Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Он алты, он жетіге жеткенде жас

Жәннаттың пісіп тұрған алмасындай,

Қол жетпес, қандай жігіт ләззат алмас

Сұлу қыз рақаттың кілті емес пе?

Қолына түсіре алсаң, бардағы аш.

Тізілген меруерттей отыз тісі.

Нұрлы жүз, жайнаған көз, қиылған қас.

Шекеде камшат бөрік, киген асыл,

Сылдырлап алтын шолпы, иықта шаш

Бұралған тоты құстай мүшелері,

Бозбала сұхбаттасқан болмай ма мас.

Қатасыз осы айтқандай болып тұрса,

Жолында сондай қыздың қияр ем бас

Болатын мақсұт хасыл жол табылса

Тәрік етіп қандай жігіт малын салмас.

Серт айтып уағдамен бел байласа

Айтар ма жақсы жігіт жұртқа сыр фаш?

Талапкер бозбала айтқан сөзім

Сөз емес мұның бәрі өзіне хас

Кеудеде жанып тұрған оты жоқтар

Қадірлеп бұл сөзімде, демес рас

Шәрбатын ғашықтықтың татпағандар

Ант беріп айтсаң дағы сірә нанбас

Шаһбазлар сүйген үшін ізденуден,

Көрсе де нендей қорлық, бір тартынбас

Жанған от, көздеген оқ тұрса дағы,

Сескеніп ғашық үшін жүрек қайтпас,

Магниті сұлу қыздың күшті емес пе,

Жігітті көңілі сүйген қайтіп тартпас,

Астынан ақ тамақтың деміңді алсаң,

Мойныңнан ақ білекті қайтіп артпас?!

Ғали бұл өлеңді айтып болған соң, отырған ретінше Жамал айтты:

Сөйле, тілім, шешіліп осындайда,

Құрбылармен бір жерге қосылғанда.

Отырмассың үнемі төрде бүйтіп,

Еріксіз-ақ қоярсың тосылғанда.

Емес пе едік, япырым-ау, кеше бала

Білетұғын жастықпен есті шала.

Белгісі жок екен ғой өткен күннің,

Қатар түзеп қыз болдық, міне, қара!

Қыз байғұс ел-жұртына келген қонақ,

Мысалы, қызғалдақтай ғұмыры шолақ.

Күн келер өз басынан ерік кетер,

Қалалық осындайда күліп-ойнап.

Сөйледі Ғали мырза жігіт жайын,

һәркімнің халі өзіне тұрар дайын.

Қыздарды жігіттермен салыстырып,

Тыңдаңыз, мен азырақ сөз қылайын.

Жігіттің еркі өзінде - жылдың құсы,

Ұшса да, я келсе де отырғысы.

Мысалы, жазы болған жаққа кетер

Бір жердің қары жауып, туса қысы.

Қыз байғұс қолға түскен сандуғаштай,

Торында ғұмыры өтер кілтін ашпай.

Сатады мал көп берген кісі болса,

Кетеді жылап сорлы қарсыласпай.

Рақым етпес және ата-анасы,

Болса да жақсы көрген өз баласы.

Теңіне қыздың көбі бара алмайды,

Көнбеуге және дағы жоқ шамасы.

Қалайша тұрсын енді жыламай қыз,

Ерлерге қарсы келсек ұнамаймыз.

Тұтқында өскен жандай дүние көрмей

Жол іздеп ұлықтан ерік сұрамаймыз.

Жаманға барсаң қор боп ғұмыр өтер,

Ұстайды ол ақымақ күңнен бетер.

Күн шығып, ай да туып, көз ашылып,

Бұл қайғы қыз сорлыдан қашан кетер?

Кісінің туып-өскен жері қымбат,

Үйренген бала жастан елі қымбат,

Ата-анаң, аға-жеңгең қадірлеген

Тебіскен құлын-тайдай теңі қымбат.

Тастайды осылардың қыз һәммәсін,

Қор етіп бір жаманға ғазиз басын.

Өзінің сүйгеніне бара алмаса,

Қалайша енді олар сағынбасын.

Қыз бермек пайғамбардың сүндетіндей,

Ұзатпақ ата-анаң міндетіндей.

һәркімнің өзіне ерік берген жоқ па,

Алланың бұны дейміз құдіретіндей.

Сөзімде қата болса сөкпе, халқым,

Әшейін айтып өттім сөздің салтын.

Тұрған соң көзің көріп қиянатты,

Тартады уайымдап көңіл салқын.

IX

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий