Knigionline.co » Казахские книги » Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы

Книга «Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал» полная версия читать онлайн бесплатно и без регистрации

Роман «Несчастный Жамал» впервые опубликован в 1910 году, это прозаическое произведение, повествующее о судьбе народа. Роман принес популярность автору, стал культовым в литературе Казахстана. Это первый роман в литературе Казахстана написанный в художественной литературе.

Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал - Миржакып Дулатович / Міржақып Дулатұлы читать онлайн бесплатно полную версию книги

Келуіне жексұрынның бір ай қалды.

Мен де жоқ аға-жеңге мұңымды ашар,

Сырымды басқаға айтсам, жұртқа шашар.

Білмеймін апам байғұс не қыларын,

Жалғыз-ақ сенетінім - ақылдасар.

Аналық мейірбаны түссе егер,

Дұшпаннан құтылуға хайла табар.

Сенбеймін һеш кісіге мұнан басқа,

Керек атам, керек жақын ағайындар.

Жан досым, төрт-бес күнде жолығып кет,

Болса да сөйлесерміз нендей рет.

Өзің де қарап жүрмей ескере бер,

Көңілге кіргеннен соң мұндай ниет.

Келмедің он бес күндей, мен көп тостым,

Санаулы енді аз ғана біздің бос күн.

Қайырлы сағаттарда ескергей деп,

Хат жазған қалам қозғап Жамал досың.

X

Ғали бұл хатты оқығаннан кейін сол күні өзіне сенімді құрбылары Жүніс, Нұрмаш деген жігіттермен күн батқаннан түн ортасына шейін ауылдан аулақ бір оңаша жерде ақылдасқан еді.

Ғали:

- Мінекей жігіттер, бала жастан бірімізге сен деспей ойнап әскен құрбы едік. Қазірде демен мынандай бір қиялға түсіп тұрмын. Айтқан сертіне қыз жетіп, мен жетпей қалсам, маған тірідей өлім ғой деп ойлаймын. Мен тәуекел деп бұл іске басымды байладым, сендер не ақыл айтасыңдар? - деді. Әлгі жігіттер:

- Оның бізге несін айтасың, біздің сенен аянар еш нәрсеміз жоқ. Бұл заманда қыздың басында ерік бар ғой, азар болса малын алар, кім қызды тегін береді, - дегеннен кейін Ғалидың қуанғаннан екі көзі жайнап кетіп:

- He қылса да осы іске бір өнер-қайрат ете көріңдер, - деп, ертең тағы да ақылдаспақшы болып тарқасты. Бұл үшеуі ертеңіне һәм бас қосып, бұл жолғы мәслихаттары: әуелі Ғали Жамалға барып, оңашада әбден сөйлесіп, қай күні қашатындарын уағдаласуға қаратты. Көп кешікпей Ғалида бір күн түнде, Сәрсенбайдың аулының тұсындағы бір сайда, сүйіктісі Жамалмен келешекте бірге рақат ғұмыр өткізулерінің желісін сөйлеп тұр еді. Дүниеде бұл екеуі үшін бір жақтан істің ақыры нешік болады деген үлкен қорқыныш, екінші жақтан дұшпанның қолына түспей құтыламыз ба деген қуанышпен жүректері лүпілдеп, бірінің қолы бірінің мойнында болып, екі ғашық бір ойда еді. Май жұлдызы, таңқысқа, ай жарық, дүние тып-тыныш, жел жоқ, һауа жақсы, жаңа қонған

жұрт, көкорай шалғын, жапырақ гүлдердің иісі аңқып, біздің жастарды көріп тұрған жалғыз Алла, екіншісі аспандағы Ай мен Жұлдыз еді. Жан-жануар күндізден шаршаған секілді тынығып, жылқы жусап, қара мал күйсеп, анда-санда қой үріккенде ұйқысы сақ төбеттің маңқылдап үргені, кемпір-шалдың айтақтаған дауысы ғана естілуші еді. Бұл бейшаралардың да бозбалалардан «үнің өшсін» деген қарғыстан басқа алғысы жоқ еді. Махаббат мүптәл есіне душар болған сұлу қыздар елеңдеп ұйықтай алмай, тастан қатты шешесі есікті құлыптап, түңлікті ашып қойғанда:

Әттең айдың жарығы күндізгідей,

Ер жігіттің қадірін қыз білгендей,

Қыз байғұстың басында ықтияр жоқ

Есік ашып, досын үйге кіргізгендей,

- деген бір ауыз өлеңді іштерінен «уһ» деген күйінішті дауысқа араластырып айтып жатқанын қасына барып кім көрген.

Торғай шырылдап, таң белгі бере бастады, біздің сайдағылар қысқа таңның атқанын білмей қалған еді. Жамал Ғалиға айтты:

- Анау күнгі саған жазғаннан кейін менің өңім де бұзылып жүрсе керек, апам оңашада қайта-қайта: «Қарағым, неге мұнша сарғайып кеттің, сырыңды айт, бөтен ойың болса менен жасырма, мен сенің біреуге қор мұқтаж болмағаныңды ойламасам, саған жамандық тілер деймісің?» деген соң және апама сенген соң, бар сырымды сөйлеп едім: «Олай болса, қарағым, бетіңнен жарылқасын. Ғалиды мен жек көрмеймін, бірақ қайтейін, құдай тағала сені бір жаманға байластырып қойған соң», деп жылапта жіберіп, ақырында өзі бізді шығарып жібермекші болды, - деді. Бұған Ғали да бихисап қуанып, екеуі ендігі жексенбіге осы сайды белгі қылып, уағда байласты.

Перейти
Наш сайт автоматически запоминает страницу, где вы остановились, вы можете продолжить чтение в любой момент

Отзывы о книге Несчастный Джамал / Бақытсыз Жамал (1 шт.)

Шахида
Шахида
18 марта 2024 07:00
Есть ли перевод на русский?
Оставить комментарий