбі жарау, құлынды жылқы аз. Шамасы олар алыстағы жайылымда тәрізді. Ал мынау құлын-тайлары ауық-ауық бүйірден бөліне шапқан шағын жылқы сауынға арнай ауыл маңына ұсталған тәрізді. Сойыл, құрық ұстаған он шақты жылқышының анда-санда құр-құрлаған айқайы тынық кеште сампылдап естіледі.

Бұл екі жыл бұрын ата-мекен Қаратау қойнауына, осы жақта қалған Қоңырат, Қыпшақ рулары мен Бестаңбалы жеріне көшіп келген Қасым төре мен Алты, Тоқа, Алтай, Уақ ауылдары еді. Сонау ортадағы бозаңынан ақшылы басым елу үй Қасым төренің ауылы. Абылайханның бел баласының бірі болға-

нымен Қасым төре асқан шонжар емес, сондықтан бұл маңда өрген малдың да қарасы оңай-ақ көзге түседі. Уақ, Тоқа, Алты да Арғынның өзге руларына қарағанда шағын ауқатты рулар. Оның үстіне Арқаның көк шалғынына үйренген мал, Қаратаудың ши мен көкпек араласқан бозаңын жерсінбей, бәлендей өрбіп, өсіп кете алмаған.

Осы ауылдардың Қазықұрт жағындағы бір биік төбе басында бір адам тұр. Қой-қозысы маңырап, балалары жылап азан-қазан болып жатқан ылдидағы жұрттан қашып шыққандай.

Сонау көз ұшында ноқаттай болып көрінген көк тұйғындай қиялы әлдеқайда алыстап кеткен.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент
Оставить комментарий